Сейсенбі, 25 Сәуір 2017
2 Қаңтар, 2017 сағат 14:31 Мәйекті 2566 0 пікір

НАЙМАН ХАНДАРЫ ЖӘНЕ ШЫҢҒЫС ХАН

Найман хандығы жөнінде арнайы еңбек жазған адам, философия ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі қоғам қайраткері болған Сәбетқазы Ақатай марқұм еді.  Одан кейін Шыңғыс хан туралы жазған ғалым Қайрат Закирянов та, өзінің еңбегінде найман хандары жөнінде дұрыс пікірлерін айтып кетті.   Ең бастысы, әрине, Шыңғыс ханның найман хандарын бірін қалтырмай жойып жібергені жөнінде айтқаны еді.  Яғни, найман хандары тірі тұрғанда  Шыңғыс ханның өзін толық қанды хан санай алмағанын айтқан Қайрат мырза, нағыз тарихи шындықтың  бетін ашты десе болады. 

Тарихы ауызша тарған халық болғандығымыздан, біздер үшін шежіре деректері,  біздің ата-тегімізді айтып тұрған түпнұсқа болып келеді.  Тарихымызды шежіресіз айтқанымыз, жәй ғана болымсыз қиял болып калар.  Өйткені, түпнұсқасыз қиялдың ешбір қисыны болмайды.  Мәселен, Олжас Сүлейменов орыстың «кощей» дегенін «көшші» деп қиялына ерік береді.  Ал енді, осы «көшшінің» негізі, түпнұсқасы  қайда?  Көшпенділерді қашан, кім «көшші» деп атаған еді?  Жауап жоқ, яғни түпнұсқа да жоқ.  Ал енді, қазақ шежірелеріндегі Қосайдың, «Манас» жырындағы Қосайдың, араб еліндегі пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның бабасы Қосайдың, арабтардағы Қосай тайпасының атаулары  осы «кощей» дегеннің түпнұсқасы болады.  Бұл Қосайлар болғанда, біз орысқа не қылмадық?  Сондықтан да, олар  Қосайды кощей деп атап кеткен. Қосай дегеніміздің  екі ай дегенді білдіретіні белгілі.  Аспанда биылғы жылдай екі ай туғанда қыпшақтар орыстарға  қырғиша тигеннен кейін,  олар осы күнге дейін қызарған айдан  қорқады.  Өйткені, қыпшақтар «қосайлап» ұран салғандағы шыққан айлардың бірі қызыл болады.  Орыстар «Слово о полку Игореве» деген эпостарында Күннің тұтылғанын жаман ырымға санаған дейді.  Анығында, бұл жердегі мәселе Күннің тұтылғандығында емес, кешке жақын тұтылғанындағы Күннің Айға ұқсап кеткенінде еді. Бұл эпостың қара сөзбен жазылған  «Летописная повесть о походе Игоря Святославовича на половцев в 1185 году» атты нұсқасында: «Когда подошли они к реке Донцу в вечерний час, Игорь, взглянув на небо, увидел, что солнце стоит как месяц» деп айтылады.  Осымен қатар, Кощейдің аты славян мифологиясында Айға қатысты аталады.  «Лунный Кощей бессмертный» дейді, «Племя Кощеево спустилось на Землю с Луны» дейді.  «Славяно-Арийские Веды» дерегінде: «...Дажъдбог порушил оплоты Кощеев, что на ближайщей Луне находились...» деп айтылады.  Яғни, бұл жердегі «оплоты Кощеев», племя Кощеев» дегендері, әрине, «қосайлап» ұран салған қалың қол қаңлы-қыпшақтарды айтып тұр. 

