Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017
46 - сөз 832 2 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 10:18

Қытайдың аса үлкен амбициясы

Бүгін Қытай өз тарихындағы ең үлкен қадамның бірін жасады. Ол "Бір белдеу-бір бағыт" атты экономикалық даму жоспары.

Аталмыш жобаны ұсыну арқылы Қытай әлемдік гегемондыққа ұмтылатынын анық байқатты. Өйткені бұл жоба екі ірі бағыттан тұрады. Олар: "Құрлықтық экономикалық Жібек Жолы" және "21 ғасырдағы мұхиттық Жібек Жолы" атты қос бағыт. Жоба шынайы тұрғыдан жүзеге асса әлем халқының 63% қамтып, жылдық қаржы табысы 21 трлн долларға жетуі мүмкін.

Аса үлкен амбиция. Анау-мынау айтса күлер едік, бірақ Қытайдың бұл жобаны асыруға мүмкіндігі де, ниеті де жетерлік. Бірақ бір ғана сұрақ: Асыруға мүмкіндік бере ме? Менің ойымша АҚШ бұл жобаға көз жұмып қарап отырмайды. Өйткені бұл тек қана АҚШ экономикасына ғана емес, оның әлемдік үстемдігіне төнетін үлкен қауіп. Бұл тікелей долларға соққы жасайтын қатерлі Қытайлық қадам. Неге десеңіз, Қытай бұл жобаны сәтті жүзеге асырса, онда өзі сауда жасайтын әлгі әлем халқының 63%-мен сауда қатынасын юаньда жүргізетін болады деген сөз. Ол сәтте доллар өзі-ақ екінші позицияға түсіп қалар еді. Ондай жағдайға апаратын жобаға Вашингтон аузын ашып қарап отырмасы анық. Сондықтан жақын арада үлкен саяси шешімдер қабылданса таң қалмаймын. Мысалы СУАР(ұйғыр автономиясы) қайта тұрақсызданса немесе Тибет аймағы бір тыпыршыса, Тайваньға АҚШ қаруы келіп жетсе, тіпті Пекинмен шектесетін Солтүстік Кореяға соққы жасалса таңданбаңыз.

Асхат Хасенғали

Facbook-тегі парақшасынан

2 пікір
Мақсұт 2017-05-16 22:30:26
Америка... Қытай... сонан соң қайта оянған Мұсылман Әлемі... Менің ойымша - АҚШ-тың күні батып барады, Қытайлар да ұзаққа бармайды. Болашақ -Мұсылман Әлемінде! Өйткені -қалалар соғысы, құрылым, системалар соғысы, жер талас, ел таластардың уақытты бітті, Ендігі жерде Дін, Сенім тартыстары туып келеді.
Есенгелді 2017-05-16 19:51:12
Енді Қытай ешбір мемлекет атаулыдан қорықпас. Жер бетіндегі. Құрылыс индустриясы, халықаралық сауда-саттықтан да асып кетті. Мысалы, өткен 5-жылдықтың соңында Бір жылдың (12-ай) ішінде бүткіл инженерлік инфрақұрылымы түгел, таза жерден 20-миллион халық тұратын шағын поселке салынатын болса, соңғы жылдары, сол 20-миллион халық тұратын шағын поселкені 6-айда салатын дәрежеге жетіпті. Әскери-қару жарағын айтып қажет емес. Біз көрмеген қарулар жетіп артылуы мүмкін. Айға ұшып барып Гелий-2 тасымалдауды ойластырып жатқан Қытай комонавтикасы, ең алдыңғы қатарлы деп есептеңіз. Оның үстіне, құрлықтық "Жібек жолы" жобасын қорғауға Рессейде мүдделі. Бұл дегеніңіз, Рессей мен Қытай арасында жобаны сыртқы күштерден пәрменді қорғау келісім шарттары болуы керек. Рессей мен Қытай бұрыннан әскери серіктес мемлекеттер. Бұны екі мемлекет те жарнамалап, айтпайды. Бір қытайлықтың (бизнессмен) : - "зіңіз барып, өз көлігіңізбен Қытайдан тауар алам десеңіз, барып, кез-келген тауарды өзіндік құнына алып беруге мүмкіншілік жасай аламын, тек, қалтаңызда қытайлық вальюта юань болсын" дегені. Сонықтан, қазіргі Қытай экономикалық, әскери күш-қуат алып кетті. Бұл державаны ешбір ел тоқтата алмайды. АҚШ -баяғы "әніне" салып, неше түрлі провакациялар, құйтырқылар жасауы мүмкін. Бірақ одан ештеңе шықпайды. Тек, Батыс қытай провинциясындағы "пушечное мясо", "разменная монета" болып шығатын, баяғы мұсылман халықтар: Ұйғырлар, қазақтар т.б. Сондықтан Шынжандағы мұсылмандарға АҚШ-тың провакациясына "түсіп" қалмаңдар деген ақппаратты жеткізу керек. Босқа қырылып қалады. Қытай үкіметі Шынжандағы мұсылмандарға ешқандай ұлттық автономия бермейді. АҚШ- әдейі, "діни дүрдараздықты қоздыруы" мүмкін. Себебі, аңғал мұсылмандар оған рухани "дайын" екендігін бүткіл Батыс әлемі біліп болды ғой.!!!!!

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5792
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 12092