Сәрсенбі, 29 Наурыз 2017
Жаңалықтар 530 0 пікір

ҚР СІМ Түркиядағы террорлық актіге байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ыстамбұл қаласындағы (Түркия Республикасы) террорлық актіге байланысты мәлімдеме жасады.

«2017 жылдың 1 қаңтарында Ыстамбұл қаласында  болған террористік актіні қатаң түрде айыптаймыз. Осы қатыгез қылмыс арқылы терроризмнің кезекті әрекетінің куәсі болып отырмыз, дегенімен оның ұйымдастырушылары мен демеушілері міндетті түрде анықталып, тиісті жазаға тартылатындарына сенімдіміз»,-делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомоствосы қаза болғандардың отбасыларының қайғыларына ортақтаса отырып, жарақат алғандарға тезірек жазылуларын, ал бауырлас Түркияның билігіне және халқына терроризммен күресте күш-жігер, шыдамдылық пен табандылық тілейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Білгенге маржан

«ХАБАР» АРНАСЫНАН МЕРЕКЕЛІК ШАШУ (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Абай-Ақпарат 550
Әттең...

НҰРСҰЛТАН АТАМА ХАТ

Абай-Ақпарат 1748