    Ал енді, біздің бабаларымыз қаңлы-қыпшақтар, пешенегтер, половецтер Ай мен Күнге табынған халық еді.  Біздер үшін бұл екі аспан жарығының тұтылғандары жаман  ырымға саналмайды.   «Слово о полку Игореве»  жырында половец   дегендердің арбалары жөнінде: «крычатъ тълъгы полуношы, рци, лебеди распужены» деп айтылады. Яғни, «половецтердің арбалары үркіген аққулардай қаңқылдайды»  дейді.  Ал енді, біздер арғықазақ мифологиясынан,  арбаларының қаңқылдағандарынан (каңғ, каңғ)  көшпенділердің Қаңлы   атанғандарын білеміз.  Бұл жердегі аққуымыз да, қаңқылдаған арбамыз да қазақты білдіріп тұр.  Демек, «Құпия шежіредегі» «хасаг арбалы» қоңыраттардың да сол заманның өзінде казақ атанып жүргендері болғаны.  Аққу дегеніміз мифологияда патша әулетін білдіреді. Халха-маңғолдар қоңыраттарды Хун+арат, яғни аққу елі деп те атаған екен.  «Слово о полку Игореве» эпосында «пред полками касожскими» дегендері касогтарды, хасагтарды, яғни кай+сақ-қазақтарды айтқандары. Түрік қағанаттарынан кейін қаңлы, қаңлы елі (қанғ+арат-қоңырат) дегендеріміз жужандардың тілінде «теле» атауын алып кеткен. Теле дегеніміз де арба, орыстардың   «телега»  деген сөзі осыдан қалған.  Міне, найман хандығын құраған тайпалар осы Теле атты тайпалар бірлестігінен шыққандар болады.   Қаңлы-найман, Төре-найман дегендеріміз осылар.  Сондықтан, алдымен қаңлы атауы жөнінде сөз қозғалық.

    Махмұд Қашгари қаңлы  аталған  адамдардың қыпшақтардың арасындағы тектілер екендерін айтқан екен. Шәкәрім қажы: «Стамболдағы Осман түріктер қаңлы нәсілінен» дейді. Яғни, Осман империясының негізін қаңлының ішіндегі Кайыханның ұрпақтарының құрғандарын айтады. Бұл жердегі Кайыхан дегеніміз арийледің патшалық Кай әулетін білдіріп тұр.   Кеңес дәуіріндегі  зерттеуші ғалым, академик Бартольд: «...мусульманские  писатели 12-13 вв. употребляют слово канглы  и кыпчак почти как синонимы» дейді.  Өз еңбегінің екінші жерінде Махмұд  Қашғари: «қаңлы – ауыр жүк артылған екі доңғалақты арба» деп түсіндіреді.   Рашиден болса, қаңлылардың  Оғыздың ұрпағы емес екенін айтады.  Белгілі тюрколог  Кононовтың «Түркімен шежіресі» атты еңбегінен біздер қаңлы мен карлықтардың (арғын), қалаштардың түбінің түріктер емес екендерін түсінеміз.  Және де, Рашиденнен, «Оғыз-намэден біздер қаңлы дегендердің соғыс арбасының иелері екендерін түсінеміз.  Яғни, бұл деректерде олардың арбалары соғысқа қатысты аталады.   Демек, түбі түркі болмаған қаңлы-қыпшақтардың, қоңыраттардың түбінің,  Орта Азиядағы ең алғаш қосаяқты соғыс арбасына ие болған  арийлер екендерін түсінеміз. Бұлар ұлы көш кезінде Индия, Месопотамияға аумай, Орта Азияда сақтардың құрамында қалып қалған арийлер болады.  Қаңлы деген атаудың арбаға қатысын, кейін олардың Теле атанғанынан да түсінеміз. Қазақтың қаңғыру, қаңғыр, қаңғыбас сөздерінің де, осы арбаға қатысы бар. Яғни, арбаға отырып алып жер аралау деген мағынада.  «Қаңғ»  дегеніміз ескіде арба дегенді білдірсе керек.  Ал енді, орыстардың эпосындағы арбалардың қаңғырығын аққулардың қаңқылына теңегендерінен біздер, олардың  аққу елі қазақтарды (қаңлы-қыпшақтарды) жау санағандарын ұғамыз.  «Слово о полку Игореве» эпосын Николай Заболоцкийдің аударғанында:

                                И на стадо лебедей чуть свет,

                                Выпускал он соколов десяток.

                                И, встречая в воздухе врага,

                                Начинали соколы расправу,

    деп айтылады.  Бейбітішіліктің символы, құс төресі аққуды жау деп атаған, кезінде аққу-қаз елі қазақтардың  басқыншылығын көрген ежелгі орыстар ғана болар.

