Дүйсенбі, 24 Шілде 2017
46 - сөз 1036 3 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 10:11

Ни босап шығады да, Марал Қадыр 7 жылға сотталады

1 миллион доллар пара алған Ни босап шығады да, 45 000 теңгені сөмкесіне қорқытып, үркітіп салған Марал Қадыр 7 жылға сотталады.

Марал жетім қыз, жесір келіншек, жалғызбасты ана болатын. Оның кінәсіз екенін бүкіл әріптестері, облыс жұртшылығы, ақсақалдар алқасы айтып, соттан араша сұраған. Ал, әріптестері қайтқан анасына ұжым болып жинап берген батаға деген ақшаны пара ретінде тіркеу, еш адамгершілікке жатпайды ғой!

Қырық бес мың теңге үшін жеті жылға соттап, мүлкін кәмпескелеу, өмір бойы мемқызметке жолатпау бұл енді цирк. Сот үкімін естігенде Каспий күңіренді. Міне, саған мемлекет. Ал, жыртылыңдар, "Алға, Қазақстан!

Оңғар Қабденов

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір
Нұргүл 2017-05-30 02:57:21
Осы әйелді тергеп отырған тергеушілерде , фин-пол, арыз жазушы, сотта, Құдайдан қорықса еді, әділ шешім шығарылмаған. Бұл бұлардың сыбайлас екенін көрсетеді керісінше, қарғыс атқыр көре алмаушылар сендерге айтарым біреудің өмірімен ойнамаңдар, Алла жазаларыңды береді, адамды алдасаңдарда Құдайды алдай алмайсыңдар. 13 жасар қызының өмірін өксітпеңдер, аяушылық танытпайтын қатал меді жүректерің, бәріңніңде апаң, анаң, қарындастарыңыз ба₽ , түпкі тамыры қақпанға түсірдім деп отарған шығар, билікте, абыройсыз қылған нес жасы келген ананы! Тас жүректер жүректеріңді жібітіңдер, алдыңызға келеді істеген жаманшылықтарыңыз, Алланың көзі түзеу.
Ашынған қазақ 2017-05-16 18:43:24
Бұл соманы Маралдың өзі-ақ төлей салар еді ғой?! Бірақ оларға 45000 теңге қымбат болып отырған жоқ , оларға Маралдың жеке басының "табанда" , езіліп жатқаны керек қой, шамасы! Марал деген кім екен , мына жағдайдан аңғарғаным - ол оппозицияны жақтаушы , ұлтжанды , патриот азамат болуы керек... Сондықтан да оны , әлгі Е.Жовтис сияқты түрмеге тығу керек болған! "Жоғарыдағылардың" бәрін де , №1-ден бастап - иттің етінен де жек көремін! Қарғыс атсын , Құдай бар болса!!!!
Төре 2017-05-16 11:52:39
Мынау шын болса, (Нидің жағыдайы белгілі, оның әкесі 01-дің қапшығы болған, атақты "Вәке" екен ғой, шамасы) азғындаған басқару жүйесі, сот жүйесі біздің түбімізге жетеді? Ағайындар-ай, біз қандай ел болдық, қайда кетіп барамыз? Осыған жауап беретін жан бар ма? Сорлы баланы 45 000 теңге үшін соттамай-ақ біреуміз төлей салайықта? 1 миллион доллар емес қой, бір айлық зейнет ақымнан-ақ төлей салар едім? Амал не қайда төлерімді білмеймін?

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 21713