Жексенбі, 30 Сәуір 2017
18 Сәуір, 2017 сағат 12:55 Жаңалықтар 706 4 пікір

Астананы су шайып кетуі мүмкін

Астананы су шайып кетуі мүмкін. Бүгін Үкімет отырысына келген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов осылай деп мәлімдеді.

Қалмұхамбет мырза басқаратын министрліктің құрамына Төтенше жағдайлар департаменті де кіретіні белгілі.

Министр Қасымов Астана мен оның маңайындағы елдімекендерді су шайып кету қауіпі туғанын айтты.

Ведомство басшысының айтуынша, Астана су қоймасынан айдалған судың көлемі секундына 40-тан 1200 текше метрге дейін артып кеткен. Соның салдарынан Аршалы ауданындағы бір ауылды сел басқан..

"Астана мен оның іргесіндегі елдімекендерді су басудан қорғау үшін тасқын суды Астана су реттеуішіне жіберіп жатырмыз. Қазір барлығы 132 млн текше метр су жиналды. Ал, оның сыйымдылығы 450 млн текше метрді құрайды. Астана су қоймасынан дәл қазіргі қарқынмен су айдала беретін болса су реттеуіш небәрі үш күнде толып қалады. Ол жарылып, Елорда мен өзге де елдімекендер толық су астында қалуы мүмкін", - деді министр.

Министр Қалмұхамбет Қасымов қауіптің алдын алу шаралары ойластырылып жатқанын айтты. Астананы суға алдырмаймыз деп сендірді. Тіпті бұл мақсатта ҚР Ауылшаруашылық министрлігімен бірлесе отырып, тиісті шараларды қолданатынын ескертті.

Abai.kz

 

4 пікір
Төре 2017-04-19 17:46:29
Мемлект идеологиясы болу керек... Ол қандай идеология, кеңес өкіметіндегідей жалған болмау крек... Жалған идеология жалғандыққа тәрбиелейді. Ол адам баласын екіжүздікке итермелейді. Біздер кеңес кезінде тәрбиелендік, сондықтан ішкі ойымыз бен айтпақ пікіріміз екі бөлек. Көбіміз екі жүздіміз, оны мойындағымыз келмейді. Сананы тұрмыс билеген заман... Бұрында қазірде шындықты айтсаң, айтқан адам "алапес" атанады? Сондықтанда ондай мемлекет кері дамыйды? Қазірден бастап осыны қолға алу керек. Ол өте күрделі. Ал біздер түзелмейміз. Кеңес кезіндегі тәрбие алған екі жүзділер, біздер түгел өліп, жаңа буын келу керек. Сонда ғана қоғамымыз түзелуі мүмкін ...
Ким чен ырррр 2017-04-18 18:55:03
Экспо сенің не теңің жылтырлайды көтенің
Мейрамбай 2017-04-18 15:43:55
Жазда, (енді 2017 жылдың шілде, тамыз айларында) баяу ағатын, арансы 1972-75 жылдары тақтайдай болып жайылып қалған өзендер мен каналдарды тереңдетіп қазу керек болар. Әйтпесе, жыл сайын,күзде ел-жұрт Марсқа көшіп кетіп, көктемде елге қайта оралатын елдің сиқы. Әлде, үлкен "Нұрастана" - су қоймасын қазып дайындау керек болар.
Қорал 2017-04-18 14:33:26
осы аста төкпе суды жинаудың бір тәсілі Астанада ірі ирригациялық мелиорациялық ғылыми - оку зерттеу университеті болар немесе оқу орны болар ұйымдастыру керек секілді, жылда қырауыр қаржыны желге ұшырып әбігерге түскеннен не пайда. суларды жинақтап елді мекендер жанынан тоспалар каналдар салып ғылыми түрде айналысса жаздыгүні су тапшылығынан көктемде топан судан құтылатын еді халық,,,, ұсыныс құлақтарға жетсе құба құп

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2554
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3337