   «Қазақ ру-тайпаларының тарихын» жазған «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының тарихшылары: «Шежірелік тұрғыдан қарағанда да қазақ ру-тайпалары тағдырында анықталмаған мәселелер баршылық» деп өте дұрыс пікір айтқан.  Олардың осылай деп айтуларының себебі, шежіре деректерінің әртүрлі баламалар түрінде кездесетіндерінде жатыр. Наймандардың шығу тегіне қатысты көптеген негізсіз, ғылымнан аулақ жорамал-жорғылар айтылған.  Және де, найман атауына да қатысты неше түрлі лақап айтылады. «Сегіз-оғыздардың» наймандар емес екендерін айтатындар да бар. Сондықтан да, «Алаш» тарихи зерттеу орталылығының тарихшылары осы неше түрлі жорамал-жоғыларды айта келе, найманның түбінің қаңлы-қыпшақ екендерін тұжырымдайды. Қаңлылардың енді бір атауының каилар екендері олардың арийлердің  патшалық Кай әулетіне қатысын айтып тұр.  Қыпшақ дегеніміз Кави+шақ, яғни абыз-ақындық сақтар, не болмаса кіші абыз-ақындар деген мағынаны беріп тұр. Бұл Кавишақ дегеніміз қазақта қыбашақ, кыпшақ болып айтылып кеткен. Кави дегеніміз бастапқыда арийлерде абыз-ақын дегенді білдірсе, кейінгі Авестада патшалар әулеті дегенді білдіріп тұр. Кави дегеніміз де Каи болады. Жоғарғы Бартольдтің қыпшақ пен қаңлының синонимдер екендерін айтқаны осыдан болған. Демек, ертедегі мұсылман зерттеушілері  қаңлы мен қыпшақтың бір массивтің екі атаулары екендерін білген. Ал енді осы Кай әулеті шежіреде Қият деп аталады.  Яғни, бастапқыда Кай+ут, Кей+ут болған атауымыз шежіре деректерінде Қиятқа айналып кеткен. Найман хандарының тегі осы қият-жырхындардан болады. Керей Нығмет Мыңжанидің айтқанында бұл қият-жырхындар ежелде керейлердің құрамында жүрген. Найман хандары бұрындар каанбаалы, кейін жағалбайлы атанған қаракерейдің құрамындағы рудан шыққан. Бұл қият-жырхындар Қарауын деген жерде көшіп қонып-жүріп қаракерей атанған еді. Біздерде бұларды «хан тайпасы қаракерей» деп атайды.  Енді, осы тайпадан шыққан жағалбайлы жөнінде айталық.   

    Найман шежіресінде Найман шалдың лақап атының Өкіреш болғаны айтылады. Яғни, Найман шал жар төсегіне жатып өкірген соң  осылай атанған дейді.  Анығында, Өкіреш дегеніміз «бұқашық», не болмаса, Камал Абдрахман ағамыз айтқандай «кіші бұқа» дегенді білдіреді.  Алай да, біз бұл ұғымдардан Өкірешті расында да тайынша болды деп түсінбеуіміз керек. Бұл жердегі «бұқашық, «кіші бұқа» дегеніміз ұрпақ, тақ мұрагері деген мағынада айтылып тұр. Мәселен, найманның ұлы ханы болған Білгі бұқаның иналшық деген атағы болған. Шежіреден хабары жоқтар, әсірересе, тілі мен жағына сүйенген жазушылар осы иналшық деген атауды инаныш, иланшы деп айтып алады. Анығы, әрине, иналшық – тақ мұрагері деген мағынада. Бұл жерде Кай әулетінің тақ мұрагері деп түсінеміз. «Шық» жалғауы Кай әулетінің ұрпағы деген мағына беріп тұр. Осының дәлелі Отырарды билеген Қаиыханның иналшық деген атауында жатыр. Қайыхан қыпшақ болған соң, оның Кай әулетіне қатысы ешбір күмән туғызбайды. Шын аты Жағантуды болған бұл Отырардың билеушісінің Иналшық Қайыхан деген атағы, оның Кай хандар әулетінің тақ мұрагері, яғни ұрпағы  екенін айтып тұр.  Осы инал атағына қатысты наймандарды қырғыздан тараған деп айтатын суайттар бар. Қырғыздағы инал атағы осы қыпшақтардан келген.  Және де, қырғыздардың құрамында наймандардың, қыпшақтар мен шапыраштылардың, бұрынғы жалайырлардың бар екендері тарихта айылған. Олардың мықтылығы осыдан.  Мәселен, шежіре деректері Шапыраштының Абақ,Саяқ деген екі ұлының болғанын айтады. Абақ - керейлерге сіңген десе, Саяқ - Енисей қырғыздарына сіңген деп айтылады.  Шапыраштыының түбі де қаңлы-қыпшақ болады.  

