Дүйсенбі, 21 Тамыз 2017
Алашорда 3088 34 пікір 15 Маусым, 2017 сағат 13:30

Байжігіт Шыңғыс ханның ұрпағы ма?

Біздерге Байжігіттің нақ тегін білгеніміз жөн болар, өйткені, байжігттерден қазақта теңдесі жоқ хас батыр Қабанбай бабамыз шыққан. Қабанбай батырды біреулер шайбандық, біреулер сарт, біреулер өзбек деп жүргендері белгілі. Былтырғы жазда Байжігіттің Есенгелдісінің ұрпағы, шежіреші, ел арасында «тірі энцилопедия» атанған Смадиев Мәлік Мұқашұлы жүрек талмасынан кенеттен бұл дүниден озған еді.  Менің Шыңғыс ханның шығу тегіне қатысты зерттеулеріме жетекшілік еткен, нағашыдан тобықты болған соң: «Туғаным Өскембайдан рас болса» деп сөз бастайтын, Ұлы жүздегі албандардың, суандардың, шапыраштылардың арсында көп жүрген,  қиссаларды жатқа білген Мәлік аға, Ферғана аңғарының аңыздағы Ергене қоң екенін айтқанымда, Смадиевтер әулетінің сары сүйек құдасы Жанұзақ ақынның, оның ұлы Әрімжанның Ферғанада жүргендеріндегі жинаған шежіре деректерін айтып берген еді.

Кезінде, Әрімжан ақын қаратайдың болысы болған Әбдікерімнен алған төрт аяғы бірдей су жорғаны күміспен қапталған  ер-тоқымымен, өмілдірігмен бірге Смадидің әкесіне ұсынып, өзінің Нәби деген бүкір баласына Смадидің қарындасы Мәриямды алып берген екен. Әрімжан ақынның айтқандары Смадиевтердің әулетінде осы құдалықтан қалған еді.  Төменгі әңгіме, жасынан құйма құлақ болған Мәлік ағаның, және де ғұлама атанған Байжігіттің шежірешісі  Ғұлам Қадыр Жазыбайұлының біздерге айтып кеткендеріне негізделген.

Ғалымдар тарихи деректердегі баяуыт, баят, байырқу дегендердің бүгінгі Кіші жүздегі Байұлы табы екенін айтады. Осыған дау айтып жүрген де ешкім жоқ. Байұлы адайлардың Түрік қағанаттары кезінде аде-едиз (адай-таз) деген атауларымен Солтүстікте жүргендерін біздер Орхон жазуларынан көреміз. Бай дегеніміздің қытай тілінде «ақ» екені белгілі. Сонымен қатар Махмуд Қашғаридің сөздігінде «баят» дегеннің құдай екені айтылады.  Осыдан біз «бай» дегеннің  тәңір мен ақ түсті білдіретінін ұғамыз. Сонда, баяуыт дегеніміз ақ әулет, тәңір әулеті болмақ. Байжігіт дегеніміз де, анығында «богатый джигит» емес, ақжігіт, не болмаса, тәңірлі жігіт болады. Байжігіт атауын біздер ең алғаш «Маңғолдардың құпия шежіресінен» көреміз. Байжігіт руына қатысты  біз қозғағалы отырған тақырыпты терең түсіну үшін, алдымен біздердің мағол атауы жөнінде бұрындарда талай жазғандарымызға қысқаша шолу жасап өтелік.

Алғашқыдағы мағол, мұғұл, мұғал деген атауды орыстар әдейі бұрмалап, «н» әрпін қосып монгол атап кеткен дегенді бізден бұрынғылар да айтқан еді. Осының дәлелі ретінде тарихи деректерде сол күйінде сақталып қалған Моғолстан хандығының атауының осы Шыңғыс ханның мағолдарының атымен аталғанын келтірелік. Және де, Асқақ Темір мен Ұлығбекті таратқан шежірешілер  олардың шығу тегін маңғол емес, мағол деп атаған.  Созақтан мағол, одан Асқақ Темір дейді. Ал енді, Созақ дегеніміздің бастапқы нұсқасының су сақ екені қазақ тарихшыларының зерттеулерінде айтылған. Осы жөнінде дәлелімен ғаламтордағы «Ұлт» порталында жарияланған «Қазақ шежіресіндегі Шыңғыс ханның ата-тегі» атты мақаламызда толық айтылған. Біз оны бұл жерде уаққытты алмас үшін қайталап жатпаймыз. Ұзын сөздің қысқасы: Созақ дегеніміз Су сақ, Су сақ дегеніміз, әрине, Каспий теңізінің маңын әлімсақтан бері жайлаған Адай тайпасы болады.

Сонымен, анығы маңғол ма, әлде, мағол ма?  Мағол атауының мағынасын  біздер тек қана шежіре деректерінен біле аламыз.  Тарихта Шыңғыс хан әулеті де, кейін орыс шовинистері де бұл атаудың мағынасын жасырған, өйткені, Шыңғыс хан үшін бұл атаудың мағынасы оның әулетінің жалған төрелер екендерін айқындайтын болса, орыстар үшін, оларды үш жүз жыл бойы билеп-төстеген  қазақтар екендерін айқындайтын болған. Сондықтан да, олар намыстанғандарынан тарихты бұрмалап, Шыңғыс ханды да, оның империясын да, қытай нұсқаларында аталған, доңыз жейтін халық мэну-шивейлерге теліген.  Осы «мэну» дегенді олар маңғол деп түсіндірген.   Мағол атауына «н»  әрпінің  кіріп кеткені осыдан болған.

Шежіре деректеріндегі жасырын мағыналардың пайда болуының  бірнеше себептері бар. Соның ең алғашқысы, жаңағы Шыңғыс хан әулетінің  идеологтарының айла-тәсілдері болса, одан кейін, тіл мен көзден сақтану наным-сенімінен де болған. Яғни, бір нәрсенің атын өз атымен атамауды ұстанғандықтан. Дегенмен, көрнекті мемлекеттік қайраткер болған, Газан ханның тапсырмасымен Шыңғыс хан мен мағолдың тарихын жазған, ирандық Рашид-ад-дин мағол атауының мағынасын өзінің жылнамаларында жазып кеткен еді.  Осымен қатар шежіреші: «Мағолдар жөнінде біз білетін, бұл баяндауларымызда айтылмаған көптеген деректер бар» деп те, мағол атауының құпиясы бар екенін меңзеп кеткен еді.  Ал  енді, басты құпия, Шыңғыс ханды дүниеге әкелген бөржігін әулетінің, мифологиялық патшалық Кай әулетіне, яғни Қияттарға жатпайтынында. Алдыңғы жазғандарымызда айтқанымыздай, Қияттардың атасы деген Қиян, парсы тіліндегі «кейаниан» дегеннен болған. Яғни, кеянидтер, Кай, Кей әулеті дегенді білдіреді.  Кай әулетінің ең бірінші патшасы Кей Кобад қазақ мифологиясында Кейқуат атанып жүр.  Қияттардың шежіресіндегі Домбауыл мергеннің ұлы Белгімтайдан Белгібай ретінде тарап тұрған нағыз төрелер, яғни, кейаниандар  наймандар, сондықтан да шежіре наймандарға төре-найман деген атақ берген.  «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының жариялаған найман шежіресінен біздер, наймандарды Зайсан өңіріндегі шежірешілердің Кай әулетінен бастап таратқандарын көреміз. Яғни, біздің аталарымыз өздерінің кейаниан-кеянидтер, қият-қыпшақ екендерін жақсы білген. Қият дегеніміз кай+ут дегеннің реконструкциясы болмақ.  Бұл жердегі «ут» жалғауы от, ошақ, әулет дегенді білдіретін қыпшақ сөзі.  Шыңғыс хан әулетіне еш қатысы жоқ наймандардың төре атанғандары осыдан болған.

Сонымен, Рашид-ад-дин өзінің жазғандарында мағол атауының мағынасын «будьте всегда опечаленными» деп түсіндірген еді.  «Опечалиться» дегеніміздің көңілге мұңды алу екені белгілі. Яғни, бұл жердегі басты код -  мұң+ал болады. (возьми печаль). Ал енді, «Шежіре Түрікті» жазған Әбілғазы болса, мағол атауының басты нұсқасының мұңол болғанын, кейін, бұл сөздің айтылуы қиын болғандығынан мұғұлға айналғанын айтады. Әбілғазы да «мұң» сөзінің «печаль» екенін айтады. Әбілғазы мұңол деп өзбек тілінде айтқан болса керек. Демек, бұл жердегі «ол» дегені қазақша «ал» болмақ.  Өзбектердің «алыңыз» дегенді «олың, олың» дейтіндері белгілі. Осыдан біз мағол атауының бастапқы нұсқасының  мұңал болғанын, айтылуы қиын болған соң, мұғұлға айналғанын түсінеміз. Ал енді, Мұңал дегеніміз Адай тайпасының құрамындағы Шыңғыс ханның таңбасын иеленіп отырған ру болады.  Қазіргі таңдағы генетик ғалымдар Шыңғыс ханның ұрпақтарының ДНК белгісі мен Адайлардың ДНК белгілерінің маңайлас – С3 екенін айтып отыр.

