Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 5283 1 пікір 26 Желтоқсан, 2016 сағат 09:26

2016 жылы көлік авариясынан 1228 адам қаза тауыпты

2016 жылы көлік авариясынан 1228 адам қаза тауыпты, 13 мыңға шуық жарақат алған. Авариядан адам өлімі саны күрт өскен (38%!!!)

Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында екен. Ал ол облыстарда жол нашар екенін жақсы білеміз. Ойланатын жайт. 2009 жылы тәуелсіздік алғалы 60 мың азаматтан айырылдық деген мәлімет оқып шошып едік.

Басқа, басқа біз үшін адам өмірі тым қымбат, құнды. Көбіне, авария адам қателігінен болады екен. Осы жылы 18 мыңнан аса адам алкоголь ішіп рөлге отырғаны үшін ұсталыпты. Меніңше, олар террористтерден кем емес. Ойланайық. Өз өмірімізді қадірлемесек те басқаның өмірін ойласақ нетті?! Әсіресе, Жаңа Жыл қарсаңында тіпті сақ болу керек. Біреуді әкесінен, анасынан, бауырынан айырмас үшін жол ережесін қатаң сақтау қажет, оны ешкім де еріккеннен жазған жоқ. 60 км/сағ жүр деген белгі көрдің бе жүру керек, болды.

Руслан Желдібай

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір