Бейсенбі, 24 Мамыр 2018
Ел іші... 1571 3 пікір 21 Сәуір, 2017 сағат 15:35

Есімов: «Астана ЭКСПО-2017» ҰК бюджетке 25 млрд теңгені қайтаруды жоспарлап отыр

Бұл Ұлттық компания демеушілерінің есебінен жүзеге асырылмақ, - деп жазады «Власть» порталы.

«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне дайындық жұмыстарына демеушілердің қолдау көрсетуіне байланысты, Ұлттық компания ел бюджетіне 25 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты қайтаруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Смағұлұлы мәлімдеді.

«Қазіргі таңда демеушілер тарапынан жасалған көмек көлемі 38,5 миллиард теңгені құрап отыр. Оның 22,8 миллиард теңгесі таза қаржылай болса, қалған 15,7 миллиард теңгесі  тауар және қызмет түрінде көрсетіліп отыр», - дейді Есімов мырза.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов мырза, көрмеге көмек көрсетуге бейіл азаматтардың әлі де жоқ емес екенін жеткізді. Жарты әлем жиылатын Халықаралық көрмеге демеушілерді көптеп тарту жұмыстары әлі де жалғасуда.

«Демеушілердің қаржысы және билет сатылымынан түсетін пайдадан өзге Ұлттық компания коммерциялық жобаларды да қолға алды. Мысалы, жобаларды лицензиялау, ЭКСПО брендін инвестициялық бастамаларға қолдану секілді компанияға жанама түсім түсіретін жобалар жүзеге асырылуда. Бұлардан түсетін пайда мен құрылыс және дайындық жұмыстарына кететін шығынды есептей келе, Ұлттық компания ел бюджетіне 25 миллиард теңгені қайтарып беруді жоспарлап отыр», - дейді Есімов мырза.

Abai.kz

3 пікір