Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4063 2 пікір 15 Мамыр, 2017 сағат 13:52

Маған не ұнамайды?

Маған ұнамайды:

1. Зейнет жасын ұзартқаны, неге десеңіз, мен сонау 63 жасқа дейін тырбаңдап жұмыс істеп жүргім келмейді.

2. Елдегі банк жүйесі, депозит ашасың, болмашы пайыз. Менің арманым, сол банкке мәселен депозитке салған 500 мың теңгем айына пайызбен 50 мыңға көбейіп отырса ғой деймін! Сонда баспана мәселем шешілер еді.

3. Орташа жалақымен (100-200 мың теңге) баспана алуға мүмкіндіктің тым аздығы. Оған коммент беріп әуре болмай-ақ қояйын, өзіңіз де сезіп отырған боларсыз.

4. Несие алсаң "переплатасы" почти сол алған несиеге жетеқабылдығы,

5. Мекенжайға қатысты заңдағы өзгеріс, сонымен елдің көшіп-қонғаны реттелді ме? Реттелсе тезірек реттелсе екен, мәселен мен тұрақты тіркеуден шығып, тағы бір жерге тіркелгенмін. Жақында ол арадан көшіп кеттім, енді тағы да уақытшасына тіркелуім керек, уфф... шаршатты мына жаңа заң. Ұнамайды маған.

6. Денсаулық саласында өз учасковый врачымның көңілімнен шықпауы, әйтеуір оқу бітіріп, жұмысқа тұрып, айлық алып жүрген қоғамның бір азаматшасы екенін байқайсың, мамандығына ғашық шығар, бірақ мен міндетін махаббатпен атқаратындарды сирек кездестіремін.

7. Нағыз керекті медаппараттарға түсіп, қаралудың удай қымбаттығы, т.б.

8. Риэлторлардың ойына келген бағаны қоюы. Бір мысал, менің көзімше бір риэлтор қожайыны  "Осы үйді 80 000 теңгеге өткізіп берсең де ризамын" дегеніне, әлгі әйел былай дейді: "Ой, бұл центр, не переживайте, мен бұл үйді сізге 100 мыңға өткізіп беремін, қазір клиенттер хабарласып жатыр, келеді, күте тұрыңыз!". Риэлторды жек көріп кеткенім жоқ, тек соны құрықтап, реттейтін заңның жоқтығына ызам келді. Түсінесіз бе, Карл!

Ары қарай, сіздерге не ұнамайды, жалғастыра отырыңыздар. Келесі постта осы елімізде шынымен мақтанарлық неміз бар, ненің жақсылығын көрдік, соны жазып, талқылайықшы, халқым!

Жансая Садықбай

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541