Белгілі шыңғысхантанушы, мағолтанушы, тарих ғылымдарының докторы Қинаят Зардықанұлы «Құпия шежіредегі» Алан ананың, күйеуі Домбауыл мерген өлген соң, Шыңғыс ханды дүниеге әкелген бөржігін әулетін құрған Боданжарды (Бөтенсары)  мергеннің үйге ертіп әкелген баяуыт-мағалықтың жігітінен тапқанын айтқан еді. (маалих). Осы баяуыт-мағалық дегеніміз Байұлы мұңал болады. (мағал-мұғал-мұңал).  Ежелгі баяуыттардың құрамында джадай (адай) тармағы болған. Туыстарының, және де ер жетіп қалған Домбауылдан туған балаларының қаһарынан қорыққан Алан ана Боданжарды түнделетіп келетін сары иттен тапқанын айтады. Бұл сары итті нұрға теңейді.  Сары иттен туды деген Боданжар ақсары келбетті, жасыл сұр көзді арийлік бет-әлпетті болған еді, сондықтан да, Әбілғазы өзінің жазған шежіресінде бұл нышанның тоғыз атадан кейін Шыңғыс ханнан білінгенін айтады. Бөржігін дегеніміз кидандардың тілінде «жасыл-сұр көзділер» дегенді білдіреді. Бөтенсары дегеніміз осыдан. Маңғолшаланып па, әлде қытайшаланып па, әйтеуір, Боданжар атанып кеткендей.  Шыңғыс хан  өзінің құрған империясына өзінің нақты тегінің  мұңал атауын берген.  Мұңал сөзінің айтылуы мұғал болып кететінін болған соң, осылай аталған. Яғни, Ұлы Мұғал империясы. Шыңғыс ханның ұлысын біздер қазақ шежіресінде айтылғандай мағол, қазіргілерді маңғол деп, «ң» әрпін қосып атауымыз керек. Өйткені, қазіргі маңғол дегендеріміз сол, бөтен тілді  мэну-шивейлердің ұрпақтары болады. Шыңғыс ханның ордасына барған Рубрук мағол дегенді «моал» деп жазған. Бұл «моал»  -  мұңал атауының  бір естілуі еді.

Енді Байжігітке келелік. Қазіргі таңдағы көптеген байжігттік шежіретанушылар: «Атамыз Тоқтар қожа Сайбек ханнан» дегенді негізге алып, өздерін жалған төрелерге жатқызбақ.  Шыңғыс хан ұрпақтарының өздерінің шежіретанушылары, ғалымдары бұл іске жете назар аударып, Байжігіттің ДНК белгісінің Шайбандықтардың ДНК белгісімен сәйкес келмейтінін  айтқан еді.  Дала ауыз тарихының  дерек беруіндегі шежірелік тәсілге сай, «Сайбекханнан» дегені Тоқтар қожаның Шайбан ұлысынан келгенін ғана айтып тұр. Осыдан біздер Тоқтар қожаның өмір сүрген кезеңін ғана болжай аламыз. Шежіре аңыздарында сарт аталған Тоқтар қожаның байыстарға Толымқожамен бірге келгені жөнінде айтылады. Толымқожа дегені, «Тарихи Абулхаир хани» атты өзбектердің дерегіндегі аты аталған «Толун қожа найман» болса керек.  Толымқожамен бірге бұл деректе аты аталған Тұңғашық Төле қожа найман дегеніміз, Қылышты қожаның қызын алып қожа атанған Төлегетай болады. «Тұңғашық» дегеніміздің бір мағынасы абыз-әулие болса, екінші мағынасы – тек қана ханға бағынған, Батысты билеген еркін қолбасшы дегенді білдіреді. Шежіре аңыздары Төлегетайдың ел басқарғанын, абыз-әулие болғанын айтады. Найманның ақырғы ханы Күшліктің шөпшегі деген Төлегетайға Қылышты қожа бұның ақсүйек төрелердің ұрқынан болғанын біліп қызын берген дейді.  Қожалардың қараларға қыздарын бермегендері белгілі. Бұл Төле - найманның ақырғы ханы Күшліктің қарақытайда қалған әйелінен тараған. Түп нағашы жұрты қарақытайлардың арасынан шыққан соң Төле қытай аталған да, кейнгі шежірешілер бұл атаудың мәнісін білмеген соң, Қаракерей, Төртуыл Садыр, Матай тайпаларын Төленің ұлы деген Қытайдан тарата салған.  Бұл жердегі Садыр дегеніміз тарихи деректердегі Ядыр, Матайымыз Маадай, Төртуылымыз Домбауыл мергеннің ағасы Төбе соқырдың төрт ұлынан тараған қияттар, Қаракерейіміз керейлердің құрамында Қарауын деген жерде көшіп қонып жүріп Қаракерей атанған қият-жырхындар. Найман хандары осы қият-жырхындардан шыққан. Жырхын дегеніміз әмір.

Өзбек хандығы наймандардың өздері құрған хандығы еді.  Ферғана аңғарында 19-шы ғасырда наймандардың болысы болған. Байжігіт Дәулетбай батырдың ұрпағы Жанұзақ ақын сол жаққа айтысқа барғанда, өзбек наймандарының аузынан Сарыжомарт, Ақсопы, Төлегетай үшеуінің жас Әбілқайыр ханды маңғыттардың тұтқынынан босатып алып, қуыршақ хан ретінде көтергенін естіген екен. Ежелгі Найман хандығының өз аты Өзбек болған еді. Найман Білге бұқаның құлпытасында: «Ел атыңыз Өзбек»  деп жазылғаны белгілі. Демек, Әбілқайырдың хандығына наймандар осы атауды берген.  «Тарихи Абулхаир хани» атты деректе Әбілқайыр сұлтанды хан көтерген Сарыжомарт – Сары Осман өкіреш найман, Ақсопы – Ақ суфий найман деп аталған.  Наймандар осыдан кейін де билікке өз адамдарын қойып, сол елді өздері билеп-төстеп отырмақшы болғандарын біз, найман Сопы мырзаның тарихынан білеміз. Араб-Мұхамед ханды өлтіріп, орнына Хысрауғазы сұлтанды қоймақшы болған Сопы мырзаны үйсіндер сатып кеткен соң, Сопы мырзаның өлім жазасына кесілгенін Әбілғазы да, Шәкәрім қажы да айтқан еді. «Тарихи Абулхаир хани» дерегіндегі Шейх Суфий найман дегені осы Сопы мырза болса керек. Жоғарғы сұлтан Хысрауғазыға Кай әулетінің патшасы болған Кей Хосровтың аты берілген еді.

Ал енді, Тоқтарқожаны «сарт» дегендері, оның осы Өзбек хандығынан келгенін айтып тұр.  Өзбек жақтан келген Абылай ханды да сарт дегендер болған. Қайткенде де, нағыз наймандарға, яғни, шежіреде Байыс атанған байси – ақ силерге байжігіттер кейін қосылған.  Ақ си дегеніміз ақ сир, яғни, қыпшақтардың бұрынғы сеир атауынан болған.  Қытай деректері сирлерді – сэ, си деп атайды. Ежелгі қият-қыпшақтардың ұрпақтары наймандар  сиыр төтемін ұсанғандықтарынан өздерін Өкірештен таратқан болса, қазіргі қыпшақтар өздерін Мүйіздіден таратады. Бұл екі атау да бір, арийлік наным-сенімдегі қасиеті қара бұқаны білдіреді. Найманның басты таңбасының бірі «бұқа мүйіз» болса, екінші таңбасы бұқаның ноқтасын білдіреді. Бұл ноқта таңба Кай әулеті патшаларының жеке таңбасы болған. Кейінгі шежірешілер надандықтан бұл таңбаны «шөміш», үлкен ағаш қасық» деп атап кеткен еді. Найман хандарының Байбұқа, Тайбұқа атанғандары да, наймандардың бұрынғы Сирлер екендерін білдіріп тұр. Бұл жөнінде толығырақ ғаламтордағы «Шыңғыс хан және қыпшақтар» атты мақаламызда айтылған.

Сонымен, Тоқтар қожа да, Байжігіт те, ешқандай да, Шайбанның ұрпақтары емес. Арабтарға да, үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Қазақстандағы ДНК-жобасының жетекшісі, тарихшы ғалым,  шежіретанушы профессор Жаксылык Сабитов 2016-шы жылғы желтоқсан айында берген сұбхатында былай дейді: «Любую легенду сейчас можно проверить. Например, легенда о найманах-байджигитах, откуда происходит Кабанбай батыр. Говорилось, что он происходит от некоего Тохтар ходжи, который, считается то ли чингизидом, то ли кожа, то ли еще кем то. Когда мы протестировали, оказалось, что это чисто найманская линия».

Яғни, бұл жерде байжігіттердің, Кабанбайдың ешқандай да сарттың, арабтың, адайдың тұқымы емес, таза найман екендері айтылып тұр.  Жақсылықтың айтуынша, қазіргі заманда балалар үйінен кез-келген қазақтың баласының ДНК белгісін тексеріп, оның руын анықтауға болады екен. Осымен қатар ғалым қазақтардың бәрінің бір-біріне туыс екенін айтқан сөздің расталғанын айтады. Күллі қазақтың түбі бір – Дешті-қыпшақ даласын жайлаған қият-қыпшақ. Осының дәлелі ретінде Жақсылық Сәбитов қазақ ұлтына басқа ұлттардан ең жақындардың қарақалпақтар екендерін айтады. Ал енді, қарақалпақтың түбі нағыз қият-қыпшақ болады.

Жоғарғы Байыс ата дегеніміздің  анығында байси, яғни, ақ си тайпасы екенін біздер оның ұлы деген Сыбанқұлдың атынан ұғамыз. Сыбан дегеніміз адамның аты емес, ежелгі тарихи деректердегі, Сегіз-өгіз одағының құрамында жоғарғы Ядырмен (Садыр) бірге болған Сұба деген тайпаның  аты  болады.  Сұбалардың найманда азайып қалғандарының себебі, олардың бір бөлігі қазір Ұлы жүзде Суан атанып жүр. Суанның таңбасы найманның ноқта таңбасы болады.  Ноқтатаңбалы Албан мен Сыбанның да түбі қият-қыпшақ болады. Албан дегеніміз – «алып тау елі» дегенді білдіреді. Алыптау дегеніміз Фердоуси айтқан Албурз, қазіргі Ирандағы Эльбурс тауы. Қият-қыпшақтардың наным-сенімінде ноқта таңбалы Кай әулетінің патшалары осы таудың басынан түскен деп саналады.  Хандарды салып көтеретін ақ киіз, осы Албурз тауының қарлы шыңын білдіреді.

