Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 7363 8 пікір 12 Маусым, 2017 сағат 11:38

Атамбаев: Қырғыздар мені тірідей өртеп жіберер еді

 

Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаев Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арнайы келіп, көзімен көріп кетті. Көрменің ашылуына қатысты. Халықаралық көрменің ашылу салтанатына арнайы келген 17 мемлекеттің басшысымен қатар тұрды. Бастысы өзі ағалап, жағалап жүретін Нұрсұлтан Назарбаевтың қонағы боп қайтты.

Содан, Алмазбек байке еліне барып, былай деді: "Егер мен 3 миллиард доллар жұмсап, Астанадағыдай көрме өткізетін болсам, қырғыздар мені тірідей өртеп жіберер еді".

Рас-ау, бір емес, екі президентін тақтан құлатып, қуып жіберіп, ендігі бесінші сайлауына белін бекем буып отырған қырғыз жұртының сондай саяси белесенділігі бар. Атамбаевтың да сайлауға қайта түспеуінің сыры сол.

Әңгімемізге оралайық. Қырғыздың "akipress.org" дейтін сайты таратқан хабарда Қырғыз Республикасының Президенті Бішкектегі бір жиында Алмазбек Атамбаев: "Бізде ше? Жол салу үшін миллиард доллар қарыз алсаң, артында машақаты он есе. Өткен жылы Көшпенділер ойынын екінші мәрте өткізу үшін 30 миллион доллар жұмсап ек, артынан қаншама сөз айтылды. Егер мен 3 миллиард доллар жұмсап, Астанадағыдай көрме өткізетін болсам, қырғыздар мені тірідей өртеп жіберер еді. Біз қаржы жағынан шектеулі болып қала бермеуіміз керек. Еліміз ауқатты елдер сапында болуы үшін өзіміз бір жолын, амалын табуымыз керек. Бізде мұнай мен газ жоқ. Біз мұнай мен газдың орнын адами капиталмен толықтырамыз", - депті.

Алмазбек байке бұл сөзді күліп айтса да, күңіреніп айтса да айтты. Қырғызда мұнай мен газдың жоқтығы рас. Ал бізде ше? Бізде мұнайдан да өзге табиғи байлық жеткілікті. Сондықтан да мегажобаларға қаржы жұмсап, өзімізді әлемге танытуға әркез құштар болып жүреміз. Әйткенмен де, Атамбаевтың сөзіне қайрылып бір соғуға тура келетін сияқты. "Егер мен 3 миллиард доллар жұмсап, Астанадағыдай көрме өткізетін болсам, қырғыздар мені тірідей өртеп жіберер еді" деді ол,ә?..

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544