Жұма, 29 Наурыз 2024
Алашорда 6580 0 пікір 4 Қаңтар, 2017 сағат 15:38

ҚҰЛДЫҚ САНАНЫҢ ҚҰЛПЫН АШҚАН ТҰЛҒА

Тарих ғылымында өзі академик атанбаса да,  жасанды 10 академикке татитын    ағамыз еді. Ортамыздан  мәңгілікке кеткеніне 40 күн толғандағы  әріптес інісінің ойлары. 

 «Біз қазақ едік, Көк туы желбіреген, Жүрегі елжіреген. Көк бөрі ұрпағы едік, Көздері мөлдіреген. Біз қазақ едік, Кеудеге жалын берген, Ұл-қызға тәлім берген. Шынында біздер едік, Ары үшін жанын берген. Біз қазақ едік, Әрқашан ұлтым деген, Отаным, жұртым деген».

Ата-бабалардан қалған,  бүгінде өшіп бара жатқан осы  түсінік-ойды қайта оралтқан,  тарихи еңбектерді, шығармаларды өмірге әкелген ғұлама ҒАЛЫМ еді.

Зардыхан Қинаятұлы кеңес дәуірінде жалғандыққа толы бұрмаланып, тек мақтаумен, тапсырыспен жазылған тарихи оқиғалардың ақиқатын ашып, оларды шынайы  арнасына  бұрған тарихшы ғалымдардың бірі, әрі бірегейі,   қазақтың маңдайына біткен  бір-туар ұлтжанды азаматы болды.

Зардыхан аға секілді  тарихты  шетелдік деректерге сүйеніп шынайы, терең  жазатын тарихшы ғалым кемде-кем болды.  Ағамыздың ЗАРДЫХАН деп аталатын  өз есімі секілді, оның тарихшы ғалым ретіндегі жүрген жолы, жазған еңбектері де  дара, қайталанбайды.

Ол ұлт – Отан тарихын  жазуда орыстарға тәуелді болып олардың пікірін шындыққа балап, соған сеніп келген  құлдық сана концепциясын бұзды, қазақ тарихына жаңа самал, леп әкеліп, санаға саңылау енгізіп,  ұлтымыздың өткен шынайы-тың тарихын ғылыми айналымға енгізіп, оның төрінен ойып орын алды. Ол билікке емес,  Мұстафа Шоқай атасындай ұлтына қызмет еттіп кетті.  Кейбір тарихшылар секілді тапсырыспен  мақала, кітап жазған жоқ. Зардыхан ағамыздың жазған еңбектерін республика тарихшылары, мұқым қазақ халқы  мойындады.

Оның өз методологиясы,  бұлтартпайтын айғақ  деректерге  сүйенген   қағидасы болды, ол одан таймады. Қисық көшемен түзу жүре білді.

Ағамыз: «...Мен қазақтың жастарына сенемiн. Мен қазақтың кәрiлерiне сенбеймiн. Тiптi өзiме де. Неге десеңiз, бөлек психологияда тәрбиеленген адамның сана-сезiмiн кеңестiк идеология әбден билеп алған. Кәрiлердiң ұлттық мәселелерге мән бергiсi келмейтiнi сондықтан» -деп ақиқатты  атап айтқан ғалым.. 

Жағымпаздықпен  сатып алып, елге күлкі болатын   "Академик" деген атағы бар   тарихшы-акедмиктердің  10-ның, олар дайындап қорғатқан 20 шақты ғылым докторының еңбектерін  қосқанда Зардыхан    Қинаятұлының қазақ тарихына сіңірген еңбегіне жетпейді.

 Есенғазы   Қуандық  -

 тарих ғылымдарының докторы, профессор

 2017 жыл, 1 қаңтар. 

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3613