Байыс ата дегеніміз тарихи тұлға емес, дала ауыз тарихының дерек беруіндегі шежірелік тәсілге сай айтылған, қият-қыпшақтарды білдіретін символдық тұлға болады.  Байыстың байси екенін ең алғаш айтқан тарихшы, Найман шежіресін жинаушы Зейнолла Қайсенов  болады. Найманның ғұлама атанған ойшыл шежіресі Ғұлам Қадыр Жазыбайұлының айтқанында: «Байжігіт Сары үйсіннің қызын алып, одан Жұмық пен Тоғас, балдызын алып одан Мәмбет туған» деген еді.  Осы шежіре дерегі біздерге наймандағы байжігіттердің Ұлы жүз үйсіндегі байжігіттерге қатысын айтып тұр. Яғни, байжігіттердің үйсіндермен аралас-құралас, сүйек-шатыста болғандарын меңзейді. Үйсіндегі Байжігіт шежіресінде қоңыраттық Құлшығаштан тарап тұр. Ал енді біздер ескі жазулардан қоңырат-найман, қаңлы-найман дегенді көреміз. Қоңырат дегеніміз кидан тіліндегі қаңғ+арат, яғни, қаңлы елі болады. Біз бұл жерде «қаңлы» дегенді казіргі Ұлы жүздің құрамындағы тайпа ретінде емес, қазақтың атасы, субстраты ретінде түсінуіміз керек. «Қазақ болмағанда қаңлы болған» деген сөз бар. «Келелі елде қаңлы бар, қаңлыдан хан көтер» деген қазақтың мақалы бұл жерде Шыңғыс хан әулетін айтып тұрған жоқ, Геродот айтқан «царские скифы», яғни, патшалық сақтардың ұрпақтары қаңлы-қыпшақтардың Кай әулетін айтып тұр.  Монархиялық әулет ретінде әлем мойындаған Осман әулетінің Каилар екендері белгілі. Бұлар сары қаңлылар еді.  Шыңғыс ханның жалған төрелер әулеті монархиялық әулет ретінде әлемде мойындалмаған. Қаңлы мен қыпшақтың бір массив екені белгілі. Шежіреде Құлшығаштан тарап тұрған бұл байжігіттердің де түбінің қаңлы-қыпшақ екені хақ.  Ұлы жүз шежіресінде бұл байжігіттер Үйсін тармағына жатпайды. (Ойсыл).

Кейбір зерттеушілер Байжігіт дегеннің Шыңғыс ханмен ұстасқан Тәйжігіттер екендерін айтады.  Шежірені терең білмегендерінен Тәйжігітті Шыңғыс ханның туыстары дейді. Қазіргі маңғолдардың генетик ғалымы Батбаярын Херлен қияттар мен қият-бөржігін әулетінің генотоиптерінің екі бөлек екендерін айтса, Рашид-ад-дин бөржігіндерді «басқа сала» деп атаған. «Құпия шежіреде» Шара-Қайлықтан тарап тұрған тәйжігіттер осы адай-бөржігіндерге кірме болады. Басқа нұсқада «шарахай линху» аталған бұл Шара-Қайлық дегеніміз қыпшақтардың «шара» (сары) және «каи» деген атауларынан қалыптасқан, нағыз төрелерді білдіретін  символдық ұғым болады.  Сонда, шара-қайлық, шарахай дегеніміз – сары қаңлы болмақ. Сондықтан да, тәйжігітер - тайджиут, яғни, «принц по крови», «қанынан ханзада», төре деп аталған.  Кезінде, бөржігін Қабыл қаған өзінің ұлдары тұрғанда хандықты осы тайджиут Әмбегейге қалтырғанының себебі, ежелгі әдет-ғұрыпты сақтап, хандықты нағыз төреге ұсынғандығында жатыр.  Тайджиуттардың Шыңғыс ханға қарсы шыққандарының басты себебі, оның жалған төре екенін біліп, хан ретінде мойындамағандарында. Әрине, жалған төрелерді насихаттаған «Құпия шежірені» құрастырушылар бұл жайды жасырып қойған.  Бүгінгі байжігіттердің ежелгі түбі қаңлы-қыпшақ тайжігіттер болулары әбден мүмкін.  Ал енді, Жанжігіт дегендері Махмут Қашғаридың дерегіндегі «шаншиут» болса керек.  Кейбіреулер Тәжікстандағы лақайларды жанжігіттер дейді. «Өскемендегі Жанжігіт» дегені де осы лақайлардан болады. Лақайдың түбі Қатаған, Қатағанның атасы Бұғы Қатаға, оның түбі Адай болады.

Қазіргі таңда шежіре деректерін сол күйінде қабылдап, сол күйінде насихаттап жүргендер, кешегі үстемдік таптардың идеологтарының сойылын соққандар болып келеді.  «Атамыздың бір көзі қысық болғандықтан Жұмық атанған» деген сөз, тіпті күлкіні келтіреді. Осы сияқты, үйсіндерде: «Доспанбеттің екі көзі бір-біріне атылып туған соң (қыли) шапырашты атанған» дегендері де лақаб.  Шапрыраштының таңбасы парсы тілінде «чапраз» аталған түймеге ұқсас болғандығынан түрік дәуірінде чапразлы атанған.  Ғасырлар бойы төрелердің атын жамылған Шыңғыс ханның әулеті бұқара халықтың надандығын пайдаланып шежірені өз білгендерінше айтып, тектіні құл, құлды текті еткен. Шыңғыс хан әулетінің идеологтарының айтқан лақабтарының енді бірі: Найман шалдың жар төсегінде өкіріп Өкіреш атанғаны-мыс. Анығында, Өкіреш дегеніміз патшалар әулетінің символы болады.  Сондықтан да, наймандардың  хан әулетінің өкілдерінің атына «бұқа» атағы  қосылып айтылатын болған.  Яғни, Өкіреш дегеніміз кіші бұқа, патшалар әулетінің ұрпағы дегенді білдіреді.  Парсы тіліндегі «ukar» (ірі қара) дегеннен қалған.  «Тарихи Абулхаир хани» дерегінде Өзбек хандығының құрамында Найман және Өкіреш найман деген наймандардың екі қанаты болғаны айтылады.  Осы тарихи деректегі Өкіреш найманымыз шежіре деректеріндегі Төре найман болса керек. Төре атауының қайдан пайда болғанын ешкім нақты білмейді.  Меніңше, төре атауы ежелгі Тур (түр, төр), яғни,  бұқа дегеннен қалған.

Найманның нағыз ойшыл шежірешілерінің соңғы тұяқтарының бірі болған, байжігіттік Ғұлам Қадыр ақсақал: «Шыңғыс ханның әулеті төрелер емес, төлеңгіттің тәрбиесін көргендер» деген еді.  «Төлеңгіттің түбі – Жалайыр» деген сөздің бар екені белгілі. Ежелгі Жалайырлар жалды айыр таңбалы нағыз төрелер болған. Анығында, күллі қият-қыпшақтың таңбасы осы жалайыр таңба болады.  Түбі адай Шыңғыс хан осылардың таңбасын иеленіп кеткен. Өз таңбасы «қаршыға» еді. Жалайыр таңбаны «тарақ» атап жүргендері надандықтан болған. Жалайыр таңбаны біздер ежелгі Юечжи-Кушан патшалығының алтын теңгесіндегі патшаның қолынан көреміз.  Қазба жұмыстарында табылған бұл алтын теңгеде  ноқта таңба да, Өкіреш те  бейнеленген.  Осы алтын теңгеге, Юечжи-Кушан (адай-қыпшақ) патшалығына, жалайыр таңбаға, қазақтың нақты тегіне, шыққан жеріне, шежіресіне ең алғаш лайықты түрде көңіл аударған Адайдың Мұңалынан шыққан ғалым Серікбол Қондыбай марқұм болады.  Шыңғыс хан идеологтарының шығармасы ретінде айтылған қазақ шежіресін Серікбол «далбаса» деген еді.  Біздер Серікбол айтқандай шежіренің жасырын мағыналы мәлімет екенін түсіне алуымыз керек.  Осыны түсінбей, бұл далбаса шежірені сол күйінде айта берсек, біздердің ұрпақтарымыз ешқашан да рухани жаңғыра алмайды.

Қайрат Зарыпхан, шежіретанушы

Abai.kz

 

