Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017
Жаңалықтар 989 0 пікір 18 Шілде, 2017 сағат 10:41

Рухани жаңғыру: адами капитал сапасы

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Қорының жанындағы әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) «Жаңғырудың басты факторы ретіндегі адами капитал сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – адами капиталды дамыту бойынша мемлекет тарапынан атқарылып жатқан бағдарламалардың жүзеге асу нәтижелілігін кешенді әрі объективті түрде қарастыру, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-мәдени жаңғыруын жүзеге асыру аясындағы түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастыру.

Қазақстанда адами әл-ауқаттылықты арттыру мәселесі мемлекет дамуындағы негізгі міндет болып табылып, басты стратегиялық құжаттарда көрініс тапқан. Мемлекет басшысының 2015 жылы жария етілген «Ұлт жоспары – бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамында» ЭСДҰ стандарттарының негізінде адами капиталды дамыту басты міндеттердің бірі ретінде аталған. 2017 жылы Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстанда адами капиталдың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар міндеттемелер көрсетілген болатын.

Адами дамудың халықаралық рейтинг-индексіне сай Қазақстанның позициясы айтарлықтай орнықты, себебі, еліміз АДИ деңгейі жоғары мемлекеттердің қатарына кіреді. 188 мемлекет кіретін тізімде біздің еліміз бел ортадан орын алған. Жалпы алғанда, 2015 жылғы көрсеткіштер бойынша Қазақстанның даму деңгейі өзге Орта Азия елдерінен көш ілгері, алайда, посткеңестік Балтық елдерімен әлі де салыстыруға келмейді.

Адами капиталды қалыптастыруға мемлекеттің денсаулық сақтау, білім беру мен кәсіби даярлау және өзге де салаларындағы саясаты ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл саладағы зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, нәтижелі қалыптастыру мен қолдану шарттары негізінде адами капитал экономикалық өсімнің ырғағы мен сапасына оң әсер етуі мүмкін.

Дөңгелек үстел аясында келесі сұрақтар талқыланды:

- Адами капиталды дамытуға арналған мемлекеттің күш-жігері мен инвестициялары қаншалықты өзекті?

- Қазақстанда адами капиталды дамытуға қандай факторлар тосқауыл қояды?

- Бұл саладағы жағдайды жақсарту үшін мемлекет тарапынан тағы қандай шаралар қолданылу қажет?

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстанның ғылыми-зерттеу мен аналитикалық құрылымдары саласындағы белгілі сарапшылар, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардардың өкілдері қатысты, олардың қатарында: Айдархан Құсайнов (ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі), Жанар Жандосова («Сандж» зерттеу орталығының директоры), Властимл Самек (БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің ҚР өкілі), Сергей Домнин («Эксперт-Казахстан» іскерлік журналының бас редакторы), Асқар Нұрша (ӘЭСИ Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі), Юрий Булуктаев (ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері) бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5739
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 12011