Жексенбі, 20 Тамыз 2017
Бәсе... 1565 29 пікір 19 Сәуір, 2017 сағат 20:43

Бұл - ұлтыңды сүюге рұқсат беретін құжат 

Бұл күнді қазақ Тәуелсіздік алған соң да, ширек ғасырдан астам күтті! Иә, 2017 жылғы 12-сәуір тарихқа  Рухани Тәуелсіздік бағдарламасы жарияланған күн ретінде енеді.  Бұл – болашағымызды айқындап берген, Ұлттық жаңғыруға бастаған бағдарлама – Қазақстан Республикасы Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласы!  Бұл болашаққа жол сілтеп, бәрімізге бағдар берген бағдарламаның  тек мемлекеттік тілде ғана жариялануының өзі көктемнен сүйінші сұрап ең алғаш хабар берген бәйшешектей  көңіл көркейткенін зор  қуанышпен айтамыз.

Біз Тәуелсіздігіміздің 26 жылына қадам басқанда, биыл демократиялық өзгерістерді талап еткен Конституциялық реформа жасадық. Ел еңсесі бір көтеріліп қалды! Бұл Рухани жаңғыру сол Жаңғырулардың заңды жалғасы. Оған дейін Елбасымыз Ұлытауда ұлттық мүддемізді тереңнен тербей қозғаған маңызды сұхбат беріп, «Ұлы Дала ұлағатын» жариялаған болатын. Сол кезде-ақ Ұлы Даладағы Ұлттық Жаңғырудың лебі сезілгендей болып еді. Сондықтан да, біз де сол кезде таяп қалған Алтынкүрек желінен арқамыз қозып, ойымызды білдірген едік:

«Түркі халқы үшін Түн ұйықтама­дым, Күндіз отырмадым…» деген Көк түрік қағандарындай Көк туымызды көкке өрлетіп, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін бүгінгідей әлем таныған биік деңгейге жеткізген Тұңғыш Президентіміз –Ұлт көшбасшысы алдында тағы бір Ұлттық міндет, Ұлт аманаты тұр! Ол Ұлттың арманын орындау – Мемлекеттік тіл мәртебесін әперу болып табылады! Ұлт көшбасшысы Ұлт аманатын орындауды өзіне парыз деп санағанда ел де өзін елміз деп санайды!

«Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет», –деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ тілі Мәңгілік дауға айналмай, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болуы үшін, бұл Ұлт алдындағы қасиетті парызы мен міндетін өзгеге қалдырмай, Өзі орындауы керек! Ел Елбасыдан осыны күтіп келеді!

ХХ ғасырдың басындағы Алаш көсемдері «Оян, Қазақ!», – деп жар салғаннан бері бір ғасыр өтті. Биыл сол Алаштың 100 жылдығы! Тәуелсіздігімізге ширек ғасырдан асты! Енді Қашан Оянамыз?

Елбасымыздың осы Демо­кратиялық жаңаруға бастауын, Қазақтың ояна бас­тауына – Ұлттық жаңғыруға шақыру деп, ұлт мүддесін ұлықтаған ұлттық ұран деп қабылдайық!»

Кейін бұл мақала­мыз «Мемлекеттік тілдің Тәуелсіз­дігі Ата заңда айқын көрінсін» деген атпен 115 ұлт зиялысы қол қойған Ашық хатқа айналып, Ақордаға жеткен де болатын.

Енді міне, жердің жүзі жаңғырған көктемнің көгорай күнінде, Көк тулы Қазақ Елінде де Рухани Жаңғыру дүниеге келді. Осыдан 56 жыл бұрын 12- сәуірде Қазақ жерінен адамзат ғарышқа көтерілсе, енді міне, Қазақ Руханияты да өз биігіне шығуға бетбұрыс жасады. Алаш баласы ақсарбас айтып, ақ түйенің қарны жарылар тарихи құжат бұл! Ұлттық мүддеге – мемлекеттің келешегіне елеңдеген еліміз үшін бұл ертеңімізді жарқын етер ерекше серпін! Абыздай ақтарыла толғап, ақындай жырлаған, тереңнен тартып, биіктікті көрсеткен, кешеден шолып, болашаққа бағдар берген туынды! Тегеуріні қатайып келе жатқан Тәуелсіз Елдің Темірқазық тұғырнамасы!

«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», – деп жазады Елбасымыз елдің көңілін дөп басып.

Иә, кешегі жетпіс жылдай желкемізден төнген кеңестік кезеңдегі бар алапат еңбектің көбісінің нәтижесіз болып шығуы – ұлттық кодтың сақталмауында еді…

«Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.»

Ұлттық мүддеміз – ұлттың мәдениеті мен саф алтындай салт-дәстүрін сақтай біліп, жаһандық бәсекеге төтеп берер заманауи білім-білікпен жаңғырта алсақ қана жалымыз биік, тұғырымыз мықты болатыны анық.