34 пікір
Серж 2017-06-27 16:53:48
Жер деген планетада өмір сүріп жатқан сауатты халықтардың барлығы дерлік (ат төбеліндей қазақтардан басқа) 12-ғасырда өмір сүрген Темуджин деген адамның монғол екенін, оның монғолдарды бастап бүтікл Евразияны дунай өзеніне дейін қырып-жойып тонап барғанын (кейін тез кері қайтқанын) біледі емес пе?! Енді, аты вроде қазақша Байжігіт (Богатый парень) деген адамның қалай монғолдың баласы болағаны?! Түсініксіз!!! Может, незаконнорожденный болар. Дұрыстап, тарихи дәйектермен жазбайсыңдар ма?! Осы Темуджинді қазақтың ханы қыла алмай сонау 1992 жылдың күзінен, қазіргі 2017 жылдың маусымына дейін 1500 - рет жазған боларсыздар?! Оу- сол монғол Темуджиннің аруағынан қорықсаңдаршы!!!! Конце до концов!!!! Монголиядағы маңқа (Аракадан басқа ештеңені ойламайтын) монғолдар ештеңе деп жатырған жоқ екен деп, оттай бересіңдер ме?! Маңқа болсада (біздерде маңқамыз ғой, бірақ шамалы аздау) монғолдар көршіміз ғой, ұят болды!!! Целый 25 жыл бойына!!!!!!
Серж 2017-06-27 16:52:16
Жер деген планетада өмір сүріп жатқан сауатты халықтардың барлығы дерлік (ат төбеліндей қазақтардан басқа) 12-ғасырда өмір сүрген Темуджин деген адамның монғол екенін, оның монғолдарды бастап бүтікл Евразияны дунай өзеніне дейін қырып-жойып тонап барғанын (кейін тез кері қайтқанын) біледі емес пе?! Енді, аты вроде қазақша Байжігіт (Богатый парень) деген адамның қалай монғолдың баласы болағаны?! Түсініксіз!!! Может, незаконнорожденный болар. Дұрыстап, тарихи дәйектермен жазбайсыңдар ма?! Осы Темуджинді қазақтың ханы қыла алмай сонау 1992 жылдың күзінен, қазіргі 2017 жылдың маусымына дейін 1500 - рет жазған боларсыздар?! Оу- сол монғол Темуджиннің аруағынан қорықсаңдаршы!!!! Конце до концов!!!! Монголиядағы маңқа (Аракадан басқа ештеңені ойламайтын) монғолдар ештеңе деп жатырған жоқ екен деп, оттай бересіңдер ме?! Маңқа болсада (біздерде маңқамыз ғой, бірақ шамалы аздау) монғолдар көршіміз ғой, ұят болды!!! Целый 25 жыл бойына!!!!!!
Серж 2017-06-27 16:45:59
Жер деген планетада өмір сүріп жатқан сауатты халықтардың барлығы дерлік (ат төбеліндей қазақтардан басқа) 12-ғасырда өмір сүрген Темуджин деген адамның монғол екенін, оның монғолдарды бастап бүтікл Евразияны дунай өзеніне дейін қырып-жойып тонап барғанын (кейін тез кері қайтқанын) біледі емес пе?! Енді, аты вроде қазақша Байжігіт (Богатый парень) деген адамның қалай монғолдың баласы болағаны?! Түсініксіз!!! Может, незаконнорожденный болар. Дұрыстап, тарихи дәйектермен жазбайсыңдар ма?! Осы Темуджинді қазақтың ханы қыла алмай сонау 1992 жылдың күзінен, қазіргі 2017 жылдың маусымына дейін 1500 - рет жазған боларсыздар?! Оу- сол монғол Темуджиннің аруағынан қорықсаңдаршы!!!! Конце до концов!!!! Монголиядағы маңқа (Аракадан басқа ештеңені ойламайтын) монғолдар ештеңе деп жатырған жоқ екен деп, оттай бересіңдер ме?! Маңқа болсада (біздерде маңқамыз ғой, бірақ шамалы аздау) монғолдар көршіміз ғой, ұят болды!!! Целый 25 жыл бойына!!!!!!
Серж 2017-06-27 16:43:51
Жер деген планетада өмір сүріп жатқан сауатты халықтардың барлығы дерлік (ат төбеліндей қазақтардан басқа) 12-ғасырда өмір сүрген Темуджин деген адамның монғол екенін, оның монғолдарды бастап бүтікл Евразияны дунай өзеніне дейін қырып-жойып тонап барғанын (кейін тез кері қайтқанын) біледі емес пе?! Енді, аты вроде қазақша Байжігіт (Богатый парень) деген адамның қалай монғолдың баласы болады. Может, незаконнорожденный болар. Дұрыстап, тарихи дәйектермен жазбайсыңдар ма?! Осы Темуджинді қазақтың ханы қыла алмай сонау 1992 жылдың күзінен, қазіргі 2017 жылдың маусымына дейін 1500 - рет жазған боларсыздар?! Оу- сол монғол Темуджиннің аруағынан қорықсаңдаршы!!!! Конце до концов!!!! Монголиядағы маңқа (Аракадан басқа ештеңені ойламайтын) монғолдар ештеңе деп жатырған жоқ екен деп, оттай бересіңдер ме?! Маңқа болсада (біздерде маңқамыз ғой, бірақ шамалы аздау) монғолдар көршіміз ғой, ұят болды!!! Целый 25 жыл бойына!!!!!!
ҚАРТ АКАДЕМИК 2017-06-26 16:06:22
Мынау - ПІКІРЛЕРДІ - оқый отырып... қаншалықты Сандырақ пен салпылдақ сөзге құмар бейшаралық байқалады.Осыншама надандық жайлаған ЕЛ екенбіз ғой. Иә-ә, ТАРИХТАН - ҰЛЫ ұстаз жоқ !!.. Ендеше, Тарихыңды жүйеле иісі Қазақ баласы ?!.. Әйтпесе, түбіңе ертең... осынау сандырақтар жетеді...
Авторға 2017-06-24 09:34:25
"Бақтиярдың қырық бұтағын" Мәлік айтатын. Қолжазбасы да бар.Бірақ, Тақаның айтатын нұсқасы Мәліктікінен көбірек. Ел ішіндегі қысыр әңгімелерді Мәлік (шалдардан естігендерін) қаз-қалпындай қылып жеткізетін. Ләйлә Храпуноваңда шатағым жоқ. "Шоқан Қашғарға Матай Тәнеке болыстың атынан барған" деп айтқандық жөн емес. Шоқанды патша өкіметі жасырын Қашқарияға саудагер (Әлімбай) ретінде жібергені мәлім. "Орыстың шоқыншығы" деп Шоқанға қас қылмақ болғандардан Досеттің Тәнекесі Шоқанды қорғап қалған. Яғни, Шоқанды жазаға ұшыратпақ болып, астыртын асуда жолын тосып жатқан қарау ниеттілерден құтқарған. Тәнеке соны біліп, Шоқанды басқа асумен (Сорқора арқылы) алып кетіп, аман-есен тобына қосқан. Көлбай Төгісов Қапалда жер аударылып келіп, қызмет істеген. Мәлікке арыдан аталас болады. Соны мақтан тұтатын. Рас, "Үш Жүз" партиясының басшысы Қапалда надандыққа қарсы тұрып, ағарту саласын да көтерді. Ферғана аңғары - Ергене Қоң деу әзірге дәлелденбеген ғой. Алтай тауында дегені айтылғаны тарихта бар.Қайрат Закирянов пен Тілеуберді Әбенайың дегендер Әлемге өз зерттеу жазғандарын мойындатумен келеді. Әзірге теперіш жасалған жоқ. "Шыңғыс ханның Байұлының Мұңалы екенін олардың ешқайсысы да жоққа шығара алмай отыр" депсің, Шыңғыс қаған Есукейдің ұлы емес пе? Арғы тегіне келсек ол да тарихта жазылған. Мұнал дегенді Қоржынбай шығарып жүр. Ол пікір ғана. Факты мен нақты дерек әзірге жоқ. Әрімжан ақынның дүниелерінің ішінде тарихқа қатысты фактілер шамалы. Өз дәуірін айтқан. Әкесі Жанұзақтай болмаса да заманына қарасты ойларды еппен қамтыған. Түйкенің анасы Матай елінің қызы болғандығының қатысы қанша? Онымен не айтпақшы болдың? Түсінбедім. Мәлік өзінің туған өлкесінің біраз тарихаттарынан хабардар болатын. Есіңе түссе айтып жүретін. Ол рас. "Әр нәрсеге әркімнің бар таласы" демекші, таластан шындық туып, ортақ ой шығатыны мәлім. Жемісбек.
Қайрат Зарыпхан. 2017-06-23 17:49:00
Алдыңғы жазғаным үзіліп кетті. Арман Қият келгенде біздің үйде Өскеменнің төрелері, шежірелері жиналған. Тіпті, Бошай атаға телефон шалғанымыз да кітәбімде айтылған. Мәлік аға менің Арманмен телефон арқылы жиі сөйлесіп отратынымды талай көрген. Біздің үйде талай-талай атақты адамдармен кездесті. Рас, ол кісінің кезде артықтау айтып қоятындары болған. Сондықтан айтқандарын тексеріп отыратын болдым. Мәселен, Ләйлә Храпунованы тәукенің Отебінен деген еді. Мен олай емес екенін дәлелдеп бергенімде: "Алматы жақта бір ақымақ айтқан еді" деді. Сол ақымақ кім екен? Сондақтан мен ол кісі жөнінде "құйма-құлақ, айтқанын сол күйінде жеткізеді" деп қана айттым. Айтпақшы, Шоқан Қашғарға матай Тәнеке болыстың атынан барған" дегенді де айтқан еді. Осы жөнінде білсеңіз жазып жіберсеңіз. Туйкенің шешесінің матайдың қызы болғанын Мәкең білмеген еді. Көлбайды матайдың туысы дегенім осыдан болған.
Кайрат Зарыпхан. 2017-06-23 17:34:29
