Дүйсенбі, 24 Шілде 2017
«Соқыр» Фемида 10589 19 пікір 15 Мамыр, 2017 сағат 14:44

Қорғас құрлық порты қытайлардың қолына өтеді

Қорғас құрлық порты қытайлар қаржы құйып, Қорғас қақпасының 49 пайыз акциясын сатып алатын болды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат naryk.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең ірі теңіз және логистикалық оператор болып саналатын COSCO Shipping компаниясы “Қорғас – Шығыс қақпасы” ЕЭА дамуына қаржы салуды жоспарлап отырған көрінеді.  Пекинде өтіп жатқан “Бір белдеу – бір жол” халықаралық форумы барысында осы компания  мен “Қазақстан Темір Жолы” және Ляньюнган порты еркін сауда аймағын дамыту туралы келісімге қол қойып, ресми құжатты бекітті. 

Енді Қытай инвесторлары Қорғас қақпасының 49 пайыз акциясын сатып алуды жоспарлап отыр.

Ресми ақпарат құралдары “Қорғас – Шығыс қақпасы” ЕЭА COSCO Shipping компаниясының ірі өңірлік орталығына айналмақ. Бұл Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда мен халықаралық көлік дәлізінің дамуына серпін береді" деп жазып жатыр.

Құжатқа қол қою салтанатына ҚР үкімет басшысының орынбасары Асқар Мамин, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов қатысқан.

Қорғас құрлық порты Қазақстандағы ең үлкен кеден бекеттерінің бірі. Қытай тарапы бұл бекетті толығымен өз басқаруына алатын болса, қазақтың есесі кетпей ме? Ендігі қойылар сауал осы...

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

19 пікір
Ақан 2017-05-19 09:36:49
Абылай хан қытай жақпен ара-қатынас жасайтын шекаралық екі қала болсын деп - Шəуешек пен Құлжаны келіскен еді. Қытай асықпай бері кіріп жатыр.
Ақан 2017-05-19 09:31:41
Қытай мемлекетінің Еңбек Ері атағын біздің қазақтан кім бірінші алатынын сұрамасам да белгілі болды.
Ержан 2017-05-18 12:30:17
Айтқанның аузы жаман жылағанның көзі жаман демекші уақыт келе шарттасып келісіп қол алысқан жандар шетел асып кеткенде анасынан адасқан баладай аңыраб қалмасымызға кім кепіл.Жонымыздан таспа тіліп табанымызды тасқа салыб құл болмасымыза кім кепіл.
Адайшал 2017-05-18 10:45:23
Бүтін елді сата салса болмадыма екен, тамтұмдап, суыртпақтап жүргеннен бір таңда провинция боп шыға келгеніміз дұрыс емеспе, бұның не дейтін халық жоқ, бір камаз қойды оптом өткізе салғандай қылғаны дұрыс.
Мен 2017-05-18 10:41:06
сатпасае карес орыстарын миллиондап жеп жатыр гой
Лена 2017-05-17 20:48:45
БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАЙЛЫҒЫ 500 МИЛЛИОН АДАМДЫ АСЫРАЙ АЛАДЫ ЕКЕН. ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ СИПАТЫ ОСЫ. АЛІ ЖАРЫМАЙ КЕЛЕМІЗ. КЕДЕЙЛЕР КӨП
Төре 2017-05-17 20:11:54
Жоңғар "данасы" айтыпты, деген аңызды Атамнан естіген едім: Ей Абылай! Менің түбіме сенің Қазағың жеттіІ Ал сенің түбіңе. менің бір ұрпағым жетеді?! Анығын Жаратқан Иеміз, Бір Алла біледі?
маржан 2017-05-17 16:29:40
Қорғасты қытайға сатқан ақша əрине қалталарына кетеді, ана дұниеге ақша кіргізбейді, сонша ақшаны қайтесің, мына жұнжіткен халқыңа берсейші!!!Аллада риза болады.
Ашынған қазақ 2017-05-16 18:15:13
Біздің Шал , өзі тірі тұрғанда бәрін сатып , құртып кетейін деді ау , шамасы... Пенсионный фондыны да тауысуға жақындады ғой , сұмырайлар! Кеңес кезіндегі "халық жауы" дегендер дәп , міне осылар болар!...
12345 2017-05-16 08:44:24
бұрынғы советтің жамандамайтын бір жері-шекара мықты еді,бұрын совет заманының ең соңғы жылдары89шы ж.студент атанып Алматыға оқуға түстік.сонда деймін шекара деген қымтырулы еді,Кеген мен Нарын-лдың қыздары шекара аймағында тұрамыз үйге қонақ қылып апарайық десек өткізбейді ол жақта тұрмайтындарды дейтін,тексеріс мықты дейтін.кəзір қалаларда толған қытай.-мытай неше түрлі ұлт өріп жүр,соған қарағанда шекараны айқара ашып тастап біз қонақжай ,давай залетай деген мултьфилмдегі аю құсап-əлгі аралар шағып обескровил- обездомил деген мультиктегідей болып тұрғандай.
Абай 2017-05-16 00:11:52
Дұрыс.Ұкіметтің қолынан келмеді бұл жемқорлықты тоқтату.Қылмыскерлерге бергенше қытайға бергені жөн болған.
Х.А 2017-05-15 23:53:27
Қазақстан сүтін сауып баласына беріп отырған сүтті сиырын ақшаға қызығып сатып жібермекші ме? Ақша жұмсалып таусылғанда не істейді? ӘЛде ол ақшадан дәл Қорғастан түсетін пайда түсіп тұратындай кәсіп ашыла ма екен? Білмедім енді, менің әсліз Экономикалық миым қабылдай алмайтын сауда екен) Мұрын ұшын ғана ойлаған мүдде деген осы болар, ал қытай бәлен шақырым алысты ойлап отырғаны анық!
т.ж 2017-05-15 23:02:41
Мына Қасқаларың Гəмбейлеп жүріп, Келісімнің Орысша жазылғанына қарамаған. Əлде Орысша Қазаққа Міндетпе.
жəй Қазақ 2017-05-15 22:49:06
Сорлы Қазақ, мұның арты не болатынын біле тұра, білмеген боласың. Ақырған Орыстың өзі Алясканы қайтара алмаған. Ел ақсақалы Синның қолын ұстағанға мəз.
Сергек 2017-05-15 22:32:05
Мына көзқаман временщиктер қазақ елінің түбіне жететін болды-ау. Ай, заман-ай, заман-ай.
маке білгіш 2017-05-15 20:02:58
Өте өкінішті барлығын осылай өзіміздің қаражатымыз жоқ деп сата берсене болды келешегіміз неболады?
Че 2017-05-15 18:22:10
Сатып туыс құда жегжат күйеу бала немерелеріне бөліп берсін пайдасын президент.
Сапар 2017-05-15 17:49:35
Сонда не болды бизде не калды китайларга бермеген нарсе.
Дана Қазақ 2017-05-15 14:46:30
30 апреля 2017 г. Германия установила новый национальный рекорд использования возобновляемых источников энергии. В этот день 85% всей потребляемой в ФРГ электроэнергии было произведено из возобновляемых источников - ветра, солнечной энергии, биомассы и гидроэлектроэнергии.......................................................................................................https://cleantechnica.com/70-80-99-9-100-renewables-study-central/

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 21713