Бейсенбі, 19 Қазан 2017
Мәңгілік ел 42687 0 пікір 13 Сәуір, 2017 сағат 21:46

«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алулардың жаңа үлгісіне көшеді

Қор 2017 жылдың соңына дейін тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге арналған алдын ала квалификациялық іріктеудің міндетті талаптарын енгізеді.

«Алдын ала квалификациялық іріктеу дегеніміз – бізге тауар жеткізетін, қызметтер көрсетіп, жұмыстарды орындайтын жеткізушілерді тәуелсіз бағалау. Бағалау кезінде біз жеткізушілердің қаржылық мүмкіндіктерін, қолданыстағы өндірістік базасын, технологиялық қондырғыларын, тиісті еңбек персоналының деңгейін және халықаралық стандарттарды енгізу деңгейін тексереміз», – дейді «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары Қайнар Тайжанов.

Алдын-ала квалификациялық іріктеу шеңберінде сатып алулар күрделілігіне қарай үш деңгейге бөлінеді. Олар сатып алу сомасына және тауардың немесе жұмыстың күрделілік деңгейіне байланысты болады.

«Бірінші деңгей – құны 113,5 миллион теңгеден аспайтын сатып алулар. Екіншісі – аудитті қамтитын одан да күрделірек деңгей. Оны техникалық реттеу жүйесінде аккредитациядан өткен қазақстандық компаниялар іске асырады. Үшінші деңгей – құны 567 миллион теңгеден асатын сатып алулар. Бұл аудитке халықаралық деңгейде аккредитациядан өткен халықаралық ұйымдар жұмылдырылады», – деді Қ.Тайжанов.

Нәтижесінде, аталған талаптардан өткен жеткізуші компаниялардың бәрі үш жылға дейінгі мерзімге Қордың жеткізушілер пулына енгізіледі. Бұл компанияларға тендерге қатысу үшін тұрақты түрде талап етілетін құжаттар пакетін жинауға кететін уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Биылғы жылы «Самұрық-Қазына» қоры алдын ала квалификациялық іріктеу талаптарын компаниялар тобының барлық сатып алу операцияларында пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл Қорға өзінің сатып алулар жүйесін стандарттауға және оңтайландыруға мүмкіндік береді. Ал, жеткізуші компаниялар үшін дұрыс бәсекелестік орта қалыптастырады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7676
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 14919