Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 3667 0 пікір 15 Мамыр, 2017 сағат 13:42

Сағынтаев студенттермен кездесті

Қостанай облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі жастар ұйымдарының көшбасшыларымен және өңірдің студенттерімен кездесіп, олармен бәсекеге қабілеттілікті арттыру және елімізде заманауи білім беру жүйесін құру мәселелерін талқылады.

Бақытжан Сағынтаев құзыреттілік жаңа экономиканы қалыптастырудың басты факторына айналатынын, сол себепті кәсіби мамандар базалық салаларды дамыту, сонымен қатар елімізде белсенді дамып келе жатқан қызмет көрсету салаларына да қажет екенін атап өтті. Мемлекет кәсіптік білім беру саласына кешенді қолдау көрсетіп келеді.

Ағымдағы жылы «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске қосылады. Сонымен қатар, Үкімет өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік, жастар іс-тәжірибесі, «Серпін» және басқа бағдарламалар арқылы барлық оқуға ниетті адамдарға кеңінен қолдау көрсетіп келеді. Жұмыс берушілердің талаптары мен жастардың сұраныстарына жауап беретін мамандық алудың икемді жүйесі қалыптастырылуда.

Кездесу аясында «Балалар мен жастар ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Т.Антонинова «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы айтты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Е.Жақсыбаев «Туған жер» бағдарламасы аясында «Ұлы дала» мобильді қосымшасын таныстырды, жастар көшбасшысы З.Көкжанова жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелеріне тоқталды, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Т.Ситникова қазақ тілінің латын әрпіне көшуінің артықшылықтары туралы айтты, жастар көшбасшысы М.Мұхтарова мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсету тақырыбында баяндама жасады, Қостанай құрылыс колледжінің студенті В.Пинаева техникалық білім беру мүмкіндіктері туралы әңгімеледі, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Ә.Әлібаева жастарды «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге үміткер тұлғалардың санатына жатқызу туралы мәселені көтерді.

Мамандарды оқытуда жаңа тәсілдердің қолданылуының және «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысының мысалы ретінде Бақытжан Сағынтаевқа Қостанай автомобиль көлігі колледжінің қызметі таныстырылды.

ҚР Премьер-Министріне тегін кәсіптік-техникалық білім беру аясында колледж биыл 315 адамды оқуға қабылдайтыны туралы айтылды, оның ішінде 100 адам Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қабылданады. Кәсіптік даярлау 7 мамандық және 10 біліктілік бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап колледжде қысқа мерзімді кәсіптік курстар басталған, онда 4 мамандық бойынша 196 адам қамтылған.

Еске салайық, Мемлекет басшысының Қазақстанның үшінші жаңғыруы Жолдауында адамзат капиталын дамыту экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыруда басымдықтардың бірі ретінде аталған. Осы жұмыс аясында Үкімет алдында білім беруді оның негізгі буынына айналдыру міндеті тұр. Осы мақсатта қазір қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616