Дүйсенбі, 24 Шілде 2017
480 1 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 09:19

Өзбекстандық тігіншілерді Астраханға жұмысқа шақырып жатыр

Өзбекстан азаматтарын Ресейдің Астрахан қаласындағы «Хаска» кәсіпорнына жұмысқа шақырады. Бұл жөнінде Өзбекстанның сыртқы миграция жөніндегі агенттік Facebook-тегі ресми парақшасына жариялады.

Жұмысшыларды сыртқы киім тігуге шақырады, тігіншілердің кәсіптік білігі болуы шарт.

Жұмыс екі ауысыммен жүреді екен. Жұмысшыларға қойылған талаптың бірі, орыс тілін аз да болса білу қажет.

Айлық еңбек ақылары 20 мыңнан 40 мың рубльге дейін, сыйақы берілуі мүмкін.

Патент әзірлеуге кететін 8 мың 600 рубльді жұмыс беруші тарап төлейді делінген агенттік жариялаған хабарламада.

Абай-ақпарат

1 пікір
Есенгелді 2017-05-16 14:58:12
Енді дұрыс қой. Онда, Астраханьға өзбек тігіншілері бармағанда, кімдер барады?! Біздердің тігіншілер Инені сабақтау мен тігін машинасының қай нүктесін басатынын ұмытқалы қашан. Жалпы, сол тігіншілер біздің елде бар ма екен?!

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 21713