Сейсенбі, 30 Мамыр 2017
19 Мамыр, 2017 сағат 10:27 Жаңалықтар 341 2 пікір

Алматыда Қырым татарлары диаспорасы депортация құрбандарын еске алды

Бүгін Алматыда Қырым татарларының "Ватандаш" мәдени орталығында 1944 жылы совет диктаторы Иосиф Сталиннің бұйрығы бойынша жүргізілген депортация құрбандарын еске алды.

Еске алуға жиналғандар «Гузель Къырым» («Көрікті Қырым») әнін айтты, сонымен бірге депортация куәгерлері - үлкен буынның әңгімелерін тыңдады. Қатысушылар ескер алу шарасын Орталық саябақтағы депортацияланған Қырым татарларына арналған аллеяда білте шамын жағумен аяқтады.

1944 жылы 18 мамырда Қырым түбегінен Орталық Азияға Қырым татарларының алғашқы легі жөнелтілді. Үш күнде Қырымнан Орталық Азия елдері мен Сібірге 180 мыңнан астам адам күштеп қоныстандырылған. Олардың 30 мыңнан астамы алғашқы жылы аштық пен суықтан құрбан болды. Украинада жыл сайын депортация құрбандарын еске алады. Ресей билігі 2014 жылы Қырымды аннексиялап алған соң Қырым татарларының белсенділеріне бұл күні көпшілік шаралар ұйымдастыруға тыйым салған.

"Ватандаш" орталығының мәліметінше, Қазақстанда үш мыңға жуық Қырым татарлары тұрады.

Abai.kz

2 пікір
Бақтияр 2017-05-21 11:13:28
Панғаю Өйткені бұлар түрік халықтарының ішіндегі бізге ең жақын туыс болып келеді. Сондықтан олардың аэаттық жолындағы күресіне мейлінше қолдау көрсету керек.
Пан 2017-05-19 12:47:55
Бұлар елдеріне қайтпай мұнда неге жүр? Отаншыл болса еліне бару крек қой.

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 6372