Ол үшін енді Елбасымыз ерекше мән беріп, қадап айтқандай, «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.»

Тәуелсіздік алсақ та, тізгінімізді тарта ұстап келген ұлттық мәселелердің бауырын жазып, еңсесін тіктер кезі келді. Енді Елбасымыздың өзі Ұлттық Рухани Жаңғыруды жариялап, иірімі терең идеологиялық ұстынның қадау-қадау қазықтарын қағып, шешімдерін шегелеп берді.

«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» деп түйін жасайды.

Елбасы сонымен бірге «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деп, қазақтың өзі айтқандай, жаңа заманға жанаса алмаған, қарышты қадамға тұсау болар ескі әдеттерден арылу керектігін айтады.

«Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.

Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.

Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.»

Яғни, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жариялан­ған «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласы – Рухани Тәуелсіздікке жетудегі баршамызға бағдаршам болар бағдарлама! Ұлтты сүюге рұқсат берілген тарихи құжат! «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» – дегеніміз Елбасымыз айқындап берген Ұлттық Рухани Жаңғырудың басты қағидасы, нақты формуласы!

Қысқа, әрі халыққа түсінікті тілде айтсақ, дәл осылай!

Енді, талай жыл тар жол, тайғақ кешуде басымыздан өткендей, «Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да еш­кім­нің қақысы жоқ!» Елбасының бұл түйінді сөзі мұхит мұзтауындай астындағы алапат астарымен ауыр салмақ тартып тұр!

Ұлы Далада ұлылығын көрсеткен көне Көк түріктен көктеп, Көк туын көкте желбіреткен Рухты Қазақтың Қайта өрлеу дәуірі басталғанын жариялаған Рухани Жаңғыру бұл! Қадым замандағы құлашын кең жайған қағанаттардың қайқы қылышы ХХІ ғасырда жаһандық Білім биігіне көтерілер қанатқа айналуы керек. Өйткені, «Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақи­қатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өр­кен­деуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.» Ұлттық сананың жаңғыруы осы болмақ.

Елбасы мақаласының «Таяу жыл­дардағы міндеттер» атты екінші бөлімінде алда атқарылар бірнеше жобалар нақты көрсетіледі. Оның ең біріншісі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру.

Елбасы бұны бұрын да, 2012 жылы желтоқсанда жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек» деп мәлімдеген болатын

Бұл ұсынысты ел қуана қабылдауда. Президентіміздің өзі ерекше үміт артқандай жастардың даусы жарқын шығып, барлығы қолдау көрсетуде. Әрине, ел болғасын, кері тартатын кертартпалар да кездеспей қалмайды. Бірі шын жанашырлықпен кириллицадағы мұраларымызға алаңдаса, бірі Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр өтсе де, әлі орманға қарап ұлиды. Олар тіпті Парламент төрінен де табылды… Біртұтас ұлт болуға ұмтылған елімізде осындай сын сәттерде Ресейліктерді айтпағанда, өзіміздің орыстілді БАҚ-тарда кері тарту кесірлігі байқалып қалды. Бұл әрине, 25 жылдан бері бірліктің қазығы ретінде біз ұстанған «Бір ел. Бір тағдыр» қағидасының «Бір тілге» ұласа алмай жатқандығынан болса керек… Енді, міне, Елбасының белгілеп берген «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыруы» осындай кем-кетіктердің орнын толтыратыны анық деп үміттенеміз.

Қазақ тілінің Латын әліпбиіне өтуі – Руxани Тәуелсіздік алу! Ал Тәуелсіздік алу оңай, арзан болады, қиындығы жоқ деп кім айтты? Елбасымыз Тәуелсіздік алған соң еліміздің шекарасын қалай берік бекемдей алса, енді Латын әліпбиіне өту арқылы Рухани шекарасын белгілеп бермек! Ол рухани отаршылдыққа жол бермейтін шекара! Ол әлемнің алдыңғы қатарлы озық елдерімен еркін қатынас жасайтын шекара! Латынға өту – түбі бір түркі ағайындардың рухани әлеміне қосылу болып табылады. Латынға өту- өткенімізге оралу! Латынға қарсылар – Руxани Тәуелсіздікке қарсылар!

