Жұма, 20 Қазан 2017
Абай.tv 1066 2 пікір 4 Маусым, 2017 сағат 23:20

Үсенов Бангкокта ұсталды

Мақсат Үсеновті Бангкок полициясы ұстап әкетті, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

Бұл туралы Facebook желісінде Павел Коктышев есімді қолданушы жазды. Куәгер Үсеновтің ұшақ бортында шылым шеккенін және жұрттың мазасын алғанын жазды.

"Елдің заңы жұмыс істемесе, физика заңдары жұмыс істеуі мүмкін... Бүгін Бангкокке бүгінгі рейспен Мақсат Үсеновпен бірге ұштым. Біздің сотқа сұрағым бар, неге мен сияқты заңға бағынатын азаматты қауіпте қалдырады? Үсенов ұшу барысында тыныш отыра алмады, көршілерін мазақ етті, бастапқыда стюардессалардан шылым шегуге рұқсат беруін жалынып, кейін тіпті 200 бакс ұсынды, сосын ақыры темекі шеккен сияқты, себебі стюардессалар акт толтырып берді. Бірдеңе бүлдірмесін деп экипаждың жартысы оны бақылаумен болды. Өте ыңғайсыз болды. Ұйықтап алғаннан кейін де қууын тоқтатпады, белбеу тағудан бас тартып, арқалығын көтергісі келмеді. Соңында қонған кезімізде жергілікті полиция жасағы оны алып кетті. Экипаж, жарайсыздар!", - деп жазды Facebook желісінде Павел Коктышев.

 

Еске салайық, Мақсат Үсенов адам қағып өлтіргені үшін сотты болған еді. Алайда әлеуметтік желілерде соттың Үсеновке жеңіл жаза тағайындағаны қызу талқыланған болатын.

Abai.kz

 

2 пікір
Керімбек 2017-06-11 20:12:05
"Тышқан ініне кіре алмай жүріп көтіне қалжуыр байлапты" деген осындай сорлылыраға айтылады. Түріне қарасаң бір сорлы сияқты, қылықтары қалай қияңқы, негізі осы чмоның бірдеңесі жетпейді.
Ақсақал 2017-06-07 16:32:34
Осы баланың ата-анасын аяймын!!! Беу, шіркін дүние-ай! "Ұлың жақсы болса - жердің үсті жақсы, ұлың жаман болса - жердің асты жақсы" - деп күңіренген екен бір бейбақ....

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7791
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15064