Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 5761 0 пікір 7 Маусым, 2017 сағат 15:30

«Жасыл орам» кешені ЭКСПО-2017 объектілерінің бірі

Бүгін ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуы қарсаңында Астанада «Жасыл орам» көп функционалды кешенінің таныстырылымы өтті. Кешеннің бизнес-орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және BI Group арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғандығы хабарланды. Аталған Меморандумға сәйкес «Жасыл орам» кешенін ЭКСПО-2017 объектілерінің бірі ретінде енгізу туралы шешім қабылданды. «Жасыл орам» кешені «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «АТФ Банкі» АҚ және BI Group құрылыс компаниясы арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Мемлекет басшысының бастамасымен салынған.

Сондай-ақ, «Жасыл орам» кешені - LEED Campus Group сертификаттауынан өткен ТМД аумағындағы бірінші кешен. Оның тағы бір ерекшелігі - аталған сертификаттаудан қайсыбір жеке тұрған ғимарат емес, бір кешенге біріктірілген ғимараттар тобы өткендігінде. «Самұрық-Қазына» ЖМҚ» АҚ Басқарма басшысы Арман Жетпісбайдың айтуы бойынша, кешеннің тұжырымдамасын әлемдегі 10 үздік сәулет - жобалық компаниялар тобына кіретін AEDAS компаниясы ұсынған. Кешенге пәтерлердің ауданы 43 -120 шаршы м. аралығында. Ал әр шаршы метр құны 400-440 теңге. Нарықтағы бағамен салыстарғанда, үйдің бағасы сәл қымбаттау болғанымен, кешеннің тұрғындары ақшасын коммуналдық қызметі төлемі есебінен үнемдей алады. Қарапайым үйлермен салыстырғында, бұл тұрғын үйдің коммуналдық қызметінің құны 22 пайызға арзан. Айта кетейік, бүгінгі таңда «Жасыл орам» объектісінде 100-ден астам пәтер сатылып үлгерген.

Сондай-ақ, ЭКСПО көрмесін өткізу кезеңі ішінде бірінші отандық электр автобустармен «Жасыл орам» объектісіне дейін тегін бағыт ұйымдастырылады. Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының ең ірі девелопері және операторы болып табылады.

Нұра Матай

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511