Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4337 0 пікір 6 Қаңтар, 2017 сағат 10:20

ҚЫТАЙ КҮЙЕУЛЕР КЕЛЕ ЖАТЫР


Қытайдың оқыған-тоқыған, мықты-мықты жігіттері қазақ қыздарына үйлену үшін Астанаға келе жатыр дей ме? Расында да Қытайда бала санын шектеудің салдарынан ұлдардың көп туғаны анық. Жалғыз баланы еркек кіндік, яғни мұрагер жасаудың небір айла-тәсілін қолданған ғой. Миллиард адам қойсын ба, сол айла-амалдарының бір проценті нәтижелі болғанның өзінде қанша ер бала дүниеге келеді десеңізші! Сөйтіп қазір Қытайда қыздарға қарағанда ұлдар саны көп. Олардың шет елден үйленетін жан іздейтін себебі бар.

Ал, бізде, жалғызбасты аналар мен отырып қалған қыздар баршылық. Бұл ресми санақсыз-ақ белгілі дүние. Қыз баланың біреуге жар болып, бала сүю - арманы. Сондықтан, ертең оларды қытайға тұрмысқа шықпаңдар деп қанша үгітте, ұрыс, айқайла - түк те шықпайды. Талай қазақ қызының оларға қосақ болып кететіні анық. Ең қиыны ол емес, ең қиыны сол қытайлардың ертең Қазақстан азаматтығын алу құқына ие болатындығы емес пе? Және олар күйеу баласың деп анау-мынау жұмысқа жегіп, мініп алатын әлсіздер емес, шетінен сен тұр - мен атайын, білімді, мықты жігіттер.

Сондықтан, біздің қыздар бір ғана талап қоя алса керек, қытай жігіттері ислам дінін қабылдауы тиіс. Мұсылман баласына ғана тұрмысқа шығамын десін. Ол қытай балаларын қазаққа мойын бұрғызатын жалғыз жол осы ғой деймін? Әйтпесе, өз ішімізден бөлек отау тігіп, диаспора қылып тұтастырмаудың басқа жолын көрмей отырмын. Осылай дұрыс болмай ма? Басқа жолы бар ма?

Серік Жанболат

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576