Жұма, 29 Наурыз 2024
3284 0 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 09:29

АҚШ Сирияны жаппай адам өлтіріп, оны өртеді деп айыптады

АҚШ-тың президент әкімшілігі Сирия президенті Башар Асад режимін түрмедегі мыңдаған адамды жаппай өлтірді деп айыптады. Мемлекеттік департаменттің мәліметіне қарағанда, өлтірген адамдардың денесін Дамаск түбіндегі арнайы крематорияда өртеген. Мәселе Саиднийя қыстағына қатысты.

Америкалық сыртқы саяси мекемесі сотталғандарды өлтіріп, өртеген ғимараттың суретін жариялады. Осыған дейін Саиднийядағы жаппай азаптау мен адам өлтіру жайында Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы мәлімдеген. Құқық қорғаушылардың мәліметіне қарағанда, 2011-2015 жылдары түрмеде 13 мың адамды өлтірген. Бір күнде 40–50 адамды өлім жазасына кескен.

Amnesty International өлім жазасын тек ғана әскери-құрлық соты ғана шығара алады дейді. Тұтқындар азаптау кезінде қылмыстарды мойындаған. Баяндамада құқық қорғаушылар түрмеден аман шыққан ондаған адамның сөздерін келтіреді.

Баяндама авторының бірі Дайен Сенаанның сөздерінше, аптасына бір рет тұтқындарды камерадан шығарып, елу адамды топтастырып, басқа түрмеге ауыстырамыз деп мәлімдейді. Бірақ шындығында оларды жерастындағы бөлмеге апарады. Онда тұтқындарды азаптап, дарға асу арқырылы өмірлерін тоқтатады. Кейде тұтқындарға бір ауыз сөз айтпастан, көздерін байлап, өлім жазасын орындап отырған. Мұның бәрі Сирия үкіметінің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен өтеді.

Вашингтон Сирия билігін адам құқығын бұзып отыр деп бірнеше мәрте айыптаған. Атап айтқанда, АҚШ билігінің ақпараты бойынша, Асад әскері қарулы оппозицияға қарсы бірнеше мәрте химиялық қару қолданған. Дамаск болса, айыптардың бәрін жоққа шығарады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622