Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Қазақтың тілі 4567 0 пікір 19 Маусым, 2017 сағат 12:31

«Мемлекеттік тіл және БАҚ»: байқау мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды

 Елордамызда өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ауданында бой көтерген «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде  16 маусымда «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық конкурстың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі болды. Естеріңізге сала кетейік, бұл конкурсты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің                 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында алад келе жатқан Журналистер күніне орай ұйымдастырған еді.

Іс-шара  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Серікқазыұлының құттықтау сөзімен ашылды.

Журналистер күніне орай ұйымдастырылған іс-шара «Мемлекеттік тіл және БАҚ» конкурсының жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты.

Республикалық конкурсқа еліміздің өңірлерінен 100-ден аса материал келіп түсті. Конкурсқа мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту және оның қазіргі ахуалы туралы өзекті материалдар жариялаған журналистер қатысты.

Конкурста 2016 жылғы 10 маусым мен 2017 жылғы 5 маусым аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдар, эфирден өткен хабарлар қамтылды.

Конкурстың ережесіне сәйкес келіп түскен материалдар «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша 4 бағытта бағаланды.

Конкурсқа келіп түскен материалдарды елімізге белгілі қаламгер, журналистерден құрылған арнайы қазылар алқасы сараптап, жеңімпаздарды анықтады.

Конкурс қорытындысы бойынша Бас жүлдені Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының редакторы Әбітаева Меруерт Мұратбекқызы иеленді. «Үздік мақала» номинациясы бойынша 1-орынды «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Рахманова Гүлжан Оралбайқызы, 2-орынды «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы Омарханов Ғалым Орынбасарұлы,
3-орынды Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Нұржайна Шодыр жеңіп алса, «Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша
1-орынды «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті ақпарат және спорт бөлімінің редакторы  Байдәулет  Қаншайым Мәуленқызы, 2-орынды «Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметінің жетекші сарапшысы Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы, 3-орынды «Үркер.кз» сайтының тілшісі Нұрлан Құмар Бақдәулетұлы иеленді.

Сондай-ақ «Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша
1-орынды «Қазақстан-Шымкент» телеарна журналисі Байтасов Төребек Төрекелдіұлы, 2-орынды «Қазақстан-Атырау» телеарна журналисі Сисеналиева

Шолпан Абатовна, 3-орынды «Хабар» агенттігі кешкі жаңалықтар қызметінің тілшісі Жылқайдарова Индира Орынбайқызы жеңіп алса, «Үздік радиобағдарлама» номинациясы бойынша «Халық» радиосы тілшісі Сыбанжанова Раушан Сейітханқызы, 2-орынды «Қазақ» радиосы тілшісі Жанұзақов Жанат Жүсіпұлы, 3-орынды «Халық» радиосы тілшісі Қобжанова Гүлсім Сағатқызы иеленді.

Барлық жеңімпаздарға дипломдармен қатар ақшалай сыйлықтар берілді. Марапаттау соңы "Этноауыл" кешеніндегі концертпен жалғасты,

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3515