Сейсенбі, 23 Мамыр 2017
17 Сәуір, 2017 сағат 19:32 Мәңгілік ел 406 2 пікір

Елбасы Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

Қазақстан Президенті «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Мемлекет басшысы кездесуде партияның 2016 жылғы қызметінің қорытындылары жөніндегі есепті тыңдап, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпыұлттық күн тәртібіндегі маңызды аспектілерді іске асыру шаралары, сондай-ақ ел дамуының басты бағыттары жөнінде жұртшылықты хабардар ету мәселелері туралы баяндалды.

М.Құл-Мұхаммедтің мәліметі бойынша, 2015 жылмен салыстырғанда партия құрылымдарына арыз-шағыммен жүгінген азаматтар саны 30%-ға артқан. 2016 жылы 283 мыңнан астам өтініш келіп түскен, қазір оның 92%-ы оң шешімін тапты.

Сондай-ақ, Елбасыға партия өкілдерінің өңірлердегі жұртшылықпен кездесулерінің қорытындылары және күнделікті қызмет барысында қолданылатын партия жұмысының жаңа форматы жөнінде мәлімет берілді.

Абай-ақпарат

2 пікір
Мақсұт 2017-04-18 01:53:24
Көптеген Халықтардың мәселесін Ұры Отан партиясы арқылы шешіп жүргенін жұрттың көзі көрді.Жаманның жақсысынтқалай айту керек?! Меңдуанагүл?!)
Мендугуль 2017-04-18 00:32:53
Көптеген халық мəселесін Нур Отан партиясы арқылы шешіп жүргенін көзм көрді. Жақсыны жақсы деп айту керек.

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 3934