Кириллицадағы әдеби дүниелерді латынға аудару үшін кейбіреулер кері тартып жүргендей, көп күш пен көптеген жылдардың керегі жоқ! Ол қазір демде атқарылатын теxникалық жұмыс. Мәселе – басып шығаруда. Сауатсыздық бар елде, барлық әліпбиде де болады. Өзбектің жеміс сатқан сауат­сызымен емес, жемісті еңбек етіп, латын қарпінің арқасында технологияның жетістіктерін игеріп жүрген сауаттыларымен, олар толып жүр, сөйлесу керек. Қазір де кириллицада сауатсыз қазақтар жоқ па? Қазақша атын жаза алмайтын, дұрыс сөйлей алмайтын қарапайым орыстілділерді айтпағанда, өзінің қазақтілін білмейтінін Парламентте салтанатты түрде жариялап, жайбарақат тұра беретін ел басқарып отырған министрлер, әкімдер, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлердің, шекесі тар шенеуніктердің бәрі сауатсыз емес пе? Олар мысалы, еліміздің болашағын айқындап беріп отырған ең маңызды Елбасының осы мақаласын «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан күні оқи алған жоқ. Өйткені, бұл мақала тек қазақ тілінде жарияланды. Мемлекет басшысының мемлекеттік тілде шыққан мемлекеттік маңызы зор мақаласын мемлекеттің министрлері мен шенеуніктері оқи алмау деген ойға кіретін нәрсе емес өзге өзін сыйлайтын елдер үшін… Олар жалпы, «Егемен Қазақстанды» оқымайды, «Казахстанская правданы» ғана оқиды. «Қазақ үні» газетіне тек өздерін сынағанда ғана көз салады… Осы өзі өмір сүріп жатқан мемлекеттің мемлекеттік тілін білмейтіндерді сауатты деп кім айтты? Сауаттылық дегенді бір кездегі қожайын елдің тілін – орыс тілін ғана білу деп, отарлық, құлдық санадағылар ғана ойлайды! Елбасымыз айтқандай, еліміздің ендігі болашағы ең алдымен – Қазақ тілінде! Әлемнің басым бөлігі сөйлейтін ағылшын тілінде!

Мен 2013 жылы қаңтарда «Қазақ үні» газетінде жарияланған «ЛАТЫН әліпбиіне көшуге ҚАРСЫЛЫҚ – ҰЛТ МҮДДЕСІНЕ ҚАРСЫЛЫҚ!» атты мақаламда бұл мәселені тереңдей қозғаған болатынмын. Сондықтан, алдағы уақытта бұған тағы да қайта тоқталармыз.

Ендігі бір ел еңсесін көтерген Елбасы жобасы – қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы.

«Оның мәні мынада:

1.Біз тарих, саясаттану, әлеумет­тану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гума­нитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауа­дай қажет».

Жүз оқулық жүзімізді жарық етер жарқын болашақтың алғышарты болары анық. Кеше ғана қаржылық дағдарысты рухани дағдарысқа ұластырып жіберген Білім министрлігі оқу ордаларынан қысқартып тастаған қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақ тарихы және т.б. гуманитарлық кафедралар енді қайта құрылып, білімдіге кең өріс ашыла беретін болады.

Бұл алдымен қазақ тіліндегі білім алуды биікке көтереді және мемлекеттік тіліміздің берік нығая беруіне бекем негіз жасайды.

Бұл бағдарлама аясында алдағы жылдарда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалады. Яғни, қазақ тілінде әлемдегі ең үздік оқулықтарды дайындау ұзақ күттірмейді. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттер осы оқулықтарды оқи бастайды.

 «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасы да ұлттық кодтың қалпына келуіне қайрат жасайтын елдік маңызы ерекше үлкен шара. «Отан от басынан басталатыны сияқты», Тәуелсіз еліміздің берік негізі туған жерден бастау алатыны айқын. Қазығы ауылда қағылып келген қазақ үшін туған ауылы қай қиырда жүрсе де, қай қияға шықса да, әрқашан да қасиетті мекені! Қазір жаппай ауылдан қалаға көшу белең алып тұрғанда, бұл бағдарлама ауыл ажарын кіргізіп, елдің берекесін арттыратыны анық. Бұл жобаға материалдық құндылық бере алатын кәсіпкерлермен қатар рухани күш беретін қаламгерлер, жалпы зиялы қауым да белсене атсалысуы тиіс!

«Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс­түрлеріне айрықша ің­кәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көрініс­терінің бірі.

Бұл кез-келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәнін­дегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі.»

Иә, туған жер тарихын білмеу – түп тамырыңды танымау. Туған жерден қол үзіп кеткендердің генетикалық кодының бұзылатыны сондықтан. «Сен өткенге тас лақтырсаң, келешек сені зеңбірекпен атады» деген қанатты сөз бар. Батыр бабаларымыз қасиетті қанын төгіп қорғап қалған Ұлы даланың әр тасы терең тарихтан сыр шертеді.

Туған жер туралы жырламаған ақын, шырқамаған әнші жоқ. Елба­сының туған жер туралы толғауынан соң біздің де шабытымыз оянды:

Табаныңда тартылғанда үзеңгi,

Тағдыр салса, басарсың-ау жүз елдi.

