Жұма, 20 Қазан 2017
Жаңалықтар 2607 33 пікір 14 Маусым, 2017 сағат 13:57

Атамбаевтікі қызғаныш па?

Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне жауапты Ахметжан Есімов Қырғыз Республикасының  Президенті Алмазбек Атамбаевқа жауап берді, деп жазады "Время" басылымы.

Сөйтіп, Астана ЭКСПО-2017 ҰҚ АҚ жетекшісі Ахметжан  Есімов Қырғызстан Президентінің ЭКСПО жайлы айтқандарына жауап беріпті.

Өткен жолы Алмазбек Атамбаев: "Егер мен 3 миллиард жұмсап, Астанадағыдай көрме өткізсем, қырғыздар мені тірідей өртеп жіберер еді" деді.

Қырғыз басшысының бұл сөзіне ресми органдар тарапынан еш жауап болмаған. Жақында көрме құрылысына жауапты Ахметжан Есімов "Время" газетіне пікір білдіріп:

-Қырғыз жұрты не істейтіні мен білмеймін. Біздің Президентіміздің әр бастамасы халықтық қолдау тауып жатыр. Мен өзіме тікелей қатысы бар ЭКСПО көрмесі туралы айтайын. ЭКСПО құрылысына Атамбаев мырза айтып отырғандай 3 миллиард доллар емес, 1,3 миллиард доллар жұмсалды. Көріп отырғандарыңыздай, ғимараттар бастан-аяқ сапалы жасалған. Бұл ғимараттар әлі ұзақ уақыт  елдің пайдасына жарайтыны сөзсіз. Және бұл өзін-өзі ақтайтын жоба. Қазірдің өзінде демеушілердің қаржысы бар, ЭКСПО аумағындағы жарнамалардан, автотұрақтардан, билет сатылымынан т.б. түскен қаржы 70 миллиард теңгеге жуықтады. Бұл 220 миллион доллар. Сондықтан, көріп отырғандарыңыздай, Атамбаев мырзаның біздің көрме  жайлы деректері аз екен, - деді Ахметжан Есімов.

