Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5119 0 пікір 30 Қыркүйек, 2010 сағат 07:33

Мәжіліс депутаты Итеғұлов денсаулық сақтау министрін басқа ауруханаға ауыстыруды талап етіп отырған қаржы полициясының әрекеттеріне ашуланды

Астана. 30 қырқүйек. ҚазТАГ – Парламент мәжілісінің депутаты Марал Итеғұлов денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті ұлттық ғылыми медициналық орталықтан басқа ауруханаға ауыстыруды талап етіп отырған қаржы полициясы қызметкерлерінің әрекеттеріне ашуланды.

«Өкінішке орай, кеше ұнамсыз ақпарат тарады. Досқалиевтің денсаулығы нашарлап, жүрегі тоқтап қалғаннан кейін оны басқа бөлімге (ҰҒМО-ның бөлімі - ҚазТАГ) ауыстырғанын білетін шығарсыздар. Жүрегіне операция жасау қажет бола ма деген соң», - деді М. Итеғұлов ҚазТАГ агенттігіне.

Оның айтуынша, «құқық қорғау органдары бұл оқиғаға байланысты түсініксіз қимыл жасады».

«Мендегі ақпарат бойынша, үлкен топ, қаржы полициясының екі департаментінің директорлары бастаған 10-нан аса адам келген сияқты. Олар министрді бір госпитальге ауыстыруды талап еткен. Дәрігерлер оны тасымалдауға болмайтынын, жол үстінде қаза болуы мүмкін екенін түсіндірген», - деді депутат. Оның айтуынша, медициналық мекеменің әйел қызметкері қаржы полициясының өкілдері «өздерін лайықсыз және дөрекі ұстағанын» айтқан.

«Менің білуімше, соттың шешімі болмаса, медициналық мекеме пациентті бермейді. Бұл – заңсыздық! Мен бұған қатты ашуланып отырмын. Қалайша?! Ақыл-есі сау кез-келген адам  оның өліп қалуы мүмкін екенін түсінуге тиіс! Мұның кімге керек екенін түсінбеймін?!», - деп ашынды депутат.

Сонымен қатар, ол қаржы полициясының Ж.Досқалиевке таққан айыптарына қатысты пікір білдіргісі келмеді. «Олардың қылмыстық іс қозғағаны дұрыс па, дұрыс емес пе, бұл – олардың мәселесі. Мен пікір білдіре алмаймын, бұл – олардың мәселесі, құқық қорғау органдарының ісі. Менің ең алдымен, оның денсаулығы алаңдатады, есіне келіп, аман қалса екен!», - деді халық қалаулысы.

«Қаржы полициясының басшылығы өз жұмыскерлерінің осындай дөрекі және лайықсыз әрекеттері туралы білмейді деп ойлаймын», - деді ол.

Сәрсенбі күні таңертең М.Итеғұлов депутаттар тобының атынан министрдің ауруханаға түсуіне не себеп болғанын анықтауды сұрап, бас прокурор мен премьер-министрдің атына сауал жолдады.

Депутаттың мәліметіне сәйкес, қазір министр жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. «Жағдайы ауыр», - деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2251
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505