Дүйсенбі, 18 Желтоқсан 2017
Деп жатыр 2493 0 пікір 19 Маусым, 2017 сағат 01:30

Автокресло дауы қайта басталды

Алматыда жол-патрульдік полицейлері автокөлік салонында балаларды тасымалдау кезіндегі ереже бұзушылықты анықтауға бағытталған шаралар жүргізді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Осы шара аясында балаларды автокреслосыз тасымалдаған 100 жүргізушіге айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заң талаптарына сәйкес, көлік құралының жүргізушісіне 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін, көлікте көзделген өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларды арнаулы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады.

Осыған орай, ҚР «Жол қозғалысы туралы» Заңының 54-бабының 37-тармағына сәйкес жол-патрульдік полициясының саптық бөлімшелерімен ЖҚЕ бұзушылықтарды анықтау, соның ішінде балалардың арнайы ұстау құрылғысы бойынша (креслолар, бустерлер және т.б.) жұмыстар күшейтілді.

Сондай-ақ, мақсатқа бағытталған шара аясында 7 мың 162 ЖҚЕ-сін өрескел бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- көлік құралын мемлекеттік нөмірсіз басқарғаны үшін – 35;
- қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткені үшін – 31;
- мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін – 23;
- апатты жағдай жасағаны үшін – 138;
- көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін – 681;
- қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін – 689;
- жаяу жүргіншілер қозғалысына басымдық бермеу – 86;
- жол қиылыстарынан өту ережесін бұзу – 117;
- басып озу, маневр жасау – 969;
- бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүру – 90;
- терезені қараңғылау – 121;
- жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ бұзуы – 601.

Гүлнар Жаманқұлова

Abai.kz

0 пікір