Абай ақпарат

33 пікір
Оқымаған адам 2017-06-17 16:46:51
Халқы күштінің президенті де күшті болады. Халқы күшті болып президенті ұры болса президенті елден қуылады, ал халқы әлсіз, жалбақ, қорқақ, бірақ президенті ұрлауға, билігін диктаторлыққа айналдырып алуға қауқарлы, айлалы, әккі, қу болса елі азып кетеді.
Төкен 2017-06-16 16:19:37
Бұл жерде қызғаныш та,басқасы да жоқ.Осы сөзімен Атамбаев менің халқым әлі дикар жабайы күйде деп, ресми мойындады.
Cерік 2017-06-16 11:32:45
Қырғыз ағайынды құттықтап қоюға болады. Екі төңкерістен кейін оларда ендігі билік басына ұры немесе жемқор келе алмайтын жүйе орнаған. Атамбаевтың сөзіне сенсек ол жүйе ондайларды өртеп жібереді. Түсіне білген адамға Атамбаевтың сөзінде үлкен мысқыл жатыр. Ол осындай ұрлыққа шыдап отырған өздеріңе де сол керек ұғымды айтып кетті.
Албан 2017-06-15 07:50:06
Өтірік айтудан жалықпайтын адамнан сұхпат алып, жын ұрған шығар. Атамбаев дұрыс айтады. Бізде халықтың миын билікке тәуелді ақпарат ұйымдары жақсылап шайып тастаған.
Атамбаев осал президент емес 2017-06-15 06:04:09
Атамбаев ештеңеден қорықпай шындықты айтып отыр. Қырғыздарға тағы да мемлекеттен жәрдем беретін болды. Сірә, Экономикалық одаққа қосылсаң мемлекеттен қаржы бөліп көмектесіп отырамын деп алжыған шал уәде берсе керек.
Судың да сұрауы бар 2017-06-15 05:31:37
Құрлысқа 1,3 миллиард доллар жұмсалса. Демеушілердің қаржысы бар, ЭКСПО аумағындағы жарнамалардан, автотұрақтардан, бюджеттегілерді мәжбүрлеп сатқанын қосқанда жалпы билет сатылымынан т.б. түскен қаржыны қосқанда бар қайтқаны 220 миллион доллар ғана болса, яғни 1,3 миллиардтың 0,3 миллиардына да жетпей қалса, онда "әлі ұзақ уақыт елдің пайдасына жарайтын" құрлысқа 1 миллиард доллар кетті десейші. Ол зауыт емес, фабрика емес, мектеп емес, бала бақша емес, аурухана емес, тіпті тұрғын үйлер де емес. Сонда ол не үшін елге пайдалы. Сауда алаңдары болады ма, банктер болады ма? Ондайлар онсыз да аяғыңды аттаған сайын аяққа оралып тұрған жоқ па? Әлемнің дамыған елдерінің өзі бас тартқан көрмені мойынымызға алып 1 миллиард долларды далаға шашудың сұрауы жоқ деп жүрсіздер ма? Осы мақтан үшін қарапайым халыққа салынатын айыппұлдарды еселеп көтеріп халықтан қаншама қарғыс алдыңдар. Сол қарғысты көтеріп ұзақ жүреміз деп ойлайсыңдар ма?
Судың да сұрауы бар 2017-06-15 05:26:08
1,3 миллиард доллар жұмсалса. Демеушілердің қаржысы бар, ЭКСПО аумағындағы жарнамалардан, автотұрақтардан, билет сатылымынан т.б. түскен қаржыны қосқанда 220 миллион доллар ғана, яғни 1,3 миллиардтың 0,3 миллиардына да жетпей қалса "әлі ұзақ уақыт елдің пайдасына жарайтын" құрлысқа 1 миллиард доллар кетті десейші. Ол зауыт емес, фабрика емес, мектеп емес, бала бақша емес, аурухана емес, тіпті тұрғын үйлер де емес. Сонда ол не үшін елге пайдалы. Сауда алаңдары болады ма, банктер болады ма? Ондайлар онсыз да аяғыңды аттаған сайын аяққа оралып тұрған жоқ па? Әлемнің дамыған елдерінің өзі бас тартқан көрмені мойынымызға алып 1 миллиард долларды далаға шашудың сұрауы жоқ деп жүрсіздер ма?
Бір ғалымсымақ, залым, арам шенеунік осылай айтып жүр: 2017-06-15 05:15:47
Адамдар ұрлай алмайтын болса, пара бере алмайтын, пара ала алмайтын болса, мемлекет пен халықты тонай алмайтын, жемқорлық жасап байи алмайтын болса оған кім кінәлі? Біріншіден, оған өздері кінәлі. Қылмыс жасауға қауқарсыз, қабілетсіз, алаяқ болып туылмаған өздерінен көрсін. Екіншіден, оларға солай теріс тәрбие берген ата-атаналары кінәлі. Үшіншіден, жүрген орталары кінәлі, мысалға араласатын ортасы күнәға жанықас мұсылмандар болуы мүмкін.
Gazag 2017-06-14 23:07:27
3 миллиардтың орнына 3 миллион делініп кетіпті.
Gazag 2017-06-14 23:05:21
Атамбаев ЭКСПО-ның шығынын өзі есептеп шығарды дейсіңдер ме? Әлде үш миллион дегенді аспаннан алып отыр ма? Әрине, Назарбаевтан естігенін айтып отыр. Біздікі қалай мақтануды біледі ғой. Атамбаевқа дейін де 3 миллион туралы талай айтылды ғой. Ендеше Есімовтікі не сандырақ?!
жəй Қазақ 2017-06-14 22:38:20
Біздегі көрменің атауы мамандандырылған - барлық жұмысты өзің жасайсың, тағы көп салалы көрме дегені бар - онда объектіні келетін Ел өздері салады, көрме қабылдайтын Елге шығыны аз. Көпсалалы көрме 2015те Миланда өтті, келесісі 2020да Дубайда өтпек. Бірақ бізге пайдалысы бұйырмады. Расында орасан шығын шығардық. Астанада əйдік ғимрат азба еді, Арқаның ақырған алты ай аязында қалай ұстайсың. қаражат қайдан, дебет-кредит ұрмайды. Содан Атамбав Қорқақ, Көкөм Батыр. Қырғыз бен Қазақтың айырмасы сол ғана.
Тойған 2017-06-14 22:35:49
Үш миллярд емес, меніңше 10 миллярд доллар ақша кеткен шығар. Мен Назарбаевтың жемқор туысқандарының айтқандарына емес, Қырғыз президентінің айтқандарына толық сенемін. Қазақтың тазша балаларының 40 өтірігіне тойып біткенбіз.
