Сейсенбі, 27 Маусым 2017
19 Сәуір, 2017 сағат 22:07 46 - сөз 319 2 пікір

Таусылмайтын су тасқыны

Кеше менен бір жас жігіт: "Совет өкіметі кезінде су тасқыны болушы ма еді?" -деп сұрады. Айтайын. Көктем айында қар кіртіктене бастағанда совхоз орталығынан су апатына байланысты штаб құрылатын. Штабтың төрағасы совхоз директорының өзі болады. Штабтың құрамына парторгтен бастап барлық бас мамандар кіретін.

Орталықта сақадай сай бес "К-700" угольнигімен, күректерімен дайын тұратын. Су жүретін арналы жолдарды білетін мамандар трактористермен бірге қарлы суды тіліп, өз арнасына түсіретін. Бөлімшелерде де солай болатын. Оларға да екі "К-700" угольнигімен бекітілетін. Тіпті аудан басшылары үлкен автожолдарды су алып кетпеуі үшін совхоздан көмек сұрайтын. Қазір таңғалам, бүкіл Республика болып бір ауылды су апатынан құтқара алмайды. Міне, біздің 25 жылда жеткен жеріміз. Сөйтіп келіп бір жыртыламыз-ау "дамыған 30 елдің ішіне ендік" деп. Қайран қара халықтың қамын ойлаған, келмеске кеткен заман-ай. Бұл кеңес заманын аңсау емес, сол кездегі қаймана халыққа жасаған жақсылықтарды аңсау!

Ал қазір қалай? Жылда осы уақытта су тасқыны жыры басталады. Премьер-министрден бастап ауыл әкіміне дейін дүрлігеді келіп. Өткен жылғы "дайындықтың" күлі көкке ұшады. Қайтадан ауыл-аймақты су басу. Тағы да улаған-шулаған қаймана халық. Еш дәрмен жоқ. Қаптаған басшы "келер жылы қатырамыз" деп құрғақ уәделерін беріп кетеді. Сонымен "іс бітті, қу кеттіден" кейін асау табиғат апатының да ашуы басылып өз арнасына түседі. Осыдан кейін "келесі жылғы су апатына дайынбыз" деген есептер ауылдан ауданға, ауданнан облысқа, одан республикаға кетеді. Бұл бүгінгі қауқарсыз өкіметтің сиқы.

Осыдан кейін қалай ел боламыз?

Жұмабек Табын

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір
Дадон 2017-04-20 18:18:43
Қазақ елінің халық шаруашылығында білікті, компетентті мамандар қалды ма өзі? әлде кеңес заманымен бірге олар да ғайып болып кетті ме.
Есенғали, Антакиядан 2017-04-20 09:17:10
Ол заманда жауапкершілік деген ұғым болатын, Жұмабек інім. Бүтін бір ауыл түгілі, бір совхоз жұмысшысының үйін су шайса, совхоз директоры мен парторогы партбилетінен айырылатын еді. Қызылкөз коммунист үшін - партбилеттен айырылу өліммен тең болатын.

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 18719