Жемісбекке: Мәлік аға біздің үйде "Бақтиярдың қырық бұтағын" балдыздан туған баланы алтын тонға орап бұлақ басына тастап кеткен жеріне дейін айып, "қалғанын ертең келіп айтамын деп кетіп бәбішесінің қасында таңғы сағат алтыда жүрек талмасынан қайтыс болған еді. Оның айтқандарынанеге сілтеме жамаауимыз керек? Мәселен, ол кісі военкоматтта қызмет жасап жүргенде шекарашы болған Меркурбанов Рашид деген татардың айтқандарын айтты. Коммунистер ескерткіш қойған Лучконы менің жерлерстірім өлтірген екен. Өлтіргендер Әрімжан ақынның ауылына тығылған. Осы жөнінде кітәп жазылды. Әрімжан оның жездесі еді. Ферғана аңғарының Ергене қоң екенін анықтауыма да көмегі тиді. 19 ғасырда Ферғанада наймандардың болысы болғанын айтты. Мен туралы ғалымдардың жазғнадарын, атап айтамын ғалымдардың, "Дат" газетінен оқығанында балаша қуанған еді. Ол жерде Шыңғыс ханның да, Ресейді жаулап алғнадардың да қазақтар екендері айтылған. Қайрат Закирянов пен Тілеуберді Әбенайыңды қойып, елбасымызды Бумын қағннанан таратып қойған академиктерінің өздері менің жазғнадарымнан кейін есектеріне теріс мініп кетті. Шыңғыс ханның Байұлының Мұңалы екенін олардың ешқайсысы да жоққа шығара алмай отыр, жазған кіпаптары жоққа шығып жатқанда. Балтиканы балталы деп жүрген Қайрат Закиряновты атапқай
Сұлтан, Аман Шота 2017-06-23 08:15:59
Хан Шыңғыс туралы кейінгі кездері менің қазағымның ішіндегі айтыс – тартыс дау-дамай жайында... Біздерге ол тартыс түсінікті... Олай дейтін себебім, кімнің ондай адамның ұрпағы болғысы келмейді... Біздің, төрелердің арғы Бабасы Хан Шыңғысты қазақтың ана руына, немесе, мына руына теліп, ие болуға ұмтылу сіздергеде, біздергеде «жараса қоймас?» – бұл бір. Төре мен Қазақтың жаныда, тәніде бір! Төрелер өзінің Қазағын еш уақытта жүзге руға бөлген жоқ, бөлмейді, бөліп жүрген өздеріңіз. Сондықтан елді ала-құлаламайды, жік салмайды, жармайды, бәріне тең тілектес, елдің ауызбірлігін, ынтасын тілейді, осыған дәнекер ұйтқы ұйымдастырушы, біріктіруші, бүтіндеуші, қазы-төреші болуды өзінің қарызы, парызы, міндеті деп біледі, оған тарих куә. Төрелер, қазіргі кезде ең кедей топ болсада, тәуелсіз Тұлғалар болған, бола береді!...Бірақ өздерінің тектілігін сақтайды! Жас сұлтандарды өздерінің қатарластарынан оқ бойы алға болу үшін тәрбиелеуге ұмтылыуы қажет! Сонда ғана Төрелерге жол ашылмақ?! Білекті бірді – білімді мыңды жығады! Жер бетінде Адам атадан кейін өмір кешкен Ұлы Хандардың Ұлысы Күншуақ Баба Хан Шыңғыс айтқан деген Төрелер арасында сөз бар: "Ұрпақтарым! Мені 800 жылдан кейін еске аласыңдар!" Йя! Жаратқан Иеміз! Бір Алла! Осы айтылғанды құпияны біздерге нәсіп ете гөр? Әмин! Қазақ ішіндегі сүбелі рулардың бірі хан Шыңғыстың тікелей ұрпақтары, Төрелерден осы қалай болар екен, деп сұрадыңыздар ма? Сондықтан, біздер, Төрелер мына ұстанымды мәлімдейміз! Біздер Төрелер – хан Шыңғыстың тікелей ұрпақтары (ата-тегін білмейтін, дұбәрә, әйтеуір төре болсақ болды, деп жолдан қосылып өзімізге "пәле" болып жабысып арамызға іріткі салмақ болып жүрген жалған ағайындар емес), қазақтың ең сүбелі руларының бірі, өзіміздің – қазақтың қандайда болса руына кіруге, кіргізуге карсымыз! Біздер төрелер, қазақ халқының ішіндегі, бөлінбес бөлігі, ата-тегі хан Шыңғыстан басталған және тарап, дамыған, қаншама қадірін кетірмек болып іс-әрекет жасалғанымен, «ҚАСИЕТІН» кетіре алмаған Төре руы болғанбыз және болып қала береміз! Оны ешкімнен сұрауға міндетті емеспіз! Қазіргі күнде, сол төрелер біреуге жиен, біреуге нағашы, яғни қазақ төрелері, өзінің қазақ елінен ешқашанда бөлініп көрген жоқ, бөлінбейді, бөле алмайсыздар! Біздер, кейбіреулер тәрізді «жұлдыз» ауруына ұшырай қоймаған, ұшырамайтында өзіміздің қазағымыздың құлы да, ұлы да, сұлтанымыз! Ең алдымен біздер осы ұлы тұлға Хан Шыңғысты, түркі, оның ішінде қазақ екенін ғылыми жолмен дәлелдеп, оны бүкіл Қазақ даусыз мойындауы қажет! Тіптен, сонау, Қоңырат қызы Бөртеден туған Жошы ханнан бастап, қазірге дейінгі хан тұқымдарында қаны араласпаған қазақ бар ма?
Авторға 2017-06-22 21:57:07
Мәлік "тірі энциклопелия" дегенің не? Қатесіз жаз. Мәлік менімен жақсы араласқан жан еді. Рас естігендерін құлағына құйып, ұмытпайтын қабілеті болды. Бір беткейлігі де бар еді. Жырдан үзінділерді айтатын. Мысалға: Түсіпхан, Әрімжан, Бүркітбай өлеңдерін. Ал, Тақа деген жігіт уәезімен орындайтын. Мәліктің айтқаны, жазбалары, видеосы бар. Ол тақуа болғанымен, құнттауы осал дау болды. Газет-журналды үзбей оқитын. ДАТты жинайтын. Әркүн сайын телефонмен хабарласып тұрды. Бірақ, Арман Қият туралы айтқан емес. Көне шежірелер мен 19 ғасыр ақындарының айтуында Сүпі Қиян (Сопықиян), яғни Ұлық Қиян дегеннен Қазақты таратқаны айтылған. Ал, Қият 14 ғасырдан Қазаққа сіңгені жайында да айтылады. Мәлік Сіздің әкеңіз жайында әңгімелеп айтқаны бар. Ал, Арман Қият туралы тіс жарған емес. Егер ол сенсе маған айтар еді. Әмбе Мәлік бұл жақта Біздердегідей әңгімелесетін, шежіре тарататындар жоққа тән деп еді. Көбі орысшалау деген еді. Сіз әкеңіздің жиған-тергендерін жақсы бағытта дәріптесеңіз нұр болар еді. Арасына қоспалар қоспай. Бізде Жалайырдың азаматтары Шыңғыс ханды "Қазақ" қыламыз деп, Президент айтқан соң біраз саябыр етіп еді. Сіз қайта бастадыңыз. Закариянов оны Найман қылды. Мазақты доғарған тыным берер. Шыңғыс хан өзі құрған Қазақлы (бостанды) Мәнг елі ханы. Діні Тәңір. Алдымен Қазаққа емес, Түркіге келтірген жөн болар. Мәлікті атап, рухын көзғағаңызға Рахмет. Бірақ, оған сүйенуге болмас. Ренжімеңіз. Жемісбек.
Автор 2017-06-21 17:13:23
Аты жоқ комментішіге: Мен ірі болуға, ұлы болуға ұмтылмаған шығармын, алайда, сен сияқты атын жасырмай, "ҰЛТ" порталында мақаламен шығып: "Қазақтың жерін сатқызбас үшін не өлейік, не жеңейік, ағайын!" деп жер мәселесін президенттің алдында көтерген қазақтың зиялыларының қатарынан қалмадым. Бұл мемлекет Шыңғыс ханның арқасында құрылды. Шыңғыс ханның қазақ болғанын дәлелдеу ұрпақтарымыз үшін керек. Сендер сияқты коммунистік идеологиямен уланған надардарға бәрібір. Сендер сияқты надан қазақтың басым көпшілік екендерін білген шовинистер Шыңғыс ханды маңғол деп айттырып жіберген. Осыған сеніп жүрген сорлы қазағым-ай! Төрелердің жөні бөлек. Кезінде Әйтекек би Қалдан Серенге: "Тұлпарың тұлпар-ақ екен! Алай да, айғыр салсаң артынан дұрыс тұяқ қалмайды, ақалтекемен шатысы бар!" деген екен.
Авторға 2017-06-21 13:26:53
Мезіболған мәймөңкелемей турасын айтты. Кім ол Шыңғысқан-Мыңқысқаның, кімге керек ?Қазаққа еш қатысы жоқ қайдағы бір моңғол мен шүршіттің буданын қазақ етем деп тыраштанғанда не ұтасың? Онанда өз тірлігіңмен ірі, ұлы болуға қолыңнан келсе ұмтылмайсың ба? Шыңқысқаның баяғы қирап қалған қораның іргесінде жорғалап жүрген шымтышқан ғана.
Автор 2017-06-21 12:32:51
Мезіболған деген комментшінің артқы тесігіне қандай құрт түсті? Менің басымның сәждеде екенін оқырмандардың көбісі біледі. Қайдағы жүз грамм? Қайдағы қыз-келіншек? Қыз-келіншщектің жоспарын орындап тастап шариғат жолымен екі әйел алып отырғарыныма шүкір! Олардан аттап шыға алмаймын да? Екеуі де байжігіттің қыздары. Біреуі Сайболат, екіншісі Қабанбайдың руы мәмбет.
Автор 2017-06-21 12:20:13
Жемісбекке: Мәлік аға құйма құлақ болған. Есгіенін сол күйінше жеткізетін болған. "Тірі энциклопелия" атағаны осыдан. Маған келгенде де Байжігітті Сайбек ханның ұрпағы деп келген. Кейін менімен араласып жүрген шежірелерждің талайын көріп, соның ішінде төрелердің шежіресі Арман Қиятты көріп райынан қайтты. Ал еді, мына Бекжан деген авторының таын ұмыттым: "Қазақтардың құпия тарихы" атты кәтапты оқып алып Шибөрішті айтып тұр. Шивейлер доңыз жейтін халық болған, кәпір! Бәке, шапыаштының жеріндегі Тамағылы тастарда абориген жабайылардың шошқа сойып жатқандары көрсетілген. Мен оларды кімдер екен деп жүруші едім. Шапыраштының үш таңбасы да найманрадікі. Осы жөнінде толығырақ "Шыңғыс хан және қыпшақтар" атты мақаламнан біле жатарсыздар.
Мезіболған 2017-06-20 20:58:39
