Сенбі, 18 Қараша 2017
943 1 пікір 20 Сәуір, 2017 сағат 10:21

Мирзияев сынынан соң Ташкентті бордельдерден тазарта бастады

11 сәуірде өткен видео-селекторлық жиналыста Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев астананың Чиланзар ауданы басшыларын бұл ауданды бордель басып кетті деп сынады. Президент ескертуінен соң осы аудандағы кафелер мен түнгі клубтарда тексеру жүргізілді.

Чиланзар ауданы ішкі істер басқармасы шенеунігінің хабарлауынша, үш күнде 58 нысан – түнгі клубтар, кафелер, сауналар және жеке үйлер тексеріліп, жезөкшелікке қатысы бар деген күдікпен 38 адам ұсталған.

"Ұсталғандарға айыппұл салынып, оларды Сергелі ауданындағы тері-венерологиялық диспансеріне жіберілді", - деді ол.

Ташкенттің Чиланзар ауданында тұратын журналист Бобомурод Абдулла милицияның мұндай әрекетінен түк шықпайтынын айтты:

"Соңғы уақытта Ташкенттің бұл ауданы жезөкшелердің ордасына айналды. Олар Катартал көшесінің бойында тізіліп тұрады. Соның кесірінен біз күндіз балалармен серуендей алмайтын болдық. Бірақ милицияның қолына түскен жезөкшелерге не болады? Мен бұны зерттеп көрдім. Олардың қыздарды ұрып, зорлаған кездері болған. Күшпен тексеру жүргізу әрекетінен түк шықпайды", - деп есептейді журналист.

Абай-ақпарат

1 пікір
Бектұр 2017-04-20 10:34:37
Абай атамның сайты, мына ақпараттағы "Сергелі" - қазақша Сіргелі (ру аты және жер аты. Ташкент топонимикасы).

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 9984
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18071