Сейсенбі, 27 Маусым 2017
20 Сәуір, 2017 сағат 13:20 Жанайқай 1474 5 пікір

Сәбидің сөзі: "Үкімет не қарап отыр?.."

Бұл қыз бар болғаны 10 жаста. Аты Махаббат. Ақтөбедегі жайылма су шайып кеткен үйлердің бірінде тұрған. Оқулықтары қиранды үйдің астында қалғанына қынжылған қыздың жанайқайына селт етпеу мүмкін емес.

"Үкімет не қарап отыр?" Бұл 10 жастағы Махаббаттың ғана емес, көпшіліктің көкейіндегі сұрақ.

Бұл "Диапазон" дайындаған материал әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Баспанасыз қалғанын айтып, оқулығының суға ағып кеткеніне қапа болған Махаббатқа көмек қолын созамын деушілер жоқ емес.

Десе де мәселенің мәнісіне үңілейікші. Табиғи апаттың артында адами фактор бар екені жасырын емес қой. Бұған жауапты органдар бар. Төтенше жағдайлар департаменті не қарап отырды дейміз...

Кішкене Махаббаттың "Үкімет не қарап отыр" деп қынжылуы заңдылық.  Халық жылу жинап жатыр. Үкімет ше? Парламент ше?

Су басқан аймақтың жағдайын шенділер Астанада отырып талқылады.

Жыл сайын топан судың алдын алу үшін Үкімет бюджетіне қыруар қаржы бөлінеді екен. Бұл туралы депутат Владислав Косарьев айтты. Ол ақша қайда кетті?

Ай сайын 900 мың жалақы алатын депутаттардың қайсысы қара халықтың жайын өз көздерімен барып көрді?

Abai.kz

 

5 пікір
гүлмира тойболдина 2017-04-20 22:00:23
Махаббат, қызым жылама! Хабарлас: 8 747 538 88 65;
Мақсұт 2017-04-20 21:12:06
"Қыры кеткен кісні түйе үстінен ит қабар" -деуші еді, қыры кетіп, қисайған қоғамның қай жыртығын жамап болғандайсың... Жыла , Қызым, жылап жүріп жетілерсің... Жетілгесін нағыз "Ұрылардың" кім екенін көрерсің қызым! Тіршіліктің түйткілін Саған әкеліп тіреген әке-шешеңнің де шарасы таусылған шығар. Бір сенің қажетіңді өтеумен бұл әділетсіз өмірдің кем -кетігі түгенделмес, Сенің сәби жанарыңнан жас ақса, жүректерінен қан ағып жүрген Қазақтардың тұрмысы түзелмес...Жыла, қызым, жыла жас ұрпақ! Жылап жүріп жас ғұмырларыңның ұрыларын біліп өсіңдер...
камар 2017-04-20 16:47:38
Ой-буй депутаттар бір күндік жалақыларын табан астында атып өліп тастаймын десең де аудармас...
Адайшал 2017-04-20 15:41:33
Ойбой балапанымай, үкімет сені неқылсын, саған бөлінген ақша әлдеқашан..., енді тағы көмек деп бөліп көмейлерінен қалай өткізерін талқылап жатқан болар.
Рустем Досымкулов 2017-04-20 14:14:04
Үкімет көмектесу керек әрине, ал депутаттар бір күндік жалақысын зардап шеккендерге аудару керек

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 18719