Жұма, 29 Наурыз 2024
3553 0 пікір 22 Мамыр, 2017 сағат 09:08

Тәжікстанда "ұлт лидерінің ізбасарлары" ұйымын құруды ұсынды

Тәжікстандағы орта мектеп мұғалімдері Білім және ғылым министрлігіне "Пайрави пешво" (Ұлт лидерінің ізбасарлары) жастар ұйымын құруды ұсынды.

Жаңа ұйымға орта мектептердің жоғарғы сынып оқушылары қабылданады. "Ұлт лидерінің ізбасарлары" совет кезеңіндегі комсомол ұйымы іспеттес. Ол мектептердегі идеологиялық кемшіліктің орнын толтырады, деп есептейді идея авторлары.

Білім және ғылым министрлігінің қызметкері Самариддин Афгонов ұсынысты министрлік басшылығы қарайтынын айтты. "Қызықты ұсыныс, оны жан-жақты талқылап, бүге-шүгесіне дейін нақтылау түсу керек болады", - деді ол.

Өткен жылы қазанда тәжік президенті Эмомали Рахмон , "Бейбітшілік пен ұлт бірлігінің негізін қалаушы - Ұлт лидері туралы" конституциялық жаңа заңға сәйкес, тәуелсіз Тәжікстанның негізін қалаушы екені жарияланған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596