Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 5131 1 пікір 21 Маусым, 2017 сағат 14:18

"Тауықтар" қыт-қыттап жарнама жасайды

Қысты күні "Бақтыбай Жүнісов деген кім?", "Не бітіріпті?", "Бай болса неге халыққа көмектеспейді?" деген əңгіме айтылған-ды. Расымен де ол кісіні көп адам білмейтін болып шықты. Еріксіз "Риясыз қазақ" деген мақала жазғанбыз Abai.kz. ке. Ол кісі жасаған жақсылығын жарнамаламайтын-дүр. Ешкімге бəлсінбейтін-дүр.

Кейбір азаматтар балаға бес жүз теңге ұстатса қайсыбір басылымдар бебеулеп кететін. Сонда бұл қалай дейтінбіз. Сөйтсек, кей адамдар жарнама отын көсеп, қоздырады екен де, біздің кейіпкер үнсіз қалады екен. Баяғыда бір бизнесмен сұхбаттасушысынан "қаздың жұмыртқасынан қарағанда тауықтың жұмыртқасы неге жақсы өтеді білесің бе?" деп сұрапты да, өзі: "Былай қарасаң қаздың жұмыртқасы əлдеқайда үлкен. Тауықтікі кіші. Бірақ қаз жұмыртқа тапқан соң үнсіз қалады да, тауық қыт-қыттап жарнама жасайды" деп жауап беріпті. Сол секілді жақсылық жасаған соң қыт-қыттайтын пиярщиктерді ел біледі де, Бақтыбай Жүнісов секілді риясыз қазақтарды ел жыға танымайды.

Бұл постты жазып отырған себебім, осыдан біраз бұрын Қаз дауысты Қазыбек бабамыздың 350 жылдық мерейтойына ең бірінші болып Бақтыбай ағам 5 млн аударған болатын. Бүгін ат бəйгесіне 50 мың доллардың джип автокөлігін тігетінін естіп, ағаммен мақтанып марқайып отырмын. "Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" дегенге сүйеніп, сүйіншілеп отырған хəл біздікі. Жасасын Риясыз Қазақтар!

Жанат Жаңқашұлы

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530