Жұма, 29 Наурыз 2024
Жөн-ақ 5725 34 пікір 22 Мамыр, 2017 сағат 10:33

ҚР Президенті Назарбаев АҚШ Президенті Трамппен әңгімелесті

Қазақстан Президенті «АҚШ – Ислам әлемі» саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен келіссөздер жүргізді деп хабарлайды aqorda.kz сайты.
Мемлекет басшысы «АҚШ – Ислам әлемі» саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен қысқа келіссөздер өткізді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен әңгімелесті. Әңгіме барысында екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету перспективасы талқыланды. Екі ел президенттері күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлі мәселелері жөнінде Кувейт мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахпен, Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, Йеменнің Президентімен, Мавритания Президенті Мохаммед ульд Әбдел-Әзизбен, Пәкістанның Премьер-Министрі Н.Шарифпен пікірлесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Юсеф бен Ахмед әл-Усайминмен өзара іс-қимылдың кейбір аспектілерін талқылады.

Абай-ақпарат 

34 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3586