    Сонымен, Өкіреш дегеніміздің бұқа әулеті екенін түсіндік деймін. Наймандағы Арық бұқа, Семіз бұқа, Білге бұқа, Бай бұқа, Тай бұқа, Кет бұқа деген тарихи тұлағалардың болғаны, Г.Н. Потанинның: «Часть найманов до сих пор считают себя потомками быка» дегеннін растап тұр.  Бұл жердегі әңгіме, әрине, арийлердің патшаларының бұқа төтеміне қатысын білдіріп тұр. Жағалбайлының шежірелік атасы басты Өкіреш – Қара бұқа болады. Таңбалары қаракерейдікі. Бұрынғы таңбасын орыс зерттеушілері «в виде летящей птицы» деген екен. Анығында, бұл таңба біздер «жеңіс» деп атап жүрген бұқаның мүйіздерін білдіріп тұрған  таңба болады. Қара бұқа дегеніміз сонау Египеттен келе жатқан, маңдайында үшбұрышты ақ таңлағы бар қасиетті қара түсті бұқа болады. Парсылардың патшалары қастерлеген қанатты қара бұқа да, қасиетті саналады. (священный бык). Бұл египеттік, сонымен қатар парсылық (арийлік), гректік, румдық Қара бұқаның арийлерге, олардың ұрпақтары жағалбайлыға қатыстарының дәлелін  біздер Алматы облысындағы Тамғалы тастардағы суреттерден табамыз. Бұл Қара бұқаны египеттіктер Апис деп атаса европада  Хапи деп атаған.  Осы Хапиіміз Кави, біздіңше Қаби болады. Міне осы Апис-Хапи жөнінде Плутарх: «Апис был произведен на свет лучом месяца» дейді.  Ал енді, біздер қазақ жеріндегі жоғарғы таңбалы тастардан жалғыз сәулелі Ай Тәңірінің сиыр малымен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанын көреміз.  Яғни, Плутархтың айтқанының негізі бізде жатыр.  Ежелгілердің ұғымында Қара бұқа даналық пен мемлекетшілдіктің символы болады. Египеттегі Қара бұқа мүсіндерінде оның маңдайындағы үшбұрышты ақ таңлақтың ұшының төмен қарап тұрғанын көреміз. Бұл жәй, Қара бұқаның арийлер қасиет тұтқан Ұлы сиыр ананың баласы дегенді білдіреді. (см. Мифическое значение треугольника). Ал енді, өзбек жерінде қалған Өкіреш шалға арналған құлпытаста бұл үшбұрыш таңбаның ұшы жоғары қарап тұр. Бұл жағдайда таңба «патшалық ұлылықты» білдіріп тұр. (королевское величие).  Бірінші жағдайда үшбұрыш таңба Айлық дегенді білдіріп тұрса, екінші жағдайда Күндік дегенді білдіреді.  Осыдан біздер бабаларымыздың Ай мен Күнге табынғандарын түсінеміз. Мәселен, наймандағы Садырлардың таңбасының,  басы толған ай кейпіндегі құйрықсыз сиыр екенін түсінеміз. Құйрықсыз сиырдың патшаны білдіретінін біздер қазақтардың ең алғашқы мемлекеттері Юечжи-Кушан (адай-қыпшақ) патшалығының алтын теңгесінен көреміз. Ондағы патшаның бір қолында ноқта, екінші қолында Кай әулетінің, кейін Шыңғыс хан малданып кеткен үш аша таңбасы ұсталып тұрса, артында құйрықсыз Өкіреш тұр. Міне, осыдан біздер шежіредегі Найман шалдың Өкіреш деген лақаб атының патшалық ұлылылқты білдіріп тұрғанын түсіндік деймін. Яғни, ұлы мәртебелі Өкіреш. Осымен қатар, қазіргі таңда біздердің «шөміш» деп атап жүрген таңбамыздың анығында «ноқта» таңба екенін, үш аша, яғни түбіне аттың жалы байланған айыр таңбаның жалайыр таңба екенін, және де бұл таңбаның Кай әулетінің таңбасы екенін түсінеміз. Айыр таңба - Ай Тәңірін білдіреді.  Тамғалы тастардан біздер осыны да көреміз. Ноқта таңба мен жалайыр таңба жөнінде тоқталып жатпаймыз, өйткені, бұл жөнінде менің жарық көрген бірнеше мақаламда нақты айтылған.

