Сәрсенбі, 29 Наурыз 2017
Мәйекті 2060 0 пікір

2016 ЖЫЛ НЕСІМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ?

Міне, ресми күнтізбе бойынша тағы бір жыл аяқталып жатыр. Осыдан ширек ғасыр бұрын еліміз төрткүл дүниеге өзінің тәуелсіздігін паш етіп, қазақ оғыланы Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына, «Семей полигонының» жабылғанына ширек ғасыр толды. Рас, өтіп бара жатқан 2016 жыл қазақ үшін айтулы даталарымен бірге, күтпеген жағдаяттарымен есте қалды.  «Abai.kz» порталы солардың бірсыпырасына шолу жасап көрген еді.

Әуелі 2016 жыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына тұп-тура 25 жыл толды. Бұл тарихи дата ел көлемінде, одан қала берді дүниежүзі ауқымында аталып өтті.

Атыңнан айналайын, азаттықтың тегін келмегені белгілі. Қазақтың қайсар ұл-қыздары желтоқсанда Кеңестің кесір қоғамына қарсы шықты. Қазақстанды шеттен келген шүрегейдің билеуіне жол бермеді. Міне, биыл сол оқиғаға 30 жыл толды. 1986 жылы 17-18 желтоқсан күндері СОКП Орталық Комитетінің шешіміне қарсы шыққан қазақ жастары бейбіт ереуіл жасап, Алматы қаласындағы Орталық Алаңға жиналып, наразылықтарын білдірді.  Мұндай қарсылықты күтпеген отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйе бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарын аяусыз жазалау операциясын жүзеге асырды. Бұл кеңестік империяның жымысқы саясатын, шағын халықтарға қарсы жүргізіп келген опасыз саясатын жария еткен алғашқы көтерілістің бастауы болды.

Биыл ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толды. Алаш көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері, журналист, ғалым, халқымыздың ардақты ұлы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. ЮНЕСКО-ның 2015 жылы 18 қарашада Парижде аяқталған Бас конференциясының 38-ші сессиясында осындай қаулы қабылданған еді.

(http://abai.kz/post/view?id=7020, http://abai.kz/post/view?id=10954, http://abai.kz/post/view?id=6955, http://abai.kz/post/view?id=6447.)

ХХ ғасыр басындағы қазақтың оқыған азаматы, Алаш қайраткері Барлыбек Сыртанұлының дүниеге келгеніне де биыл 150 жыл! Барлыбек – патшалық империяның қысымы мен езгісіне қарсы күрескен, отар елдің бодандық қамытынан құтылып, жеке дара ел болуын аңсап өткен ер еді...  Өмірзая! Қазақтың алғашқы Конституциясын дүниеге әкелген кәсіби заңгер Барлыбектің 150 жылдығы лайықты аталып өтпегенін айтып, «Abai.kz» порталы бірнеше мәрте мақала да жазды.

Өкінішке орай биылғы жыл бәріміз үшін шетін оқиғаларға толы жыл болды. Елді елеңдеткен біраз жайсыз оқиғалар орын алды. Ақ­төбеде ұйымдасқан бірнеше адам қаладағы қару-жарақ сататын дүкендерге, әскери бөлімге шабуыл жасады. Лаңкестердің қолынан кісі өлді. Күштік құрылымдар олардың 18-інің көзін жойғанымен, осы іске  қатысы бар деп танылған тағы 20-дан астам адам сотталды.

Артынша Алматыда Руслан Күлекбаев деген азамат Алмалы аудандық полиция бөліміне, ҰҚҚ департаментіне қарулы шабуыл жасады. Ол бірнеше полиция қызметкерінің өмірін қиды. Кейін Күлекбаев өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді.

Бұл жылдың атышулы оқиғаларының бірі деп шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің қамауға алынуын атауға болады. Оны ұстауға Астанадан арнайы жасақ келген болатын. Кейін Т.Төлешовке мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айып тағылды, ол 21 жылға сотталды.

Айтпақшы Төлешевтің жасамақ болған төңкерісі – жалпыхалықтық бейбіт митинг еді. Шын мәнінде бұл іске Төлешевтің де, басқасының да қатысы жоқ сияқты. Биліктің қазақ жерін шетелдіктерге сатпақ болған бастамасына нарзылық танытқан жұрт Республика көлемінде шеруге шығып, өздерінің қарсылықтарын білдіріп жатты.

Басы батыста Атыраудан басталған наразылық шығыстағы Семейге дейін жалғасын тапты.

Бұл уақиғадан кейін Елбасының өзі Үкіметтің бастамасына тоқтау салды.


Жер кодексіне өзгерту енгізу туралы қоғамдық комиссия құрылып, оның құрамына тек билік өкілдері емес, қоғам қайраткерлері мен тәуелсіз саясаткерлер де қосылды. Комиссияның толық жұмысын «Abai.kz» порталы жазып, үзбей жариялап отырды.

Үш айға созылған комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы жер сату туралы Үкімет бастамасына мораторий жариялады.


Бұл екі арада Атыраудағы алаңғы шыққан сан-мың азаматтың ішінен ұйымдастырушы болды деген айып тағылып, тіпті қамаудағы Төлешевпен байланысы болды деген желеумен қос белсенді сотталды. Талғат Аян мен Макс Боқаев 5 жылға кесілді.

Бұлағайланып өткен биылғы жылда орын алған жағымды жаңалықтар да аз болмады. Әсіресе әкімдердің ішінде іске мығымы да жоқ емес. Оларды айтпай кету ерге сын.

Биыл «Abai.kz» порталы бір жасқа толмаған Нұртілеу есімде баланың атынан үшбу хат жариялаған еді. Онда біреудің сыз өткен тар пәтерінде тұрып жатқан сегіз балалы отбасының жағдайы туралы айтылған-ды. Облыс әкімі Амандық Батталовтың тікелей тапсырмасымен және жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен Талғар ауданынан бұл отбасыға үй берілді. Амандық Батталов мырзаның өзі келіп, үрпе-шүрпе сегіз ұл өсіп келе жатқан шаңыраққа үйдің кілтін тапсырды. Бұл да біздің ұжымның биылғы жетістіктерінің бірі еді.

Келер жыл да қазақ халқы үшін тарихи маңызда даталарға толы жыл болмақ. Келер жылы Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады. Алаш қозғалысының қайраткері, арнаулы  білімді алғашқы қазақ офицерлерінің бірі, этнограф, фольклоршы, аудармашы Молданияз Бекімовтың туғанына 135 жыл. Жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым, абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл. Сондай-ақ, Алматыда Халықаралық Универсиада ойындары, ал Елордада «ЭКСПО-2017» көрмесі өтеді.

"Өткен жыл" аталып бара жатқан 2016 жылды аман-есен өткеріп отырып, келер жылдан жақсылық күтетініміз анық. Бізбен бірге болыңыздар!

Abai.kz 



0 пікір

Үздік материалдар

Білгенге маржан

«ХАБАР» АРНАСЫНАН МЕРЕКЕЛІК ШАШУ (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Абай-Ақпарат 550
Әттең...

НҰРСҰЛТАН АТАМА ХАТ

Абай-Ақпарат 1748