Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 4152 100 пікір 7 Сәуір, 2017 сағат 10:17

Талдықорғандықтар  түгел  көгілдір отын тұтынатын болады

Талдықорғанға мамыр айында табиғи газ қосылады. Жалпы, қаланы көгілдір отынмен қамтамасыз ету төрт кезең бойынша жүзеге асырылмақ, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Облыс орталығындағы газ құбырларының жалпы ұзындығы 1370 шақырым болады. Газ құбырларының диаметрі 32 мм.-ден 530 мм.-ге дейін. 54 мыңнан астам тұрғын көгілдір отын рақатын көреді деген сенім бар. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны 24 млрд. теңге. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асқар Тұтұбаев мәлімдеді.

- Бірінші кезектегі жұмыстардың жалпы құны 4,4 млрд. теңгені құрап отыр. Алғашқы кезеңдегі құрылыс 6 іске қосу кешенінен тұрады (3 іске қосу кешенінің құрылысы былтыр басталған). Барлығы 181,5 км, соның ішінде жоғарғы қысымды 12,9 км және 168,3 км ішкі кварталдық газ құбырының құрылысы қарастырылған. Жоспар бойынша 10399 абонентті газбен жабдықтау, соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер бойынша - 4718 және  жеке секторда - 5681 абонент, сонда шамамен 41,7 мың адамды құрайды. Бірінші кезекте жеке сектор, Абылай хан көшесі бойымен, айналма жолы, Қаратал шағын ауданы, жаңа құрылыс, облыстық аурухана ауданы, теміржол  вокзалы ауданы, қаланың орталық бөлігі қамтылады, - деді А. Тұтыбаев.

Абай-ақпарат

100 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1560
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3503