Қыртудан бір шаршамайың қазақтар, кешегі комунистер, бүгін шежіреші тарихшы, ұлт жоқтаушысы,көреген зиалы, ұлтшыл, дін уағыздаушы керек кезде молда да болып кетеді,онашада 100гр мен қыз келіншектермен көніл көтеретіндер,ақша көрсе сөзі де өзіде өзгеріп кететін қыртығын азған тозған ақ сүйектер ауыздарынды жабындарш
Әбіл 2017-06-20 08:09:58
Қайрат Зарылханның көп білетін ғалым екені даусыз. Еңбегін қызыға оқыдым. Амал не, өзім тарихшы болмаған соң пікір айтысына қосыла алмаймын. Тарихи еңбектерді оқуды ғана білемін. Сол оқығандарымның бірі кеше ғана осы сайтта ма, басқасында ма, тұр еді, Р.Қабдыкәрім дегеннің "найман еврейлерден шыққан" дегені. Ол сияқтылар бара-бара қазақтың тегі қазақ емес, қытай, немесе маңғол... деп жүрмесе жарар еді. Әйтеуір, тарихшылар ҚАЗАҚ туралы қашан бір ортақ тұжырым жасайды, "қазақ" сөзінің қайдан, қалай шыққанын қашан нақты айтып береді? Шыңғыс жөніндегідей созалаңдап айтыла бере ме? Осыған жауап табылса, қазіргідей олай-бұлай бөліну тиянақтар еді.
Төре 2017-06-20 07:25:45
Алдымен "будан" деген не мағына береді, соны түсііп алып, содан соң ол туралы айтарсыз?
пай-пай!!! 2017-06-20 01:34:21
Гу-гу, пыш-пыш. Тәйт-тәйт, кіш-кіш!...
төреге 2017-06-19 02:07:34
қыздарыңды қараға бергенің дұрыс болды,өздерің алғанда, төре емес будан болар едің.
ə 2017-06-18 20:27:40
Бекжан дегенге сөзжоқ айтуға,1жыл болды бұның жазып келе жатқанына интернетте -Шыңғысханды Шапыр-ты деп,жағымпаздық??
Əлібек ыдырыс биолог ғалым 2017-06-18 19:51:18
Біз қызайлар пиздес халықпыз опшым
Бейбарыс 2017-06-18 14:45:05
Ол Шыңғыс қаған-маған дегенің қай ләуқи еді? Қазаққа не жақсылық жасапты?
Төре 2017-06-18 10:04:26
Менің білетінім, Ақ патша тұсында Шапыраштының сұлтаны ТӨЛЕК болғанІ Абылай-Әділ-Төлек! Оны мына Шапыраштылар ұмытсада, БІздер Төрелер ұмыта қоймаспыз? ... Осы Төрелер Еврейлерден "үлгі" алып, Біздер ҚОҢЫРАТПЫЗ десек, не беттеріңізді айтасыздар? Әкенің кім екенін, шешеңіз ғана біледі! Біздің ҰЛЫҚ НАҒАШЫЛАР - ҚОҢЫРАТТАР, отыр емеспе, тіп-тік болып "ЖИЕНДЕРІМІЗ" бізден алыс кете қоймас! деп... Бұны тұқым қуалау заңын зерттейтін ғылым - Генетикада қолдайды! ...
Бекжан 2017-06-18 00:08:07
Төре мені дұрыс түсінбеді. Шыңғысханнан тарағандар Төре руын қалыптастырды. Алайда Шыңғысхан аспаннан салбырап түсе қалған жоқ. Шыңғысхан өз кезегінде Хан руына жататын Бөріжігің руынан (Борджигин). Шыңғысханның арғы тегі Шивей династиясына жататыны белгілі жайт, Шивей деген қытай бұрмалаған Шибөраш. Ертедегі Хун халқында Сыйбөрі (Сұрбөрі болуыда мүмкін) деген ру таңдаулы төрт рудың бірі болғаны және Хунь империясының Сот жүйесін осы ру билегені белгілі. Сыйбөрі мен Бөріжігің атауларындағы Бөрі атауы бірдей. Түркі қағанатын ыдыратқан азамат соғысы "бес тайпа дула" мен "нушиви" тобы арасында болды. "бес тайпа дула" тобында Тюрки Ашиналар және Шымырхун мен Шунуши көрсетілген, кәзіргі төрт рулы Дулат тайпасында Шымыр мен Жаныс бар. Демек "бес тайпа Дула" дегендер "төрт рулы Дулат" тайпасын әскері еткен Төргі Асұя (тюрки ашина) династиясы. Түркі қағанатының батысында орнаған мемлекет "он ақ түтін" деп аталды, яғни оны билегендер "он ақ рудан құралған" тайпа. Түркі қағанатын билеген Тюрки Ашина тобы Дула тайпасымен одақтасып Нушиви тобымен соғысты. Демек жаңа орнаған мемлекетті орнатқан және билеген осы нушиви тобы. "НУШИВИ" атауын дұрыстап қарасаң оның ОН-ҮЙ-ШИВИ екенін, яғни "он рулы шивей" тайпасы екенін көреміз. Шыңғысхан аталарыда Шивей тобынан болды және оның руының кейінгі атауы Бөрі-жігің. Демек Шивей деген Шибөраш, ал біздегі Шапыраш соның өзгерген нұсқасы. Шапыраш тобы мұсылмандық талабымен қара тайпалармен араласып кеткен. Бұл дегенің дала немесе Ас заңы бойынша Шапыраш тайпасы "Хаендық тайпа" дәрежесін жоғалтты дегенді білдіреді. Ал олардың Шыңғысхан отанындағы туыстары Бөріжігің руы мұсылман болған жоқ, және Ас династиясы заңына сәйкес құдалық қатынасты тек "АҚ ТАЙПАМЕН" ғана ұстады. Шыңғысхан әулеті ертенден тек Қоңырат тайпасымен ғана құдалық қатынаста болғаны белгілі. Шыңғысханның анасы Қоңырат қызы, оның тақ мұрагері болған ұрпақтары тек Қоңырат қызы Бөртеден туғандар. Қоңырат тайпасының арғы атасы "Алтын құдық" делінген аңыздарда. Мұндағы "алтын құдық" дегені "Асыл ұя" атауцымен мағыналас. Демек Қоңырат тайпасыда арғы тегінде Ас династиясына жэатады. Жаппас тайпасыда арғы тегінде Алтын адамнан тарайды делінген, оның үстіне Жаппас атауыда анығында "жаппай Ас", яғни "барлығы Ас тобынан" деген атаудан қалыптасқан тәрізді. Жаппаста, Қоңыратта, Шапыраштыда мұсылмандық ықпалымен қара тайпалармен туыстасып "хандық тектіліктерін жоғалтқандар". Шыңғысхан ұрпақтары өз династиясының осылай "жоғалмауы" үшін қам жасады. Олар өз династиясын Төре деп ататып оны "ақсүйек", яғни "қара тайпалармен араласуы еш мүмкін емес ақ тайпа" деген заңдылықты орнатты. Мұның Швариғатқа қарсы амал еместігіне қазақты сендіретін күш ол заманда тек Хожа тобы болатын. Осы себептен болар Шыңғысхан ұрпақтары мен Хожалар одақтас болғаны. Осыны пайдаланған кей Хожаларда өздерін "қара қазақпен қыз алыспайтын ақсүйектер" деп кеткені. Төре тобы осылайша арғы тегінде Шапырашты тайпасымен жақын туыс. Ал мына авторлар мен Қожырбайұлы дегендер Адайларды қалайда Шыңғысханмен туыс етеміз деп жанталасады. Өтіріктің құйрығы бір тұтам" деген аталарымыз. Олары бос әурешілік және Адай тайпасына ондай жалған тарихтың еш қажетіде жоқ.
Ежелгі Алтын орда емшісі 2017-06-17 16:45:32
Шыңғысханның қаның алып Байжігіттің қанымен салыстырып зерттеп көрді мекен, Шыңғыс қағандікі положителни еді, ұмытпасам баяғыда ұлы таудың түбінде найманың бір доғдыры екуміз медосмотрдан өткізіп едік
Төре 2017-06-17 15:52:03
Мына Бекжан, тағы нені шығарды? Шыңғысхан Шапырашты руына туыс адам... Албан руының ішінде "ШАҚА" деген кішігірім, жуас, аққөңілдеу РУ бар. Біздер олармен көптен бері құда-жекжат (қарағада қыз беретін болдық!) туыс болып кеткенбіз... Кездескен қиыншылық, зорлақ-зомбылықты бірге көріп жүрген, қалжыңымыз жарасқан туысқан ағайындармыз... Айтайын дегенім: Шыңғысхан "Шапырашты руына туыс болғаны", біз үшін өте жақсы болды... Ертең ШАҚА РУЫНАН Президент шықса, оларда Шыңғысхан шақа руына туыс, сондықтан біздерде ТӨРЕМІЗ деп шыға келерме екен?! Йя Алла! Біздерді ТӨРЕЛЕРДІ сондайдан сақтай гөр? ... ӘМИН!
Бекжан 2017-06-17 03:49:36
Сыйбөрас әулеті кейін билікті осы Төргі Асұя немесе Тюрки Ашина әулетіне беруге мәжбүр болды. Осылайша 6 ғасырда Жүржан Патшалығы орнын Түркі Қағанаты басты. Екі династияның билікке тоқтаусыз таласы оларды жау етті. осы жаулықтан Сыйбөрас атауы Шибөраш болып өзгеріп қалыптасты және Тюрки Ашина тобының батыстық бөлігінің атауыда Бөрші болып қалыптасты. Бөрші тобы Кавказды жаулап сонда Хазар Қағанатын орнатты, кейін қайта қазақ халқына қосылған мұсылмандық замандағы атаулары Беріш болып қалыптасты. Қытайлар Шибөраш атауын өздерінің әдетімен қысқартып Шивей деп жазды тарихтарына. Түркі қағанатын Батыс пен Шығыс етіп екіге ыдыратқан осы "он үй шивей" немесе "он үй шибөраш" одағы болатын. алайда оныда "НУШИВИ" етіп бұрмалап тарихқа енгізген қытайлар мен Ресей импенриясы болатын. Түркі қағанатының батыс бөлігінде пайда болған мемлекет "Он ақ түтін" деп көрсетіледі тарихи деректерде, өйткені оны билеген "он үй шибөраш" немесе "ошүйшивей" болатын. Ресей Империясы "он ақ түтін" атауын "он оқ бүтүн" деп, қытайлар "онүй шибөраш" атауын "нушиви" дегізіп кетті тарихта. Шыңғысханның өз руының атауы Бөріжігің екені белгілі, яғни мағынасы "Бөрі жігің" немесе "Бөрі руың" деп тұр. Шыңғысханнның арғы тегі Шивей тобынан екеніде белгілі жайт. Демек кейінгі зманда Шыңғысхан аталары Шибөраш деген жағымсыз атаудың Бөріжігің