Қаншама кең болғанымен қара жер,

Бiр-ақ жерге бүгесiң ғой тiзеңдi…

 

Ерiп кетiп Өмiр деген көшкiнге,

Кешедi елiң,

Келсең де сен кеш мүлде…

Кiндiк кесiп –

Жүрегiңе жалғаған,

Тартылысты үзе алмайды ешкiм де…

Осы жобаға сабақтас «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы елді біртұтас елдік, ұлттық патриотизмге жетелейтін бағдарлама. Кеңес кезінен бүгінге дейін Қазақстан мектептерінде алдымен өзге елдердің, КСРО тарихы (шындығында Ресей тарихы) мен дүниежүзі тарихын оқытып келдік. Ал өз тарихымыз қазақтың әйгілі Қадыр ақыны айтқандай: «Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, Оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы…»

Енді Рухани жаңғыруымыз бұл олқылықтың орнын толтыруы тиіс. Бұл бағдарламаның орындалуында бүкіл зиялы қауым алдыңғы қатардан табылуы керек.

Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық тарихында елеусіз жүріп-ақ елінің гүлденуіне ерекше үлес қосқан жандар аз емес. Олардың да аттарын ардақтайтын кез келді.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бұл бағдарламаны іске асырады. Ал ондай жандар елімізде жетеді. «Оң қолыңмен жасаған қайырымдылықты сол қолың көрмесін» деген иманды қағиданы қатаң ұстаған жомарт та, пат­риот азаматтардың атын жастарға үлгі ету мақсатында енді анық білетін боламыз. Бұл бағытта БАҚ-тарымыздың ізденісі мен белсенділігі үлкен рөл атқарады. «Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталы да өз үлесін қосады деп айта аламын.

Елбасы мақаласындағы ең маңызды бағдарлама – латынға өтуді кезінде биыл тарих сахнасына шыққанына 100 жыл толып отырған Алаш көсемдері де жақтаған. Түркияның президенті Ататүріктен бастап, Алаштың көсемі Әлихан Бөкейхан да қатты қолдаған.

Осы жерде айта кету керек, саяси партиялар ішінде латынға өтуді ең алғаш қолдаған Алаштың ізбасары – «Ақ жол» партиясы. «Ақ жол» партиясының ұлт зиялыларымен бірігіп жасаған, салмақты саясаттанушылардың жоғары бағасын алған 2007 жылы жарияланған 2010-2015 жылға арналған Ұлттық тұжырымдамасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі, алфавит – латын әліпбиі болу керек деп айқын жазылған болатын… Ал партияның саяси бағдарламасында Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тіл мен Қазақстан тарихынан емтихан тапсыру талабы ұсынылған. Сонымен қатар Тәуелсіз ел үшін отарсыздану идеологиясының маңыздылығы да айқын көрсетілген. Яғни, Елбасымыз ұлттық рухани жаңғыруға Ақ жол ашып беріп отырғанда, «Ақ жол» партиясы да Ұлттық мүддені ұлықтау үшін алдыңғы қатардан табылатыны анық.

2015 жылы Елбасымыз тарихта тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйы­мында қазақша сөйлеп, бүкіл әлем президенттері алдында қазақ тілінде баяндама жасап, Қазақ хандығының 550 жылдығына керемет тарту жасаған еді.

Енді бүгінгі бұл Рухани жаңғырудың тарихи құжаты Қазақ хандығының үзілген жолын жалғау үшін Тәуелсіз ел болуды армандап, мақсат-мұратына айналдырған қазақтың ең алғашқы саяси партиясы Алаш қозғалысының 100 жылдығында жариялануы да еліміз ширек ғасыр күткен ерекше тарту болды!

Елбасының елге серпін берген Рухани Тәуелсіздік бағдарламасы – ел рухын көтерген ерекше құбылыс!

«Нар жолында жүк қалмас» деген қазақтың даналық сөзінің туралығын айқындайтын бұл тұғырлы тұжырымдама бойына бұла күш бітірген ұлтымыз лезде жалы көтеріліп, жалындап шыға келді!

Мыңдаған жыл тарихы бар Ұлы Дала еліндегі Елбасымыз бастаған Ұлттық Рухани жаңғыру майданында Елдің ертеңі жарқын болып, еңсесі биіктей беретініне сенеміз!