    Кай әулетінің өкілі Дубун-Баянның есік алдында жетілген жалшыдан туған Боданжардың ұрпағы Шыңғыс хан осы әулеттің рәміздері мен нышандарын малданып кеткенімен қоймай, шежіре деректерінде Кай әулетінің өкілдерін, яғни кеянидтерді, ноқта таңбалы, жалайыр таңбалы тектілерді құл-құтандарға айналдыртып жіберген.  Казақтардың: «Келелі елде қаңлы бар, қаңылдан хан көтер», «Қаңлыдан өзге хан болмас» дегендері Кай әулетін айтып тұр. Осымен қатар бабаларымыз: «Қаңлы көнбей, хан сайланбайды» деген екен. Не болмаса: «Қаңлы отырған жерде хан да бата бере алмайды» деп айтылады.  Кай әулетінің ұрпақтары найман хандарының батасын ала алмаған Шыңғыс хан, кеянидтерге жатпайтын  керей Оң ханның батасын алған екен. «Батамен ел көгерер» дегендей, кеянидтердің батасын алмаған Шыңғыс ханның ұрпақтарының Бұқар жырау айтқандай «құрт-құмырсқа, бақа шаянға» айналып кеткендерінің себебі, оның батасыз хан болғанында жатыр.  Найман хандарының бәрін өлтіртіп, Иналшық Қайыханның көмейіне қорғасын құйдыртқан Шыңғыс хан, әрине,  өзінің жалғанаттылығының ізін суытпақшы болған. Өйткені кеянидтер оның тексіз екенін, яғни ұлы мәртебелі Өкіреш, жалайыр, ноқта ағасы емес екенін жақсы білген. Отырар кітәпханасын жоғалтып жіберген де, Шыңғыс хан болар. Өйткені, онда міндетті түрде Кай әулеті жөнінде ауқымды деректердің болғаны хақ.  Найман хандарының канцеляриясын басқарған Тататоңғы ұсталғаннан кейін Шыңғыс хан, бұл хандардың да шежірелік деректерін жоғалтып жіберген. Тексіз Шыңғыс ханнан «Құпия шежіре» қалғанда, нақты тектілерде  шежіре болмаған дейсіздер ме? Кезінде, алтын тақта отырып, алтын ғасыр өмір сүрген, мөрлеріне дейін алтыннан соқтырған найман хандарын оның идеологтары шежіре деректерінде үміті өшкен, жалғыз ұлынан айырылып, 90 жасында Белгібайды таптырамын деп  жар төсегінде өкірген Найман шалға айналдырып жіберген.

