Бейсенбі, 23 Қараша 2017
561 0 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 09:26

Ресей Беларусь әуе жолаушыларына бақылау енгізді

15 мамырдан бастап Ресейде Беларусьтен келетін және кететін үшінші елдің азаматтарына қатысты шекаралық бақылау күшіне енді. Екі ел арасындағы рейстер әуежайдың халықаралық секторына ауыстырылған деп хабарлайды РИА Новости.

Жаңа ереже егер отырғызу талондарын сақтаған жағдайда, ресейлік және беларусь азаматтарына қатысты болмайды. Минск болса Ресеймен арадағы рейстерге шекаралық бақылау болмайды деп мәлімдеді.

1 ақпанда Ресейдің ФСБ басшысы Александр Бортников Ресей мен Беларусь арасындағы шекарадан арнайы аймақ құруды тапсырған. Ресей билігі бұл шара екі ел азаматтарына кедергісін тигізбейді деп мәлімдеген.

9 қаңтарда Беларусь Еуроодақ және АҚШ елі кіретін 80 елдің азаматтарына бес күнге дейін визасыз режим енгізгеннен соң, Ресей арнайы аймақ құратынын айтқан.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10411
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18633