Жексенбі, 30 Сәуір 2017
18 Сәуір, 2017 сағат 13:08 Жаңалықтар 304 5 пікір

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созу – біздің азаматтық абзал борышымыз

Бүгін Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясының барлық облыстық филиалдары басшыларының қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізді. Отырыс барысында партия Төрағасының Бірінші орынбасары барша нұротандықтарды су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед біздің қашанда бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан, кімге де болмасын қамқорлық қолын созуға дайын халық екенімізді атап өтті.

«Бұл жолы да сіздерді қиындыққа тап болған отандастарымыздың жағдайына бей-жай қарамайды деп сенемін. «Нұр Отан» партиясы бұл қайырымды, сауабы мол істе көпке үлгі болуы тиіс. Су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созу – біздің азаматтық абзал борышымыз. Сондықтан жергілікті жерлерде осы бағыттағы жұмысты жедел әрі жүйелі ұйымдастыруымыз керек», - деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

Абай-ақпарат

5 пікір
Жадыра 2017-04-19 09:24:05
Ел басына күн туса әрдайым атқа қонатын ұлдар болады. Елге жақын партия ретінде "Нұр Отанның" халыққа қол ұшын созуы қолдауға тұрарлық.
Жадыра 2017-04-19 09:03:15
Ел басына күн туса әрдайым атқа қонатын ұлдар болады. Елге жақын партия ретінде "Нұр Отанның" халыққа қол ұшын созуы қолдауға тұрарлық.
Арман 2017-04-19 08:54:18
Дұрыс. Қазір бәріміз, еліміздің әр азаматы тасқыннан жапа шеккендерге көмектесуіміз керек.
Халық 2017-04-18 17:28:39
Рия жасамай-ақ қайырдылық көрсете берсеңіздерші. Рия деп елге жақсы атты болып көріну үшін жасалатын амалды айтады екен.
Карла 2017-04-18 13:11:23
Қиын жағдайға ұшырағанда қол ұшын созу әркімнің азаматтық парызы. Мейірім мен адамгершіліктің көрінісі. Дұрыс үндеу тастаған екен.

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2554
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3337