Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Қауіп еткеннен айтамын 5127 1 пікір 18 Мамыр, 2017 сағат 09:26

Шындықты айтқаным үшін сотталамын ба?

Қазіргі адамдар мынандай болып алған, өздері бірнәрсені былықтырып-былықтырып күнә жасауда шектен шығып алады да, ал енді оған өзге бір адам келіп қатесін бетіне ашық айтып, ел-халқының алдында әшкерелеп тіліп жіберсе, онда дереу оны сотқа береді. "Менің арыма тиді, іскерлігіме, беделіме нұқсан келтірді" - деп, оттайды. Ар мен бедел тек қана соларда секілді. Мысалы, өткенде жарияланған "ұрлық" мәселесіндегі мақаламызға байланысты Қошанұлы Нұрлан деген азамат Талпақов Мұхиттың үстінен ІІ Бөліміне шағымданыпты. Талпақов Мұхитты Ержан есімді тергеуші тергеуге шақыртыпты.

Дереу қимылдайтын ІІ Бөлімі қызметкерлері Талпақов, Қорғанбаевтар арызданғанда неге дәл осылай ширақ қимылдамады? Бұл біржақтылық емес пе? 14 баптың "Заң алдында адамдардың бәрі бірдей" деген жерін білмей ме екен әлде? Бұл бір.

Екінші мәселеде, көзбе-көз халықты алдап, қызметкерлерін негізсіз "статьямен" қызметтен қудалаған, Жылой ауданының териториясын ластап, экологияны бұзған, мемлекет қаржысын қымқырған Ыбыраев Балтабай шындықты жеткізген Тұрар Шапқараның үстінен Жылой аудандық сотына арыз түсірген. Сот Тұрар Шапқараны мамырдың 19 шы жұлдызына шақырған. Мынасы тіптен қызық екен? Мал ұрлап ұсталған ұрылардың ісінде "қылмыстық факті жоқ" болып тұрған заманда, халықтың сойылын соққан Шапқараның ісі қылмыстан тұнып тұр екен ғой. Шапқара түрменің түбінде шіриді екен ғой. Адам баласы бірнәрсе жасарда сәл ойлану керек еді, қазіргі жалған намыстылар ақша төлеп ұстап отырған заңгерлеріне "Мынаны сотқа бер" деп бұйрық бере салады. Сосын оның арғы жағы "Кімнің нанын жесең - соның сөзін сөйлейсің" дегенмен аяқталады. Онда ұрпақ үшін істелетін барлық жұмыстарды ысырып тастап, ұрпаққа өнеге ретінде өмір бойы бір-бірімізбен бет жыртысып соттасып өтейік.

Халықов атындағы мектептің жанындағы көлшікке айналған канализация лас суларына, 8-ауылдағы, ОЭС маңындағы КНС жанындағы көлшікке айналған канализация лас суларына кім жауап береді? Бұл мәселеде Балтабай сүттен ақ, судан таза ма? Жалған намысын қорғаушы Балтабай заң алдында жауап бергісі келмейтін сияқты, онда халық алдында жауап беретін болады! Ұлт, болашақ жанашырлары!

Тұрар Шапқара

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3495