Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3958 1 пікір 31 Наурыз, 2017 сағат 11:19

АҚШ сенаты Ресейді президенттік сайлауға араласты деп айыптады

АҚШ сенатының барлау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Марк Уорнер Ресей билігін өткен жылғы президенттік сайлауға араласуға талпынды деп айыптады.

Бұл туралы сенатор Ресейдің сайлауға араласу мүмкіндігі жөніндегі тыңдауларда мәлімдеді. Ашық тыңдауда Ақ үй басшысы Дональд Трамп жақтастарының Мәскеумен байланысы туралы мәселе де қозғалды.

Барлау комитетінің басшысы Ричард Баррдың айтуынша, кибершабуылдар туралы мыңдаған құжат бар. Оларды зерттеуге бірнеше апта қажет.

6 қаңтарда АҚШ-тың барлау қауымдастығы Ресей президенті Владимир Путин президенттік сайлауда Трампқа көмектесу үшін Демократиялық партияға хакерлік шабуыл жасауға тапсырма берген деп хабарлады. Кремль кибершабуылдарға қатысымыз жоқ деп отыр.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600