Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
4033 1 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 09:21

Мешітте болған төбелеске қатысты шара қолданады

Қырғызстанның Шу облыстық ішкі істер басқармасы мешіттердің бірінде болған төбелесті түсірген видеоны тексеріп жатыр. Мұсылмандар діни басқармасы оқиғаны екі ер азамат арасында болған дөрекі төбелес деп бағалайды.

Мешіттегі төбелес түсірілген бейнетаспа 13 мамырда әлеуметтік желілерде пайда болып, қолданушылардың жаппай пікір-талқысына түскен. Бір минөттік бейнетаспада, мешіт алдында діни киімдегі екі жігіт бір-бірлерін жұдырықтайды. Жанында тұрғандар жұдырықтағанды «Батыр!» деп қолпаштап жатыр.

Мұсылмандар діни басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Мақсат Атабаев оқиға бір ай бұрын жергілікті мешіттердің бірінде болған дейді. Ол жұдырықтасқандардың "Таблиғи жамағат" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) өкілдері екенін теріске шығарады. Мешітке келушілердің өмірге деген көзқарасы төбелеске себеп болыпты.

«Екеуі сөзге келіп қалған. Бір-бірлеріне деген өкпелерін тоқтата алмаған. Бірақ оларды ажыратқан. Қазір екеуі татуласқан», - дейді Атабаев.

ІІМ баспасөз хатшысы Бақыт Сейітов төбелес ісіне қатысты тергеу ісі жүріп жатыр деді. Оның сөздерінше, 10-бөлім қызметкерлері азаматтар, мешіт қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша міндетті түрде шара қолданылады деді ол.

Абай-ақпарат

1 пікір