Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017
657 4 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 09:31

Журналист Есіргеповке жасалған шабуылға қатысты тергеу басталды

Қазақстанның ішкі істер министрі полиция «Журналистер қауіп-қатерде» қорының жетекшісі әрі журналист Рамазан Есіргеповке жасалған шабуылды тергеп жатыр деп мәлімдеді.

ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Садубаевтың хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу ісі басталған. «Есіргепов жолсерікке таңға сағат 4-те (14 мамырда) әлдекімнің өзіне пышақ сұққанын хабарлаған. Жолсерік болған оқиға жайында Шу станциясының медпункті мен полицияға хабар берген. Жәбірленуші үш пышақ жарақатын алған. Қазір оның өміріне қауіп жоқ», - деді ол.

Шу станциясының ауруханасында жатқан 61 жастағы Есіргепов өзіне жасалған қастандықты кәсіби қызметі және азаматтық белсенділігімен байланыстырады.

Дәрігерлер Рамазан Есіргеповке операция жасалғанын, жағдайының бір қалыпты екенін айтады. Журналистің әріптестері оны Алматыдағы емханаға ауыстыру қажеттігін көтеріп жатыр.

Шабуыл Рамазан Есіргепов Астанаға кетіп бара жатқан пойызда орын алған. Ол Еуроодақ елдерінің өкілдерімен кездесіп, Қазақстандағы сөз бостандығы, адам құқығы жағдайын сөз етпекші болған.

Абай-ақпарат

4 пікір
Руза 2017-05-18 12:58:55
ештеңе таппайтыны белгіліғой). Өздерінің тіс қайрап отырғандарының біреулерін кінәләй салады...
Сайран 2017-05-17 12:03:43
Қазіргі заманда ең актуальды Дін емес немесе Тамақ жеу, Ақша жеу емес!!!!! Тек ғана Қазақстанның емес, бүткіл әлем елдерінің. Кибер террористтер 2016-2017 жылдары 10-рет әлемдік дәрежеде "сходка" жасап, енді міне Бүткіл компютерге, Интернетке сеніп алған елдерден ДАНЬ (КӨП АҚША) - алуды бастады. Олар, кибер террористер, анау Сирияда бықсып-сасып, бұттары шіріп жүрген террористерден басқаша, өте интелектуальды террористер!!!!! Бұл киберр шабыулдар енді тоқтамайды. Тоқтату мүмкін емес болады!!! БІРАҚ ТОҚТАТУҒА БОЛАДЫ !!!!! тОҚТАТУ - ӨРКЕНИЕТТІ (тупойларға: - Цивилизация деген сөз). Оның үстіне Қазақстанда хаккерлер тіптен жоқтың қасы. Өзіміздің хаккерлер әйтеуір, дені дұрыс болса "блок" қойуға көмектесер еді (ақшаға). Бізде, безпонтовый ваххабисттерден басқа ешкім де жоқ. Қолдарына электроника ұстап жүрген!!!! Бүткіл бухгалтерлік есеп-қисап (С1 - экзельде) Ұшу-қону мен поезд кестесі, толып жатқан дүниелердің барлығы бір әңгүдік хаккердің құзырына көшеді. Осы, 21-ғасырдың қасіреті Хаккеризм туралы білгіштер не айтып жатыр, мен не айтам. Білгіштер, ештеңе айтқан жоқ, бастарын шайқады, себебі ол бастың ішінде ештеңе жоқ (судан басқа). Ал, менің айтарым: - жақын болашақта Интернет, Эл.пошта (барлық түрлері) барлығын ұмытатын боламыз. Өйткені, хаккерлер осы әлемдік жүйе арқылы ұлкен кәсіпорындар мен банклердің арнайы сайттарына еніп, парольін бұзып жатыр. Болашақта Интернет болмайды. Интернет болады, бірақ Ұлттық болады. Өзбек Интернеті, Әзербайжан, Финляндия, Шейцария Интернеттері. Күлмеңдер, дәл осылай болады!!!!!!!!! Осыған дайындалыңдар!!!!! Қытай, бұл кесапатты алдын-ала сезіп 2013-2014 жылдары Feisbuk, Watsap, Instogram сияқты сасыған месенджерлердің таза Қытайлық баламаларын шығарды. Сенбесеңдер, барып келіңдер Қытайға, Қытай болашақ көршіміз ғой біздің. Қай елде, ғарыштық серік (жартылай Қазақстандық Kazcat-2) сол елдер, жақын болашақта тек ел ішінде қолданылатын Интернетті пайдаланады. Әлем бойынша ең безопасный Факс қолданылады, сосын жәй Телефон, простой Телефон. Яки, Таз күйімізге қайта түсеміз, өйткені, бізді көктегі Тәңір ұлттарға бөліп, тілдерді әртүрлі қылып жаратты. Ал, Шайтан азғырған кейбір ұлттар өздерінің тілдерін бүткіл Әлемге тықпалады, келіп. Ал, нәтиже болса Мынау.......
Мақсұт 2017-05-16 22:34:06
Апыр -ай, ә! Біздің Елбастының осыдан басқа жұмысы жоқ па?! Қашан тиым болады?
Ашынған қазақ 2017-05-16 18:33:56
****Шабуыл Рамазан Есіргепов Астанаға кетіп бара жатқан пойызда орын алған. Ол Еуроодақ елдерінің өкілдерімен кездесіп, Қазақстандағы сөз бостандығы, адам құқығы жағдайын сөз етпекші болған***** Міне осы ғой енді! Бар пәле осында! Бұл тағы да сол , "басқаша ойлайтындар" мен "демократиялық құндылықтарды жоғары қоятын" қоғам белсенділерін қорқытып-үркіту үшін жасалған ҚАСТАНДЫҚ!!! Тапсырыспен атқарылған ТЕРРОРЛЫҚ ӘРЕКЕТ екені айдан анық!!! Тапсырушының кім екені баршамызға БЕЛГІЛІ !!! ҚАЙДА БАРА ЖАТЫРМЫЗ , ҚАЗАҒЫМ -ау?! Мынадай сұмдықтарға тоқтау бола ма , жоқ па?! .

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5791
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 12092