болып қалыптасуына қол жеткізген. Яғни Шибөраш династиясының сонау Маңғолияда отырғандарының атауы Бөріжігің болып өзгерді және Шыңғысхан тап сол династия адамы екені даусыз. Ал Шибөраш династиясының бізде қалғандары кейін Ислам дінін қабылдап қарапайым рулармен құдаласып араласып кетті. Олардыңда жағымсыз Шибөраш атаулары өзгеріп Шапыраш болып қалыптасты. Сонда Шыңғысхан шыққан Бөріжігің мен Шапырашты тайпасы арғы тегі бір туыстар. Шыңғысхан ұрпақтарының генндері мен Шапырашты адамдарының генддері туыс екенін қазақ ғалымдарыда дәлелдеп көрсетті. Ал Адай тайпасы Шыңғысханға еш туыс емес. Сыйбөрас тобы маңғыстауда орныққанын және олардың кейінгі әскері Маңғы тайпасы болғанын айттым. Маңғы атауы Маңғыстауды тым ертеде билеген Маң Атадан тараған тайпаға тиесілі, Маңғы тайпасының негізгі руы Адай болған. Олардың бір тобы Сыйбөрас династиясының әскері қатарында Кавказда орнықса, екінші бөлігі кәзіргі Маңғолияда орныққан. Кавказдағы Адай атаулары мен Ноғай халқының негізі болған Маңғы тайпасы солардың ұрпақтары. Ал олардың Шыңғысхан аталарына әскер болғандары Шыңғысхан заманында Маңғыл деп аталды. Ол Маңғы адамдарын Маңғылар деп көпше түрде атаудан қалыптасты. Шыңғысхан заманында Бөріжігің руы осы Маңғыл тайпасына ертеден арқа сүйегендіктен Маңғыл тайпасының руындай танылған. Маңғыл тайпасының белді руы Адайжұрт деп аталған, оны қытай жазбалары ықпалы Тайджут дегізіп енгізді тарихқа. Осы Тайджут немесе Адайжұрт руы әкесіз қалған Шыңғысхан жанұясын "аштан өлсін" деп қаңғытып жіберді, яғни олар Шыңғысханның әкесі өлгенін пайдаланып Бөріжігің династиясына бағынудан бас тартты. Олар Шыңғысханның аштан өлмегенін көріп ұстап алды. Алайда олар екі ретте Шыңғысханды өлтіруге батылдары бармады, өйткені олар "ханның басын қара ала алмайтын" дала заңын бұзудан қорықты. Кейін Шыіңғысхан билікке келгенде Адайжұрт руын қырып салды. Осы фактілер Шыңғысханды Адайдан деу таза адасу екенін көрсетеді. Шыңғысхан Шапырашты руына туыс адам. Осы кей адамдарға ұнамасада шындық. Ақиқат ұнамасада мойындалуы тиіс. Шыңғысхан есімі Теміршың, ондағы Шың атауы ежелгі Хунь Империясын билегендердің лауазымы болған. Ол билікке келе сала өз есімін Шың Ас Хан деп өзгертті, оның мағынасы Шың дәрежелі Ас династиясынан болған Хан. Оның есімі Шыңасхан, оны Шыңғысхан дегізген өзге тілдер ықпалды. Шыңғысхан елі Маңғолдар емес, оның аталарынан әскері болған елі Маңғыл тайпасы. Осы Маңғыл тайпасы атауын ойрат пен халхадан қүұралған елдің мемлекетіне беріп Маңғолия еткен Ресей еді.
Бекжан 2017-06-17 03:48:17
Үйсүн Империясы гербі тау құсы Тазқара болатын, оныда Ресей саясаты Қарға дегізді. Тазқара құсы парсыша Самұрық, ал гректерше Грифон. Ресей гербіндегі құста сол Тазқара, ондағы атты адамның айдахарды найзамен турап жатқаныда бекер емес. Айдахар қытайлық, ал Ошақ немесе Үйсүн елі тауда өмір сүретін Тазқара құсына табынған және айдахар мен Самұрық екі өзара жау елдің белгілері. Ресейді ел еткен билеуші Рюрик тобының арғы тегі сол ежелгі Үйсүн Патшалығын билеген әулеттен. Сол себептен олардың Тазқара таңбасы Ресейдің гербі болып қалыптасқан. Шыңғысханда сол әулеттен, сол себептен Шыңғысхан туында Тазқара бейнесі болды. Орхон ескерткіштерінде осы Тазқара бейнесі Хандардың бас киімінде бейнеленген, ол ескерткіштер Шыңғысханның аталарына арналған. Олардыв Көк Түркілерге тиесілі деу қателік, өйткені Көк түркілердің таңбалары Бөрі болатын. Үйсүн Патшалығы билігінен қуылған "хуньшыл" топ Маңғыстауда тұрақтаған. Олар осы жерде өздеріне туыс Сыйбөрі тайпасы көмегімен жергілікті Маңғы тайпасын бағындырды. Олар 3 ғасыр соңында Үйсүн Патшалығындағы билікті қайта иеленген, яғни 300 жылдан соң өздеріне тиесілі билікті қайта тартып алды. Олар жүрелеп отыратын болғандықтан шығар Жүржан деп аталулары, сол заманнан Каспий теңізі Журжан деп аталған. Үйсүн Патшалығы орнында пайда болған мемлекетте Журжан Патшалығы деп аталды. Осы жерден олар 4 ғасырда Қытайға дейінгі аймақты бағындырды, қытай Р дыбысы жоғынан оларды Жужан деп атап кетті және қытай жазбалары ықпалымен тарихқада Жужан Патшалығы болып енді. Олар Кавказдыда бағындырды, кейін олардың християндық қабылдап кавказдық этностарды билеп тауда сақталғандары Журжан халқын немесе кәзіргі Грузин халқын қалыптастырды. Християн діні күшімен олардың тілдері грекшеленді, осылайша көптеген қазақы сөздері мен домбыраға ұқсас ұлттық аспабы бар Журжан Грузин халқы пайда болған. Кушан Патшалығы мен Парфия патшалығы осы 3 ғасыр соңында құлады делінеді, дұрысы алып бүртұтас Үйсүн Патшалығы құлады. Жалпы атаулары Жүржан болғанымен билеушілері Сыйбөрас деп аталған топ болды. Олар арғы тегінде Үйсүн Патшалығын билегеген Хунь тобы болды және хунь халқының Сыйбөрі тайпасына арқа сүйеді. Сыйбөрі тайпасы Хунь Империясын билеген Асылұя немесе Ас әулетіне бағынған. Сондықтан Үйсүн билеуші тобы мен Ас тобының одағынан Сыйбөрас руы қалыптасты. Кавказ аймағын 5 ғасырда билеп тарихқа Савир Патшалығы атауымен енгендерде осы Сыйбөрас әулеті болатын. Әуелде олар орнатқан Жүржан Патшалығы сонау Қытайдан Кавказды қоса алған алып аймақты қамтыды. Алайда империяның батыс бөлігінде таза Ас әулетінен болғандар бүлік шығарып ол аймақта өз дербес мемлекеттерін қалыптастырды. Ол адам Аттылы деген көсем болатын және Европаға дейнгі жерді жаулаған ол тариъхта Аттила атауымеен мәңгі қалды. Аттила өз билігінде хунь халқының таңдаулы Ұлан тайпасына арқа сүйеді, ол тайпа Дула деген тайпа көсемі есімімен Дула депте аталған сол заманпан. Яғни Үйсүндік топтың сенімді әскері Сыйбөрі мен Маңғы тайпалары болған, ал Хуньдық Ас әулетінің сенімді әскері хунның басқа тайпасы Дула болған. Осылайша Жүржан Патшалығы ыдырай бастады, шығыста Үйсүндердің биліктен айрылған "қытайшыл" тобы Табын тайпасын әскері етіп Жүржан Патшалығына қауіп төндірді. Табын атауында атау қысқарьтқыш қытайлар Тоба дегізіп кетті. Табын тайпасындағы Қоңыр руы сол заманда оларды Жүржандарға қарсы бастаған Үйсндік билеуші Қоңыр әулетінен қалыптасқандар. Табын елі Орхонда отырған хуньдарды билеген Төргі Ас әулетінеде қатты қысым жасады. Осы себептен аталған билеуші әулеттің аман қалғандары Алтай тауына қашып пана тапты. Төргі Асұя әулеті мен Сыйбөрі тайпасы ертеден құдалық жақын қатынасты дәстүр еткен, Жүржан Патшалығында осы Сыйбөрі тайпасы негізгі әскери күш болғандықтан Төргі Асұя пен Сыйбөрас әулеттері одақтас болды. Осы себептен Табын тайпасына арқа сүйеген "қытайшыл үйсүн" тобы Төргі Асұя әулетін жоқ етуге ұмтылды. Алтайдан пана тапқан Төргі Асұя әулеті кейін тарихқа Тюрки Ашина атауымен енді. Олардың аналарының тек Сыйбөрі немесе Бөрі руынан болуы "Тюрки Ашина әулеті Бөрінің қаншығын еміп аман қалған Хунь ханзадасынан тарайды" деген аңызды тудырды.
Бекжан 2017-06-17 03:46:47