Қазыбек ИСА, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары

Abai.kz

29 пікір
Мәмбет 2017-04-23 22:52:30
О-о-о! Мынау бір тамаша құжат болды ау?! Мен осы күнге дейін: "Ұлтымды қалай сүйсем екен ә? "Жоғары жақтағы КӨКЕМ рұқсат етер ме екен?" -деп қиналып жүр едім... Ақыры рұқсат етіпті , біз қандай бақытты едік!!!
Оқырман 2017-04-23 09:46:46
"Әр ханның тұсында бір сұрқылтай" деген сөзді бұрын түсінбейтінмін. Орыстар ремез, қазақтар құрқылтай дейтін құс туралы әңгіме шығар деп ойлайтынмын. Құрқылтайлар (лат. Remiz) – торғай тәрізділер отрядының бір туысы. Дене тұрқы 7,3 – 10 мм, салмағы 9 грамм. Қазақстанда 3 түрі кездеседі екен. Біресе құрқылтай, біресе сұрқылтай деп айтып жүр. Қайсысы дұрыс? Сөйтсем, түсіндірме сөздікте оның мағынасын былай түсіндіріпті: 1. Торғайдың үлкендігіндей кішкене беймаза құс. Өзінше сұрқылтайдың бағасы бар (Сейфуллин). 2. ауыс. Екі жүзді опасыз, қаскүнем. Әр заманға бір сұрқылтай деген сөз бар (Ж.Молдағалиев). Енді ғана барып түсіндім: совет заманында интернационалист болып алашорданы, ұлтшылдарды жамандаған, совет үкіметі құлаған соң ұлтшыл боп ұрандататын және кешегі өзінің тайға таңба басқандай жазылған мақаласына мүлде кереғар мақала жазатын қазақ ғалымдары мен зиялылары туралы әңгіме екен ғой. Ақсақал деуге келмейтін және арақ пен коньяк ішуді қоя алмай жүрген ШАЛДАР Мемлекет басшысының мақаласына үн қосып жапа тармағай мақтай бастаса құсқым келетін болды. Өмір бойы позициясынан таймаған шынайы ұлтшыл ақын -жазушылардың пікірін тыңдағымыз келеді. "Абай" сайты оқырманға сондай мүмкіндік бере ме?! Мұқтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов сияқты ұлтшыл жазушылар неге үндемей жатыр. Президент неге оларды кездесуге шақырмайды?
Ашынған 2017-04-21 22:56:56
Соны айтамын ау , мен ұлтымды жақсы көру үшін , қазақ екенімді мақтан тұту үшін СОЛ кісіден рұқсат сұрауым керек пе екен? "Зиялысымақтар" өңшең!
Мен 2017-04-21 09:04:12
Ұлтты сүюге рұқсат сұрайтын ба еді? Сауатсыз тақырып, нашар талданған. Елбасы сөзіне жанамалай қосыла кететін біздің зиялылырадың жаман әдеті. Елбасы айтпаса, ешқайсысында ой жоқ. Мақаланы жай мақтамай, мәнін түсіндіру керек халыққа!
Есенғали, Антакияға 2017-04-20 19:34:23
Есеке, сүй енді анау Төренің қалаған жерінен, ол қазақ - ұлт, ұлттың символы - мен, төре депті ғой. Мақаланың тақырыбының өзі сүй деп тұр. Ал давай, сүй!!! Төре күтіп тұр, ұялта берме енді. Қай жерінен сүй десеңде рұхсат деген құжат екен ғой мына мақала, тақырыбы солай, сүй енді, біз қарамай-ақ қойдық, тіфу, құрысын.
Төре 2017-04-20 17:33:23
"Кері кетеді, "кері даму" дегенді есітсем, тас керең болайын! Керең болсаңыз, өз еркіңіз? Мына мен Адам баласына тұрпайы сөз айтпаушы едім... Есенғали, мылжыңды тек қана, мылжың ғана жеңеді! Мен мылжың болғым келмейді, ол Төреге жараспас? Ешкімді жамансыз-жақсысыз дегем жоқ! Есенғали Қазақтың ТЕКҚОРЫ әлі мықты. Оған сеніңіз? Ол туралы мен бірдеме білетін адаммын - оны ГЕНЕТИКА дейді. Ол ғылым - плакат сызу-жазу емес? Біздерді құртқан жалғандыққа тәрбиелеу. Жалған ортаға бейімдей тәрбиелеу. Оны айтуға, дәлелдеуге мүмкідік жоқ болды? Соның нәтижесін әлі ұзақ көреміз. Тұқымыңыз жаман тексіз болса, онда Ата-бабаңызға іренжіңіз? Иә, кеңес өкіметі текқорымызды мақсатты түрде әлсіретті. Тектілерді, Білімділерді түгелге жуық жойып жіберді. Құл би болды, олардың тұқымдары жаппай партия мүшесіне алынып, үлкен-үлкен лауазымдарға тағайындалды... Ата-Бабам құл-қутан, кедей болды деп мақтан тұтты, ұрандады. Сол үшін солар өсті, ел басқарды. Оның немен аяқталғанын сіз білетін шығарсыз? Қазақ, Адам тұрмақ малдыңда жақсысын ұстап, қадыр тұтқан. Иттен ияу, мысықтан мияу туады! деген мақал содан қалған. Оны естімесеңіз керең болуыңыз әбден мүмкін? Сіздің қырсық-қыңырлығыңыз, өзіңізге жарасарІ Төремен бөркіңізге қарап, ақылдасып, содан соң сөйлесіңіз? Әзірше жетер? Әлі "пролетарии всех стран соединяйтес!, деп жазып жүрген боларсыз? Тас керең ағайын, ертең керең болып қалсаңыз мені кінәламаңыз, ол өз таңдауыңыз! Бар болыңыз!?
Мен 2017-04-20 16:35:52
Маскара мынадай пикирлерди окып отырып, биздин казак когамы азган екен деп ойлап отырмын .Елбасымыз осыны корип тузел казак дегени, оркениетке илес дегени оте дурыс, кешели бери кара жамылгандар мен сакалдылар адам шошырлык ангиме айтуда, Елбасымызга карсы шыгуда жане олар кобейген екен, сондыктан катан шара колданатын уакыт жеткен сиякты, кертартпа адамдарды жазалау керек баска жол жок.
Ұсынбек 2017-04-20 15:13:14
Осы сайттағы сөйлегіштердің бәрін қуып жіберіп, Есенғали деген мен Төрені қалдыру керек. Отырсын бір бірін біресе ата деп, біресе әка деп, біресе құшақтасып, біресе пышақтасып. Арасына анда-санда Мақсұт дегенді енгізіп қойса түздық құятын етіп, сол жетеді.
Мақсұт 2017-04-20 13:26:56
Дана Қазақ! Ризамын саған! Артық таласқа бармаай, Абайдың уәжімен жауап беріп, даналығыңды көрсеттің! Үш шындық бар: 1Суы аз шәйнек бұрқ-сарқ етіп тез қайнайды, ақылы аз адам тез ашуланады. 2."Көргенді к...т -деген жеңеді, дегендей, айтары жоқтың ауызы бұзық, былапыт келеді. 3. "Ер болсаң бопсаға шыда!" -деген. Абыройсыз даудан ауылыңды аулақ салған да -ақылдылық.
Дана Қазақ 2017-04-20 11:51:13
Атейст қазақ 2017-04-20 10:44:12.........СЕН АБАЙ...дан САДАГА КЕТ ........
Дана Қазақ 2017-04-20 11:30:39
Атейст қазақ 2017-04-20 10:44:12............ Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта жалған болмас. Көп кітап келді Алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас. Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл, Иманның асылы үш деп сен тәхқиқ біл. Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ, Дін де осы, шын ойласаң, тағат та осы, Екі дүние бұл тасдиқ - хақтың досы. Осыларды бұзатын және үш іс бар: Пайда, мақтан, әуесқой - онан шошы. Руза, намаз, зекет, хаж - талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол емес.
Атейст қазақ 2017-04-20 10:44:12
Оу-сасық ваххабист, "Дана қазақ" - тупой, надан "Сасық қазақ" - сен қайдағы Данасың?! Сен надан, тегінде түкте көрмеген, ұлтыңды сатқан, Арабқұл - қуыс кеуде, сауатсыз мәжнүнсің. Сендей мәжнүндерге бұл қоғамда орын болмауы керек. Сенің айтып отырған сандырағыңның ешкімге қажеті жоқ. Қазақстанның болашағы Христиандық та емес!!!! Қазақстанның болашағы Будда мен Иудайзммен де емес, ең негізгісі Қазақстанның болашағы өзінен - өзі құрып бара жатқан радикальды Ислам дінінсіз дамиды!!!!! Сен, ақымақ, топас "Қазақтың исламсыз барар жері, басар тауы жоқ" деп сандырақтама!!!! Бар, барар жері де, басар тауы да бар. Ол, зайырлы, алдыңғы қатарлы (без религиозных предрассудков) Жапония сияқты ел болу!!!!! Сен, ақымақ Елді артқа (Ливия мен Ирак, Сирия-Авганистанға) тартпа!!!! Енді, бұл сайттың атын ұмыт. Сен ваххабист. Әйтпесе, сен нақұрысты Абай атамыздың аруағы атады. Көр де тұр!!!! Орындалмаса, шықшы сен, бір - 20 күннен кейін!!!!!
Атейст қазақ 2017-04-20 10:44:11
