Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017
Мәңгілік ел 3432 1 пікір 26 Мамыр, 2017 сағат 06:54

Жаңа заман фермерлері

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында «Атамекен» ҰКП өкілдері шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардың өкілдері үшін оқыту семинарларын ұйымдастырып жатқандығы  туралы баяндады.

Жетісу өңірінде  мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына арналған, оның ішінде қой өсіру, аквамәдениет, жеміс-жидек, дәнді дақыл, бұршақ дәнділер мен жем-шөптік дақылдарды өсіру мен күтуге арналған семинарлар ұйымдастырылуда. Алғашқы семинар Қарасай ауданында өтіп, бал өндірудің қыр-сырына арналған болатын. Жалпы 26 семинар ұйымдастырылып, онда 400-ден астам адамды қамту жоспарланған. Негізінен семинарлар өзекті болып отырған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру мен жүргізу тақырыптарында өткізіледі.

«Агробіліктілік орталығы аясындағы тегін оқулар екінші жыл қатарынан өтіп келеді. Биыл ветеринар-санитарлық қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Осы саладағы сұрақтар өте күрделі және өзекті болып саналады. Бұл бағытта біз Ескелді және Қарасай ауданында оқу өткіземіз», - деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің басшысы Дәурен Оңалбаев.

Семинарға жас кәсіпкерлермен қатар, тәжірибелі басшылар мен кәсіпорын қызметкерлері қатысуда. Теория мен тәжірибені отандық ғалымдар және шетел сарапшылары жүргізеді. Оқу күні аяқталған соң, барлық қатысушыларға арнайы сертификат беріледі. Айта кетейік, өткен жылы өңірде 135 семинар өткізіліп, оған 2 мыңнан астам фермер қатысқан болатын.

Абай-ақпарат

 

 

1 пікір
Сұлтан, Аман Шота 2017-05-26 10:19:40
Кедейдің кеңесі бітпейді? Бұл нағылған бітпейтін кеңес? Ширек ғасырда кеңесе-кеңесе, басқаны қайдам, биязы мен биязылау жүнді ерте пісіп-жетілетін етті-жүнді асыл тұқымдмы қой өсіру салаларының түбіне жетік емес пе? Оны қайта қалпына келтіру біраз жылдарға созылары сөзсіз... тәжірибені ... шетел сарапшылары жүргізеді, деген не? Басқаны қайдам, қой шаруашалығы саласының қыр-сырын жақсы білетін жас ғалымдар Қазақтың қой шаруашылығы Институтында отыр емеспе? Шетелден "көң" тасудың қажеті қанша? Осы пікірді жазып отырған, Қазақтың биязылау ұзын жүнді ерте пісіп-жетілетін еттіі қой тұқымының тірі авторы а.ш.ғ. докторы "профессор со скотобазы" деген құрметті атағым бар, 47 жыл қой қорадан шықпаған А.Н. Шотаев... Сол тұқым Алматы обылысы, Еңбекші Қазақ ауданына қарасты "Қырбалтабай" т. б. бірнеше ауылдарда өсіруші едік, қазір жұрнағы ғана қалды? Кеңесе беріңіздер... Кеңесу тегін болар шамасы ... осы сала ғалымдарына жалақы төлеу тоқталғаны қашан ... сенесіздер ме, мен науырыз бен сәуір айлары үшін 43 мың тг. жалақы алдым! Мене жетістік! Шетел сарапшылары тегін "ақыл" айтар шамасы...жолың болғырлар... сәттілік тілеймін!

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5791
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 12091