Жұма, 29 Наурыз 2024
4399 7 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 09:33

Назарбаев қытайлық "Бір белдеудің" "күшті тұстарын" айтты

Қытайда "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысып жатқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңнің Жібек жолын жаңа форматта дамыту ұсынысы "әлемдегі күшейіп келе жатқан саяси, экономикалық және гуманитарлық дағдарыстарға уақытында берілген жауап" екенін және "жаңа геоэкономикалық парадигма түзуге мүмкіндік тудыратынын" мәлімдеді.

"Бірлескен даму арқылы тұрақтылық орнату" әдісі қазір ондаған елдің экономикалық мүддесін қамтитын халықаралық ынтымақтастықтың жағымды формасы саналады. Осыған байланысты қазір Жібек жолының белгілі бір контурлары айқын болып тұрған кезде бұл макроаймақтық кооперацияны бірлесе іске асыру керек. Сонымен қатар Жібек жолы бастамаларын іске асыру тұтас аймақтарды, оның ішінде Орталық Азияны ғаламдық деңгейге жаңаша көрсетуге жол ашады" деді Назарбаев.

Қазақстан президенті сонымен қатар Жібек жолы экономикалық белдеуі Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразия экономикалық одағы мен Еуропа Одағын тиімді байланыстыруы мүмкін екенін айтты.

Назарбаевтың сөзіне қарағанда, көлемі артып келе жатқан транзиттік потенциалды игеру үшін тауар айналымын қызмет көрсету сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді жою арқылы жеңілдету керек. Назарбаев Қазақстан биыл бұл мақсатта "нақты шаралар жасап жатқанын" айтты. "Бұл сараптама мен тиісті қаржыны қажет етеді. Азия инфрақұрылымды инвестициялау банкі мұндай бағдарламаларды белсенді түрде қаржыландыруы қажет деп ойлаймын" деді.

Қытай биыл өзінің Иу қаласынан Лондонға тіке жүк пойызымен тауар тасымалдай бастаған. Пойыз аралығы 12 мың километрге жуықтайтын жолды 18 күн жүреді. Пойыз маршруты Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия, Бельгия және Франция арқылы өтеді.

Абай-ақпарат

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576