Оу-сасық ваххабист, "Дана қазақ" - тупой, надан "Сасық қазақ" - сен қайдағы Данасың?! Сен надан, тегінде түкте көрмеген, ұлтыңды сатқан, Арабқұл - қуыс кеуде, сауатсыз мәжнүнсің. Сендей мәжнүндерге бұл қоғамда орын болмауы керек. Сенің айтып отырған сандырағыңның ешкімге қажеті жоқ. Қазақстанның болашағы Христиандық та емес!!!! Қазақстанның болашағы Будда мен Иудайзммен де емес, ең негізгісі Қазақстанның болашағы өзінен - өзі құрып бара жатқан радикальды Ислам дінінсіз дамиды!!!!! Сен, ақымақ, топас "Қазақтың исламсыз барар жері, басар тауы жоқ" деп сандырақтама!!!! Бар, барар жері де, басар тауы да бар. Ол, зайырлы, алдыңғы қатарлы (без религиозных предрассудков) Жапония сияқты ел болу!!!!! Сен, ақымақ Елді артқа (Ливия мен Ирак, Сирия-Авганистанға) тартпа!!!! Енді, бұл сайттың атын ұмыт. Сен ваххабист. Әйтпесе, сен нақұрысты Абай атамыздың аруағы атады. Көр де тұр!!!! Орындалмаса, шықшы сен, бір - 20 күннен кейін!!!!!
Дана Қазақ 2017-04-20 10:32:38
25 ЖЫЛДА ХАБАР.ТВ, КАЗАХСТАН.ТВ, КТК, ТВ СИЯКТЫ ЖАЛМАУЫЗДАР ТУРГАНДА КАЗАХ СЕНIН БАР ЖЕРIН ОСЫ БОЛДЫ. КОРРУПЦИЯ, АЛКОГОЛИЗМ, НАРКОМАНИЯ, БАНДИТИЗМ, ПРОСТИТУЦИЯ, РАБСТВО, ВОРОВСТВО, МАССОВЫЙ РАЗВОД, отметка,крыша,распил,откат, занос ....Т.Д. Т.П. !!!........ЕНДI НЕ IСТЕУ КЕРЕК, КIМ КIНАЛI. ИДОЛОГИЯНЫ ИСЛАМ ДЕП МОЙЫНДАУ КЕРЕК БОЛДЫ. БАСКА БАРАР ТАУЫН, БАСАР ЖЕРIН ЖОК КАЗАХ !!!
Есенғали, Антакиядан 2017-04-20 09:06:39
" Біз // Тәуелсіздікті 2017 жылдың 12 сәуірінде алыппыз ? ! // Оған дейін қайда болғанбыз ?" ********************************************************************************************* Оған дейін ұрлық жасағанбыз, "прихватизация" деген қазақ көрмеген "жаңалықты" қоғамға ендіргенбіз, жабайы капитализм орнатқанбыз. "Қазаққа ІІ-Кувейт пен ІІ-Сингапур орнатып беремін, 2050 жылы Хрущев кәлмек орната алмаған коммунизмді орнатып беремін, қой үстінде шымшық жұмыртқалайтын заманда жасайтын боласың !" деген "Шахризаданың" ертегісін тыңдағанбыз, Мақсұт інім !
Дана Қазақ 2017-04-20 08:35:37
http://www.svoboda.org/a/28437045.html
Че 2017-04-20 02:26:41
Жаман ойлап қалмаңдар. Таудың басын қар алар, Ел басының басын хан алар деген екен бір Ата
Шыңғыс төре 2017-04-20 02:11:23
Сирияға кеткен қазақтың таза қандары сенің мойныңда Президент мырза .
Шыңғыс төре 2017-04-20 02:09:46
**Қазақтар қайғылы жағдайда ғана қара жамылған", - дейді Елбасы.** Қайғылы жағдай сен ел басқарып тұрғанда Қазақ халқының басына қара жамылды. Елбасының иделогиясы өтірік болғанда Ел басқа Елдердің идеологиясына құрбан болады. Кінəні елден іздемей жауапқа өзіңді тарт.
Че 2017-04-20 01:51:11
бағдарды Алла құранда беріп кеткен қазақа. Жалған символикалық тұлғаны ізденгенді қашан қоясыңдар ?
Зейнеткер 2017-04-19 22:31:16
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ аты айтып тұрғандай бұл елдің рухани әлемінің жанғыруы бұдан бәле іздеп қырту сөзді іздегендер мыжи берсін, әріп үшін соғыс басталады деу нағыз топастардың сөзі
Есенғали, Антакиядан 2017-04-19 22:09:20
Уалейкүмассалам, Мақсұт інім ! Құдайдың берген денсаулығының арқасында жаман ағаң шапқылап жүр. "Адамның түріне қарап оның мінезін, ұлтын айыруға болады" деп осы порталда талай рет жаздым, қалғанын өзің түсіне бер, інім.
Мақсұт 2017-04-19 22:02:39
Нұрекеңнің осы суретін көрсем -бір түрлі күдік ұялайды көңіліме... Жүзінде бір жымысқылық бар сияқтанады. "Мона Лизаның" екі ұдай бейнесіндей. Адамның ақиқаты қалай дегенде де бет бейнесінен көрініп тұратыны рас -ау сірә!
Мақсұт 2017-04-19 21:57:37
Ассалаумағалайкүм, Есенғали аға! Көп болды бір "көшеде" жолымыз түйіспей кетті -ау... Аман -есен жүрмісіз? Мына көктем -көп іске байлап қойып, қол да босамай, "комп" та қалыс қалып барады. Сау, саламат болыңыз!
Дана Қазақ 2017-04-19 21:54:34
Есенғали, Антакиядан 2017-04-19 21:40:13..........70 ЖЫЛ БУГIЛМЕГЕН ТIЗЕНI БУК ЖАЙНАМАЗГА. 70 ЖЫЛ ИЛМЕГЕН БАСТЫ САЛ САЖДЕГЕ, ДУГА КЫЛ ЕЛЕГЕ.
Мақсұт 2017-04-19 21:52:02
Қазыбек Иса! Құтты болсын! Мырзатай Жолдасбеков ағаң енді алаңсыз дем ала берсе де болады, көлгірсудың көк шапанын сенің иығыңа жауып кетіпті! Біз "Тәуелсіздікті 2017 жылдың 12 сәуірінде алыппыз?!" Оған дейін қайда болғанбыз? Оған дейін Кім бізді тәуелді етіп, тізе бүктіріп ұстаған? Назарбаев осы күні осы "Тәуелсіздікті" кімнен тартып алып беріп отыр? Хазіреті Исаның атын алған бауырым -ау, саясат пен әдебиетті қатар алып жүре тұра, осы Сен саныңды шапаттайтындай "Жаңғыруды, шын тәуелсіздікті, әділеттікті, ерікті елдікті, Ұлттығымыз бен Қазақы тілімізді" нағыз Ұлт жанашырлары КІМНЕН даулап жүргенін түсінбегенің бе?! М. Шахановтар, А. Сәрсенбаев, З. Нұрқаділов, Ғ. Жақиянов, Г. Ерғалиева, С. Әбділдіин... тағы басқа жүздеген алаш ардақтылары өмірі мен тағдырын тігіп, қазіргі Ұлтшылдар жанын салып әлі күнге арпалысып, сұрап жүрген Халықтық Қасиет осы емес пе еді? Назарбаевтың айтқанын олар мың рет айтқан, сұраған, даулаған... Бірақ бермеді... Бермеген АДАМ кім еді, ойлансақ қайтеді. Мақалаңды жарым жартылай оқыдым, дауласар жері көп, бірақ тіпті талқылауға тұрмайды. Бәлкім... М. Ауытбек ағаңның "әдісімен" "Күштіге көпшік қоя берсем -+елге бір пайдасы тиер" -деген игі ниетің болған -ақ шығар, бірақ -өзіңе тиістіні жалынып сұрасаң -жартылай, талап етсең -түгелдей алар едің...Жалпы, келісімпаздық, дартыкештік, жалтақтық -түбі "Сатқындаққа" апарар тура жол болады! Қазыбек Иса!
Дана Қазақ 2017-04-19 21:47:50
Төре 2017-04-19 21:05:30..............ЗАРЛАМАЙ АЙТПАЙСЫНБА КАНДАЙ ИДЕОЛОГИЯ мумкiн ПУТИНИЗМ !!! 70 ЖЫЛ АРАК iШiП ШОШКАНЫН КОЛБАСАСЫ МЕН ЗАКУСКА ЖАСАГАНДАР ЗАРЛАГАНДЫ ГАНА БiЛЕДi идеология, идеология, тарбие, тарбие, ойбай, ойбай ей айтпайсынба кандай, кашан, кайда, канша ???
Есенғали, Антакиядан 2017-04-19 21:40:13
Төре : "Сондықтан да ондай мемлекет кері дамыйды ?". ************************************************************************************************* "Кері кетеді, кері кеткенге кесір үйір, алға басу" деген сөз тіркестерін естуші едік, ал "кері даму" дегенді есітсем, тас керең болайын ! ************************************************************************************************* "Ал біздер түзелмейміз. кеңес кезіндегі тәрбие алған екі жүзділер, біздер түгел өліп, жаңа буын келу керек". ************************************************************************************************* Адам деген өзі үшін жауап бермейтін бе еді. Кеңес кезінде туып, тәрбие алған "екі жүзділерді" қырып тастаймыз ба. Сен екі жүзді болсаң, жұрттың бәрі екі жүзді ме ? Сен қызылкөз коммунист болған болсаң, өзгенің бәрі коммунист болды деп ойлайсың ба, сен пессимист болсаң, жұртың бәрі өмірден түңіліп, екі метр арқаны мен сабынын даярлап, бала-шағасымен қоштасып отыр деймісің ? !
Төре 2017-04-19 21:05:30
Мемлект идеологиясы болу керек... Ол қандай идеология, кеңес өкіметіндегідей жалған болмау крек... Жалған идеология жалғандыққа тәрбиелейді. Ол адам баласын екіжүздікке итермелейді. Біздер кеңес кезінде тәрбиелендік, сондықтан ішкі ойымыз бен айтпақ пікіріміз екі бөлек. Көбіміз екі жүздіміз, оны мойындағымыз келмейді. Сананы тұрмыс билеген заман... Бұрында қазірде шындықты айтсаң, айтқан адам "алапес" атанады? Сондықтанда ондай мемлекет кері дамыйды? Қазірден бастап осыны қолға алу керек. Ол өте күрделі. Ал біздер түзелмейміз. Кеңес кезіндегі тәрбие алған екі жүзділер, біздер түгел өліп, жаңа буын келу керек. Сонда ғана қоғамымыз түзелуі мүмкін ...

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 3110
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7894