Ел 2017-06-14 21:49:39
Бір Қойшыбай туристтен 40 мың теңге пайда көрем деп сотты болайын деп жатыр. Міні халықтың көрген пайдасы !
Қайдағы 2017-06-14 21:45:28
Ауылдағы Қойшыбай 220 мллионың 100 $ ақшасын пайда көрсе Еліміз пайда көріп жатыр десе болады.
Ел 2017-06-14 20:33:56
Өттерің жарылып өле қалыңдар өтірікшілер. Биліктің халықтан сұрамай оңды солды аманатын шашып жатқаны өтірік емес. Қырғыз президенті турасын айтыпты. Есімовың аузы қисаймай мол пайда тауып жатырмыз дегеніне біреу сенеме өзі? Сормаңдай халқым тез оңалып жемқор билікті орнынан тайдырса дұрыс болар.
Че 2017-06-14 20:16:27
Ей трольдар Қазақстанда қазақтар бұндай шаралардан пайда көрген емес. Пайданы тек ашкөз президент туыстарымен көреді.
Мақсұт 2017-06-14 20:02:21
Атамбаевтың сөзі нағыз жаңа форматтағы, Халықтық басшының сөзі. Азаматтығының белгісі. Бізде де сондай президент болмағанына мына мен қызғаныш білдіріп ішім күйіп отыр... Әлде , Халқымыз лайықты емес пе?!
инабат 2017-06-14 18:34:39
шынымен ЭКСПО дан көретін пайдамыз аз емес, қаншалықтың шығын болса да соншалықты пайдасы боларына кәміл сенімдімін.
досик 2017-06-14 18:34:20
жымиып келіп, үндемей көріп алып айтып жүрген сөзін қарай көр өзінің...
данияр 2017-06-14 18:34:04
сөздің ашығын айтқанда көре алмаушылық қой бұл кісінікі! Осындай шара өткізіп көрсін алдымен.
бекш 2017-06-14 18:33:44
Атамбаевтің халқы қолдап, рұқсат берсе де қолынан келетініне күмәнім бар! мынадай көре алмаушылықпен ұзаққа бармас!
берік 2017-06-14 18:33:27
әрине қызғаныш, өздерінің мұндай әлемдік деңгейде жеткен түгі жоқ, оттай береді.
Анти троль 2017-06-14 17:41:09
Еее байқұс трольдар өттерің жарылып кетіпті мында)))) қырғыз президентінің айтқаны 101 % рас. Бірақ бізде 3 миллиард емес 250 миллиардқа президент қарызға байлап қойсада бір серпіген халықтың көлеңкесіде көрінбейді.
Зангар 2017-06-14 17:27:12
Қонақ болған соң алғысын білдіріп, сәттілік тілеудің орнына ол мырза былықтырып кетті барлығын. Президенттің деңгейі емес.
Айдана 2017-06-14 17:25:48
менің ойымша, Атамбеков тек өзінің халқының алдында рейтнгісін көтергісі келді.
Төре 2017-06-14 17:25:01
Егер мен 3 миллиард жұмсап, Астанадағыдай көрме өткізсем, қырғыздар мені тірідей өртеп жіберер еді! ... Неменеге шулайсыздар? Атамбаев мырза шындықты айтты! Иә, қырғыздар оны тірідей өртеп жіберер еді! Президент "Ағынан жарылып", Елінің алдында қасқайып тұрып айтты емес пе! Бұл Қырғыз азаматына, Қырғыз Президентіне, Қырғыз жұртына тән қылық! Сын айтсаң шын айт, шын айтпасаң сын айтпа! Ал біздің 01 осындай оқыс шындықты туғалы бері айтып көріппе? Міне мәселе ...
Зина 2017-06-14 17:24:24
Негізі Атамбектің жасағаны дұрыс болмады. Өзі де ұялып жүрген шығар.
Бәукен Әмірен. 2017-06-14 15:55:10
Атамбаев азаматтық пікірін ашық айтқан, әрине, жағымпаз бен жалақорға жақпайтын қылық. Қырғызды қойып, қай елдің қарапайым адамын сөйлетсең де қанағат пен рахымнан аспайды... құнсызданған теңгеңнің түрі анау - көрпеңе қарап көсілмеймісің бе, дақпырт неңді алған..?
Әділ 2017-06-14 15:16:47
Қырғыз президентінің байқамай шындықьы айтып жібергені, арты қуыстардың шымбайына батып жатыр-ау, шамасы?! Бізде бәрі жасырын, бәрі құпия ғой. Қаражаттың қай жұмсалып жатқаны жөнінде ешкім есеп бнрмейді. Қолында мұмкіндігі бар әр шенеунік ұрлап - жырыпқалуға тырысады. Шетінен соталып жатыр. Сонда да ұрлық- жемқорлық тыйылмайды.
Махамбетжанова Жұлдыз 2017-06-14 14:57:47
Басқа елдің қаржысының қайда кетіп жатқанына араласпай, өз халқының жағдайын дұрыстап алмай ма?! Қазақстан мен Қырғыстанның жағдайы аспан мен жердей, халық елбасымызды қолдайды,себебі оның бастамаларының арқасында біз көп нәрсеге қол жеткіздік!
Дарабоз 2017-06-14 14:41:34
Біреуді жамандау арқылы өзіне жақсы ат жасаймын деп ойлаған ғой Атамбаев мырза. Олай болмайды, әсіресе Президент болып отырған адам үшін ұят екен.
Айбын 2017-06-14 14:37:43
Масқара, қырғыздың өзі көре алмаса, басқаларынан не сұраймыз? Осы күнге дейін Алмазбек мырзаны сыйлап келдім. Бірақ мынадай сөзінен кейін көңілім қалды. Оның халқы оны ЭКСПО өткізетіні үшін емес, біздің елден бір емес, бірнеше рет қарызға ақша алғаны үшін жағып жіберуі керек болатын. Соны да ұмытпаған абзал.
Атасының баласы 2017-06-14 14:34:54
Атамбаевтікі 100 пайыз - қызғаныш. Президент емес, түк көрмеген өсекші әйел сияқты өзінің бетін ашып берді. Сырттан сынау деген не? Бауырлас ел деп біз соларды айтып жүрміз ба? Анық-қанығын білмей, тек іші күйгеннен ғана жамандау дұрыс емес. Ұят!

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7791
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15064