Бейсенбі, 30 Наурыз 2017
9 Қаңтар, 2017 сағат 00:44 46 - сөз 778 0 пікір

ХРУЩЕВ САЛЫҒЫ ҚАЙТА ОРАЛДЫ МА?

Асыра сілтеу болмасын,

Айыппұл төлемеген қазақ қалмасын!

Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы фильмде салық салудың Хрущев заманындағы өрескел бір түрі сыналады. Жоғарғы биліктің шешімімен үй алдында өсіп тұрған жеміс ағашына да салық салынуы тиіс екен. Соған күйіп кеткен Әбіш ақсақал қолына қайраулы балтаны ала салып, жеміс беріп тұрған ағаш атаулыны отап тастамайтын ба еді. 

Хрущев тұсындағы бюджетке ақша түсірудің осыған ұқсас тәсілі енді біздің елімізде де жүргізіле бастағандай. 

Қалаға жұмыс істеп нәпақа табуға келген қазақ енді жүрген-тұрған жерінде тіркелуі тиіс. Болмаса айып – 16000 тг. Үйіңе тіркеуде тұрмаған өз қазағыңды тұрғызсаң – 23000 тг айыппұл. 
Заңға қарсы емеспіз. Бірақ осы айыппұлдардың мөлшері неге сүйеніп, қайдан алынып отыр? Айыппұл дегеннің өзі халықтың айлық табысына байланысты салынбаушы ма еді. 30-шы жылдары қыста жүн салығын салған кез де болған. Малы жоқ үйге ет салығы, егін екпеген отбасына астық салығы салынған. Сөйтіп ашаршылық қолдан жасалған. 

Ал, қазір 50 мың теңге айлық алатын адамға қалай ұялмай сонша айыппұл төлетуге болады, а? Халықты аямаған өкіметтің халыққа керегі бар ма?

Жаңа заңның басты мұраты – бюджетті айыппұл арқылы толықтыру емес, халықтың ішкі көші-қонын іретке келтіру емес пе?

Нұрлыбек Сафин

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір