Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017
46 - сөз 688 1 пікір 18 Мамыр, 2017 сағат 09:54

Қаламызда тіл тазалығын қадағалайтын органдар не қарап отыр?

Бүгін "Меломан" дүкенінен кітап алуға барған едім. Аралап жүріп, көзім төменгі аудармаға түсті. "Современная" дегенді "замандас" деп қойыпты.

Әрине қазақ тілінде сөз мағынасы жанындағы сөзге байланысты өзгеруі мүмкін. Дәл мына жағдайда "современная" сөзі "замандас" емес, "заманауи" деп аударылғаны дұрыс секілді. Замандас деген адамға айтылады ғой. Сондықтан дүкен қызметкерлеріне аталмыш қателікті түзеп, жөндеуін сұрадым. Ауыстырамыз дегендей болды.

Жалпы қаламызда тіл тазалығын қадағалайтын органдар не қарап отыр?! Көшенің кез келген бұрышынан қате тауып алуға болады. Өкініштісі, қайғылысы қазақ тіліндегі. Осы мәселені дұрыстап қолға алу керек сияқты.

Асхат Хасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір
мен 2017-05-18 11:02:38
Балам Асхат маг-дерді аралапсың дұрыс,енді аялдамаларға барып əсіресе -Райымбек-Абылайхан қиылысындағы аялд.сол жердегі айқайлап тұрған по ташкенск.прямо деп тұрғандарға шолу жасасаң тіл тазалығы туралы,дұрыс болар еді-бір-екі рет айтып едік оларға жынды ма деді,сол жердегі көпқабатты үй тұрғындарын аяйсың бір жағынан көліктердің ызы-қиюы-екінші жағынан кешкі онға дейінгі по ташкентск.прямо деген айқайды есітіп отырған олар терезелерін ашпай өмір сүреді-ау.кондукторларды тіл тазалығын сақтауға шақырмаса бұл елде шұбарала тілді ел деп түсінет басқалар-өз тілі бола тұра өзгеге тəуменді сорлы ел деп түсінеді.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5693
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 11913