Үйсүн Патшалығын билеген топ Хунь халқынан болған. Хунь дегені Құңр, қытайда Р дыбысы жоғынан жазбаға Хунь деп түскен. Дала халқы болғандықтан Қоңыр түсті болған, көрші Үйсүн мен Сақтар сол себептен оларды Құңр деп атаған. Р дыбысы жоқ қытай Хунь деп кеткен. Олардың Үйсүн Патшалығын билеген тобы әйелді тек өз отаны Құңр елінен алған, құңр қызынан туған бала ғана тақ мұрагері болған. Олар өздерін Құңрмын деп таныстырған қытай саяхатшысына, осы атауды қытайлар Хуньмо деп тарихқа енгізді. Қытай жазбалаоры Үйсүн Патшалығы халқын кейде Үйсүн кейде Юэчжи деп көрсетеді. Яғни Үйсүн мен Юэчжи бір халықтың екі түрлі атауы ғана. Қытайда О әрпін ЮЭ дыбысымен дыбыстайды және қытайлар бөтендердің ұзын атауларын өз қалауынша қысқартып атайды. Мысалы қытайлар Сақ атауын Си деп, Қазақ атауын Хаса деп қысқартып атаған. Өйткені толық айтса Сақ атауын олар Сахы деп, ал Қазақ атауын Хасахы деп атауына тура келер еді. Сондықтан қытайға Сақ орнына Си деу, Қазақ орнына Хаса деу ыңғайлы. Үйсүн Патшалығының негізгі өз халқы Ошақ деп аталған. Ошақ атауын қытайлар толық айтса Юэчжакы болар еді, алайда қытайлар оны қысқаша Юэчжи деп атаған. Сол Ошақ немесе Юэчжи халқыан сақталғаны кәзіргі Ошақты тайпасы. Ал Үйсүн Патшалығын билеген Құңр тобы кейін Ошақты тайпасының төрт руының бірі Қоңыр болып қалыптасты. Грек тарихшылары Юэчжи халқында Ата деген ру барын көрсеткен, ол Ошақты тайпасындағы кәзіргі Аталық руының өзі. Есіктен табылған Алтын адамның тостағында "аға саған ошақ" деген сөз бар. Алтын адам өмір сүрген ғасыр біздің дәуірге дейінгі 5ғасыр, Юэчжи халқының қытай жазбасында алғаш көрінген заманыда сол 5 ғасыр. Демек Сақ ханзадасына тостақ сыйлаған Ошақ халқының билеушісі, ол "аға саған ошақ" деген сөзімен өз дәрежесінің Сақ ханзадасынан жоғары екенін көрсетіп тұр. Ол заман Үйсүн елі немесе Ошақ халқы Құңр тобына бағына қоймаған заманы, өйткені Үйсүн елі немесе олардың аталары деп танылатын Жүнді елі тек біздің дәуіргке дейінгі 3 ғасырда қытайлардан жеңіліп екіге ыдырап кеткен деп танылады. Олардың үлкен тобы Юэчжи атауымен Орта Азияға келіп Парфия патшалығын орнатты, Тәжікстан аймағын жаулағандары Тохаристан мемлекетін орнатты. Алайда олардың Шыңжанда қалғандарын Құңр тобы билегенін көреміз, олай болса Жүнді немесе Юэчжи мемлекетін жойған қытайлар емес Құңр елі болуы мүмкін. Шыңжандағы Үйсүн мемлекетін билеген Құңр тобы Қытай Империясы ықпалына түсті, олардың бір тобы қытай қыздарынан туылғандықтан "қытайшыл" болып алды, ал екінші бөлігі Хунь империясына одақтастығын сақтап қалғысы келді. Ақыры қытайшыл тобы жеңіп, Хуньшыл тобы жеңіліп Орта Азияға кетті. Үйсүн Мемлекеті мен Қытай Империясының жақын одағы Ошақ немесе Юэчжи халқына Орта Азияны толық жаулап алуға көмектесті. Осылайша Парфия мемлекеті жойылып (тек Иран мен Кавказ аймағында сақталды) Орта Азияда алып Үйсүн Патшалығы орнады. Бұл патшалықты билегендер Қытай жиендері болғандықтан Қытай Империясына Ұлы Жібек сауда жолын ашуға мүмкіндік туды. Ресей Империясы Үйсүн Патшалығы болғанын жасыруға мүделі боролды, оны мойындаса үлкен тобы Үйсүндер болатын Қазақ халқының ертеден алып Империясы болған ежелгі ұлт екені ашылар еді. Ресей осы себептен Үйсүн атауы орнына Кушан атауын орнықтырды және Үйсүн мен Юэчжи екі бөлек халық дегізді.
Төре 2017-06-16 22:14:07
Атаңның басы өй-дөйт, Сұлтан атақты ешқандай указ-муказыңыздың арқасында берілмейді. Ол біздердің Шыңғысхан тұқымдарының Ата-Бабамыздан қалған жалғыз МҰРА! Осы атағымызды Біздер-Төрелер Тәуесіздігіміздің арқасында қайтадан қалпына келтірдік! Оны ешкімнеy сұрамаймыз. ... Ішіңіз күйсе ТҰЗ жалаңыз?
өй-дөйт 2017-06-16 21:21:45
Казактар (қара шекпенділер) мен, төрелерге атақ даңқты кім тағайындайды. Шота ағамыз бұрын сұлтан атағы болмап еді.Кімнің указымен сұлтан атанды. " жұлдыз" ауыруымен ауырмаймыз дейді де ,сөзімен ісі бөлек. Алғашында қазақ емеспіз,сондықтан руға бөлінбейміз деген,енді келіп қазақпыз дейді. Түсіну қиын.
Сұлтан, Аман Шота 2017-06-15 21:09:05
Жер бетінде Адам Атадан кейінгі соңғы Пайғамбар Мұхаммед (алейһиссаламнан) кейінгі Бір Алламыздың жаратқан ұлы пендесі, Ұлы хандардың ұлысы, екінші мыңжылдықтың адамы, біздердің ұлы бабамыз Хан Шыңғыс туралы пікірлер, сараптамалар, дау-дамай тоқтамай тұр, ол ешқашан тоқтамайды. Бұл заңдылық... Жаратқан Иеміз, Бір Алла құлың мені кешір? Менің айтпағым... Хан Шыңғыс туралы кейінгі кездері менің қазағымның ішіндегі айтыс – тартыс дау-дамай жайында... Біздерге ол тартыс түсінікті... Олай дейтін себебім, кімнің ондай адамның ұрпағы болғысы келмейді... Біздің, төрелердің арғы Бабасы Хан Шыңғысты қазақтың ана руына, немесе, мына руына теліп, ие болуға ұмтылу сіздергеде, біздергеде «жараса қоймас?» – бұл бір. Төре мен Қазақтың жаныда, тәніде бір! Төрелер өзінің Қазағын еш уақытта жүзге руға бөлген жоқ, бөлмейді, бөліп жүрген өздеріңіз. Сондықтан елді ала-құлаламайды, жік салмайды, жармайды, бәріне тең тілектес, елдің ауызбірлігін, ынтасын тілейді, осыған дәнекер ұйтқы ұйымдастырушы, біріктіруші, бүтіндеуші, қазы-төреші болуды өзінің қарызы, парызы, міндеті деп біледі, оған тарих куә. Төрелер, қазіргі кезде ең кедей топ болсада, тәуелсіз Тұлғалар болған, бола береді!...Бірақ өздерінің тектілігін сақтайды! Жас сұлтандарды өздерінің қатарластарынан оқ бойы алға болу үшін тәрбиелеуге ұмтылыуы қажет! Сонда ғана Төрелерге жол ашылмақ?! Білекті бірді – білімді мыңды жығады! Жер бетінде Адам атадан кейін өмір кешкен Ұлы Хандардың Ұлысы Күншуақ Баба Хан Шыңғыс айтқан деген сөз бар: "Ұрпақтарым! Мені 800 жылдан кейін еске аласыңдар!" Йя! Жаратқан Иеміз! Бір Алла! Осы айтылғанды құпияны біздерге нәсіп ете гөр? Әмин! Қазақ ішіндегі сүбелі рулардың бірі хан Шыңғыстың тікелей ұрпақтары, Төрелерден осы қалай болар екен, деп сұрадыңыздар ма? Сондықтан, біздер, Төрелер мына ұстанымды мәлімдейміз! Біздер Төрелер – хан Шыңғыстың тікелей ұрпақтары (ата-тегін білмейтін, дұбәрә, әйтеуір төре болсақ болды, деп жолдан қосылғандар емес), қазақтың ең сүбелі руларының бірі, өзіміздің – қазақтың қандайда болса руына кіруге, кіргізуге карсымыз! Біздер төрелер, қазақ халқының ішіндегі, бөлінбес бөлігі, ата-тегі хан Шыңғыстан басталған және тарап, дамыған, қаншама қадірін кетірмек болып іс-әрекет жасалғанымен. «ҚАСИЕТІН» кетіре алмаған Төре руы болғанбыз және болып қала береміз! Оны ешкімнен сұрауға міндетті емеспіз! Қазіргі күнде, сол төрелер біреуге жиен, біреуге нағашы, яғни қазақ төрелері, өзінің қазақ елінен ешқашанда бөлініп көрген жоқ, бөлінбейді, бөле алмайсыздар! Біздер, кейбіреулер тәрізді «жұлдыз» ауруына ұшырай қоймаған, ұшырамайтында өзіміздің қазағымыздың құлы да, ұлы да, сұлтанымыз! Ең алдымен біздер осы ұлы тұлға Хан Шыңғысты, түркі, оның ішінде қазақ екенін ғылыми жолмен дәлелдеп, оны бүкіл Қазақ даусыз мойындауы қажет! Тіптен, сонау, Қоңырат қызы Бөртеден туған Жошы ханнан бастап, қазірге дейінгі хан тұқымдарында қаны араласпаған қазақ бар ма?
Жемісбек 2017-06-15 15:45:25
Мәлік айтқан шежіреде Сайбек хан Тұранның ханы. Біздер сол ханның ұрпақтарынан тарасақ керек дейтін. Найманның түбі Сейрге тірелетіні рас. Өкіреш найман беріде болғаны анық. Оны М.Көпеев те айтып кеткен. Төлегетайдың ұлы Қытай бақадүрді болмады деу күпірлік. Ол ерлікпен 1376 жылы қаза тапқан. Қазақтың басына қиыншылық күн туғанда Әрімжанның әкесі Байжігіттерді бірге туысқан Жанжігіт еліне көшуге үгіттегенін Мәлік айтатын. Әрімжанның кітабында да солай. Арғы мен бергіні сапырылыстырғанда не береді. Төлегетайдың төрт немересінің бірі Қаракерей. Оны Жырқулар деу болмастық. Жалайырлардың атасы Шыңғыс хан тұсында Төлеңгіт болғандары рас. "Он бір ұрпағына шейін қызмет етсін" деп Қабыл хан заманында шешіп кеткен. Әр тарихтың өзіндік шындығы және бұрмасы болады. Оны қобыратып, білгіштенуден көрі саралағандығы абзалды болар еді. Байжігіттер Қаракерей. Төлегетай ұрпағы. Оны бықсыту жалалдық.
БАҒЫС 2017-06-15 14:42:34
ШЫМКЕНТТЕ, АРЫСТЫҢ БОЙЫНАН ТАПҚАН ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ МОЛАСЫ ҚАЙДА? КӨРІПКЕЛДЕР ҚАЙДА? ОТЫЗ СМ. ЖЕР ҚАЛДЫ ДЕП ЕДІ ӘЛІ ҚАЗЫП ЖАТЫР МА? ӨҢКЕЙ ӨТІРІКШӘЛЕРДІҢ БЕТ ПЕРДЕСІ ҚАШАН АШЫЛАДЫ? НАЗАРБАЕВ АҚША БЕРМЕЙДІ. ОЛ ЖЕРДЕ ЖОҚ ЕКЕНІІНЕ СЕНЕДІ. КӨРІПКЕЛДЕР! НАМЫСТАРЫҢ БОЛСА ДҮНИЕ ӨРТЕНІП, АҚЫРЗАМАН БОЛСА ДА ХАЛЫҚ АЛДЫНДА АҚТАЛУЛАРЫҢ КЕРЕК ЕМЕС ПЕ?

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 3186
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 8012