Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3330 0 пікір 27 Наурыз, 2017 сағат 18:17

Қазақ футболшылары мінген ұшақ апатты жағдайда Ереванға қонды

Zvartnotz Int. photo by Armen Gasparyan

Қазақстан футбол құрамасының ұшағы қайта оралып Ереван әуежайына қонды, деп хабарлады қазақстандық команданың медиаофицері, блогер Ербол Қайыров.

"Қазақстан құрамасының ұшағы қайта айналып келіп, Ереванға қонуға мәжбүр болды. Себеп - шассидің дұрыс істемеуі. Ұшақ командирі әуежайға қайта оралуға шешім қабылдады. Чартерлі ұшақты ауыстырған соң, олар Қазақстанға қайтып оралады", - деп жазды Қайыров өзіннің Twitter’дегі шағын блогында.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады, бірақ оқиғаның басқа да тұстары туралы мәлімет бермеді.

Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу сынында жексенбі күні Армения құрамасынан 0:2 есебімен ұтылып қалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616