Сейсенбі, 23 Мамыр 2017
12 Сәуір, 2017 сағат 15:36 Жаңалықтар 591 5 пікір

Мұхтар Құл-Мұхаммед Президенттің жаңа мақаласын оқып шығуға шақырды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болды. Мұхтар Құл-Мұхаммед жоғарғы оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерінің алдында сөз сөйледі. Кездесуде  «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарық көрген Мемлекет басшысының мақаласы әңгіме арқауына айналды.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары үстіміздегі жылы Мемлекет басшысы  Қазақстанның ауқымы жағынан өте үлкен экономикалық жаңғыруына серпін бергенін еске салды, ол өз кезегінде біздің елімізді технологиялық дамудың сапалы жаңа биігіне алып шығуы тиіс.

«Ірі экономикалық қайта құрулармен қатар Президент Конституциялық реформалауының маңызы жағынан бірегей мемлекеттік саяси жаңғырудың үдерісін іске қосты.  Енді міне бүгін Елбасымыз біздің қоғамның іргелі негізіне әсер ететін ұлтымыздың рухани жаңғыруының басталғанын жария етті», -деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Abai.kz

5 пікір
Қайырғали 2017-04-13 09:11:44
Қазақстанның ұлттық руханиятты жаңғыртатын кезі жетті расымен. Елбасымыз осы жолдағы барлық тетіктерді нақты көрсетіп берді. Енді соларды рет ретімен іске асыруымыз керек.
Нұрсұлу 2017-04-13 09:07:02
Мақаланы оқып шықтым. Барлық бастамалар өте ұнады. Қазақстанды алдағы 25 жылда өте үлкен, ауқымды оң өзгерістер күтіп тұрғанына сенемін.
Мақсұт 2017-04-12 22:03:14
Бұл- М. Құлмұхамед туралы емес...Отызында -оңдырмаған, қырығында -қарық қылмаған, елуінде -ештеңе өндірмеген, алпысында -алға шыға алмаған, жетпісінде -жетістірмеген қарттың енді келіп кенеттен жастық жігермен жаңаша жұмыс істеп, жаңалықтар ашып тастауына ...сене алмай отырғаным??? Құлмұхаммед қожа қалай сеніп отыр екен?!
Капофти 2017-04-12 18:56:47
Елбасының бастамасын қолдауымыз қажет. Латын алфавиті керек.
Дария 2017-04-12 16:27:21
Өте орынды айтылған.Елбасының бастамасын қолдау керек.

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 3934