Жексенбі, 19 Қараша 2017
Жаңалықтар 839 0 пікір 1 Қаңтар, 2017 сағат 13:13

Армения 2017 жылы сәуірде парламенттік басқару формасына өтеді

Армения президенті Серж Саргсян 2017 жылы 2 сәуірде парламент сайлауын өткізу туралы қаулыға қол қойды, саяси науқаннан бір жылдан соң Армения қазіргі жартылай президенттік формадан парламенттік басқаруға өтеді, деп хабарлайды Reuters.

2015 жылы желтоқсанда Армения тұрғындары президенттің билігін шектеп, үкіметтің құзыретін күшейтуге арналған конституциялық заң жобасын референдум арқылы қолдады. Президенттік мерзім бес жылдан жеті жылға дейін ұзарды, бірақ оның құзыреті шектелді.

Оппозиция бұл заңға қарсы шығып, Саргсян премьер-министр қызметіне ауысу арқылы билігін сақтап қалғысы келеді деген күдіктерін айтты. Саргсян мұндай айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Саргсян президенттік қызметте 2018 жылға дейін отырады. Одан соң ел парламенттік басқару формасына өтіп, президентті парламент сайлайтын болады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10074
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18181