Сенбі, 18 Қараша 2017
Деп жатыр 2452 13 пікір 19 Мамыр, 2017 сағат 11:00

Әбдрайымов әртістерді жылу жинауға шақырды

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов актер Тұңғышбай Жаманқұловты қолдады. Әнші жылу жинап, Жаманқұловты соттан арашалап алуды ұсынды, деп жазады stan.kz.

Өнердегі ағасы үшін “шырылдаған” Бағлан бұл ойымен желідегі парақшасында бөлісті.

“Я, Алла! Ақты – ақ, қараны – қара, деп ажыратып берші! Адамдар неге пенде екенін ұмытып, түзу бола қалады? Кім қателеспей жатыр? Кім жемей жатыр? Өмір бойы өнерге шын қызмет етіп, жетпіске таяғанда (69 миллион) тағдырын талқан етпекші ме? Жазғыштарым-ай, жазыңдар енді…

Біреудің купальнигі мен табысын санап, бірінің байын, бірінің қатынын санап, белден төмен өсек жазып. Шынын жазыңдар! Ел ағасы жайлы жазыңдар, ақиқат іздеңдер, сенсация жасаңдар! Ашығын xалық білсін! Расында кінәлі болса, 69 миллион доллар емес қой, теңге. Өнерді бағалайтын қалталы азаматтар болса, көбірек шығарсын, қалғаны шамасына қарасын. Расында қарыз болса алсын. Теріс болса Қияметте есеп қыларсыздар.

Елдігің қайда, бірлігің қайда? Ағаның шәкірттері қайдасыздар? Ес білер жауапты біреуіңіз қолға алыңыз. Есепшот ашыңыз! Қарап қалмаңыздар! “Ақ жүніс” журналын немесе интернеттен тауып оқыңыздар. Тақырып түсінікті болу ушін. Елбасы мен әділ сотқа ғана үмітті, аға! Сот әділетсіз болса ше? Ақталуына ат салысып, 70 жылдық тойын атап өтейік! Алла сол күнді нәсіп етсін!” – деп жазды Бағлан.

Желідегілердің басым бөлігі әншінің пікірін қостап отыр.

Abai.kz

13 пікір
001 2017-05-22 09:27:53
Әбдірайымов сияқты ұрыны қолдайтын жастар тұрғанда елімізде ұрлық ешқашан жойыламайды!!!!
тТт 2017-05-21 23:09:47
Пара алсаң көптеп ал, құтылуың оңай. Пара алсаң қиқымдап, тұтылуың оңай.
Қарағандылық 2017-05-21 16:40:36
Жаманқұлов пара алады,оны сот алдында мойындайды екен...Ең қызығы,алған ақшасын қайтармайды,енді оған қаржылай көмек керек екен.Барып тұрған надандық!!!
Мақсұт 2017-05-21 13:57:15
Соңғы кезде осы бір ағамыз "Абай" сайтында жиі -жиі көрініп кетті. Көпшілігіне біз де бір "әу" десіп қалдық. Әңгіменің түп -төркінін ішіміз е сезеді- "Оны төрден кетірген паң Мұхамедидің тепкіні.." Бағлан баланың ұсынысына үн қосып "жылу" беруге мен дайынмын. Менің бүкіл өмірім пара берумен -ақ өтіп келеді....Ендігі жерде атақты бір актерді қорғау үшін Роза (Бағланова) айтқан ақ патшаға да пара беруге тура келсе -берерміз. Бірақ маған Жаманқұловтың екі жаман қылығы ұнамайды. Біріншісі -сыртқы физиономиясы, классикалық шайтанның, ібіліс, әзәзіл , дьявольдің кейпіне ұқсас кейпі, екіншісі -барлық ұры, қары алаяқтардың дағдылы үрдісімен "Е;лбастыдан" араша сұрағаны. Елбастыдан араша сұрау деген -"Мен Ұрымын! Ұсталып қалдым, араша" -дегенге саяды.Кезінде Таразды талан -тараж еткен М, Үркімбаев ұрлығымен ұсталып қалғанда "Мен Назарбаевтың адамымын" -деп жазадан құтылып кеткен. Сорлы Жаманқұлов сол "индульгенциядан" айрылып қалған дүбәрә ғой... Бағлан інім, Билікке беретін параны қайда, қалай аударайық, түсіндір, барымызды жіберейік...
Төреге 2017-05-19 23:55:17
Сабыр етіңіз Абылай өз биігінде қалды оны ешкім соттай алмайды. Əңгіме Абылайды ойлағандар емес ойнвғандар туралы болып отыр ғой...
Төре, Айдосқа 2017-05-19 20:13:16
Абылайды да соттайтын болған ғой апырай а?! Жағың қарыссын! Жағың қарысқыр? Кешір Хан Ием, Айдосты? Айтуға аузыңыз қалай барды?
Айдос 2017-05-19 18:17:21
Пəлі бұл сабаз Абылай емес пе еді?! Абылайды да соттайтын болған ғой апырай а?!
серік 2017-05-19 17:43:27
Жасасын əлемдегі ең əділ ең адал қазақ соты.
серік 2017-05-19 17:43:26
Жасасын əлемдегі ең əділ ең адал қазақ соты.
Курылысшы 2017-05-19 17:42:00
Тагдыр тосын нарсе емес,ол тандау натижеси.
Аскар 2017-05-19 16:21:44
Бул казак кашан адам болады екен? Интеллегенциясынын турi мынау!
Төре 2017-05-19 15:32:44
әртістерді жылу жинауға шақырды! Сонда қалай, жылу жинап сотты сатып алмақ ойларыңыз бар ма? Осы ұсынысыңызбен Жамақұловтың түбіне жеттіңіз! Енді олар сіздерден "пара" алмайды. Параны үндемей береді. Соны білмейтін нағылған әртіссіздер? Өңшең "нақұрыс"!
Есенгелді 2017-05-19 13:30:00
Шәкірттері көмектесті деген жақсы, көмектессе. Ал, шындығында Қазақ киносының шын талантты актерлері А.Ашимов, Н.Ықтымбаев, Н.Жантурин, Н.Орынбасарова, қалғандары талантсыз, аздап топастау, ортанқол актерлер.!!!!! Осыны жастар (актерлікте оқып жүрген) әрқашанда естерінде сақтауы керек.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 9974
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18056