Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4033 2 пікір 23 Мамыр, 2017 сағат 10:03

Астана Солтүстік Кореяның зымыран сынағын айыптады

Астана Солтүстік Кореяның 21 мамырдағы зымыран сынағын қатаң сынайды, деп хабарлады Қазақстан сыртқы ісер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов ҚазАқпарат агенттігіне.

Оның айуынша, Пхеьян осы әрекеті арқылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын өрескел бұзды.

"Қазақстан ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікке кәдімгідей қатер төндіріп, халықаралық қауымдастықтың ядролық қарусыз әлем құрудағы ұмтылыстарына нұқсан келтіретін жауапсыз, арандату әрекеттерінің жөнсіз екенін мәлімдейді", - деді Жайнақов.

Астана Пхеньянды әскери ядролық және зымыран жасау бағдарламаларынан бас тартып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын орндауға шақырды.

Солтүстік Корея 21 мамырда орташа радиоусқа арналған баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Пхеньян сынақтың "сәтті өткенін", мұндай қаруларды әскерде пайдалуға дайын екенін мәлімдеді. Зымыран шамамен 500 шақырымға ұшып барып, Жапон теңізіне құлаған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3559