    Наймандар Өзбек хандығының да, Казақ хандығының да құрылуына белсене қатысқан.  Қабдеш Жүмәділ ағамыз найманның шежірелік аталарының бірі Төлегетайдың Қазақ хандығын құрысқанын айтып жүр. Бұндай шежіре деректерін ол кісінің қайдан алғаны маған белгісіз. Анығында, Төлегетай Өзбек хандығын құрысқан тарихи тұлға болады. «Тарихи Әбилхаир хани» атты деректе Төлегетай – Тунгачук Тулу ходжа найман деген атпен кездеседі. Бұл жердегі тунгачук дегеніміз – тұңға шік, яғни Батыс өңірін билеген еркін қолбасшы, абыз дегенді білдіріп тұрса, Тулу дегеніміз Төле, ходжа дегеніміз аңызда айтылғандай, Қылышты қожаның қызын алып қожа атанғанын білдіріп тұр.  Төлегетай дегеніміз Төле қытай, яғни Күшлік  ханның қайын жұрты қарақытайлар алып қалған баланың ұрпағы. Сондықтан, шежіре дерегінде «қытай» деп анықталған. Шежіре деректері найман шежіресіндегі Төлегетайдың, Сарыжомарттың, Ақсопының маңғыт билеріне барып, тұтқынға түскен Әбілқайыр сұлтанды шығарып алып хан көтергенін айтады.  Бұл шешім, Барақ ханның ұрпақтарымен жауласқан маңғыт билеріне де қолайлы болды.  Шибан ұылысына жататын Әбілқайыр ханды маңғыт билері осындай шартпен тұтқыннан босатқан болса керек. Тарихи деректе Саржомартымыз – Сары усман украч (өкіреш) найман, Асопымыз - Ак суфий найман деп көрсетілген.  Бұларды Масхуд бин усман Кухистани Әбілқайырды хан көтерген тоғыз таңбалы найманнан шыққан тоғыз арыстың қатарында атайды. Бұл хандықтың Өзбек аталуына қатысты ғалымдар екі нұсқаны айтады. Біріншісі, Өзбек ханның құрметіне десе, екінші нұсқада бұл хандықтың өздерімен өздері болған соң, өз өзіне бек, яғни өзі бек дегеннен болған дейді. Анығында, бұл хандықтың аты - тасқа қашалып жазылып қалған Найман хандығының өз атауы Өзбекке қатысты қойылған, Әбілқайырды «қуыршақ хан» ретінде наймандар көтергенде. Кейін, Әбілқайыр хан ер жетіп билікті өз қолына ала бастағанда, наймандар оған қарсы болып, Жәнібек пен Керей сұлтандарды қолдап, Әбілқайырдың қалмақтармен соғысына қатыспай қойғандарынан кейін, хан қалмақтан жеңіліп абыройдан жұрдай болған. Бұрыннан да жауынгершілігімен ерекшеленетін Наймандар Шибан ұлысында көп тайпаның бірі болмай, бірегейі еді. Осының ақыры, найман Қаптағай бастаған наймандардың алты алаш тайпаларының басында Шу өңіріне ауып кетуімен аяқталады. Сондықтан да, Қаптағай батырдың аты Қазақ хандығының негізін салды деген Жәнібек пен Керей сұлтандармен бірге аталады. Өзбектерде қалған наймандар, Сопы мырзаның бастауымен Араб-Мұхамед ханды өлтіріп, оның орнына өздерінің келесі «қуыршағы» Хысрауғазы сұлтанды қоймақшы болады. Хысрауғазының есімі де оңды еді, өйткені, оның аты кеянидтік Кей Хосроу патшаның құрметіне қойылған болған.  Алай да, үйсіндердің опасыздықтарынан бұл жоспар іске аспай қалады. Сопы мырза жағалбайлының Мырза руынан еді. Қазіргі өзбек едінде қалған наймандардың құрамында жағалбайлының бар екені белгілі.

    Сонымен біздер, найман хандар әулетінің, яғни кеянидтердің Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын жасағанын түсінеміз. Қаптағай батыр мен арғын-наймандар болмағанда, Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайырдан бөлініп кетулері  мүмкін болмаған. Шежіреде: «Сарманайдан Ақжол, Ақсопы. Ақжолдан Арғын, Ақсопыдан Найман. Ақжолдаса Арғын қалмайды, Ақсопыласа Найман қалмайды, екеуі Сарманайлап қосылса, басқаның тамтығы да қалмайды» деп бекер айтылмаған.  Сарманай дегеніміз сары+ман, яғни сары қаңлы, Осман империясын құрғандар екендерін айтып тұр.  Каилар, яғни сары қаңлы кеянидтер құрған Осман империясын монархтар әулеті ретінде әлем мойындаған да, Шыңғыс ханның әулетін мойындамаған, мойындамайды да. Гришка Отрепьев пен Емельян Пугачевтар жалған патшалар әулетін құрмақшы болғандарында осы Шыңғыс ханнан үлгі алған. Иә, менің талай жерде айтқанымдай, орыстар біздердің тарихымызды біздерден артық біледі.

Қайрат Зарыпхан, шежіретанушы

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2312
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3141